Мен саған есірткі жайлы айтып беремін

Адамның өміріндегі ең қымбат құндылық ол — денсаулық деп ойлаймын. Қазіргі таңда сол денсаулыққа кері әсер беретін зиянды әрекеттер көбеюде. Атап айтатын болсам: ішімдік ішу, шылым шегу, нашақорлық. Мен үшін нашақорлықтан асқан зиянды әрекет болмас дер едім. Нақтырақ айта кетсем нашақорлық — ол адам ағзасын өте тез уландыратын, аса қауіпті психикалық дерт. Оны көбіне қоғамда жастар қолданады. Әрине, олар басында еріккеннен, ермек үшін есірткі, гашиш шеге бастайды екен. Алғашында адамды біршама уақытқа дейін көңілдендіреді. Бірақта кейіннен миды зеңгітіп, психикаға әсер ете бастайды. Есірткіні адам бір қолданса ары қарай тәуелді болады. Бір қабылдап көрсем деп тұтынса, келесі күні ағза іздей бастайды. Есірткі заттарды ішуге әбден дағдыланған аурулар оларды 12-18 сағаттан кейін тағы қабылдамаса болмайды. Өйтпеген жағдайда есінейді,денесі құрысып-тырысып, көздерінен жас ағып, тамақ ішсе құсады, тәбеті ашылмайды. Сырқат адам ашушаң болып, ызақорлық көрсетеді. Психапаттың көріністер, өзін-өзі жарақаттау, тіпті кейде өзіне қолданып жүрген емдеу тәсілдеріне қарсы мінез көрсетеді. Ақырын ғана шыққан дыбыс нашақорға тау құлап жатқандай болып естіледі. Адамның ойлау қабілеті нашарлап, бос сандырақтайды, бос күлетін болады. Содан соң оны ұйқы басады. Нашақордың есіл-дерті қайдан да болса да, есірткі заттарды тауып ішуде болады. Ең қатерлісі — нашақор есірткіге ақша табу үшін кісі тонаудан бастап, тіпті жақын адамын тонаудан да тайынбайды. Мейілінше зиянды әрекеттерден аулақ болу қажет. Дені сау адам бақытты өмір кешеді деп ойлаймын. Ал зиянды әрекет сол өмірді қысқартады. Сіз салауатты өмір сүресіз немесе нашаның құрбаны боласыз. Таңдау өз еркіңізде!

#УПНДПКЗО

Дилназ Уалиева,

№59 орта мектебінің   9 «А» сынып оқушысы

Қызылорда облысы, Арал ауданы, Қарақұм ауылы

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *