Мен саған есірткі жайлы айтып беремін

Өксікбай Ақзер
Қызылорда қаласы, №268 мектеп-лицейінің 6-сынып оқушысы

Мен саған есірткі жайлы айтып беремін
Кез келген адамның өмірдегі ең құнды байлығы-денсаулығы. Дана халқымыз: «Дені саудың-жаны сау» деп бекерге айтпаса керек-ті. Денсаулық- адамға берілген аманат. Оны күту, денені шынықтырып, салауатты өмір салтын ұстанып, ағзаны зиянды заттардан аулақ ету – әр адамның өз қолында. Дегенмен, бүгінде қоғамда кеңінен белең алып отырған қоғам дерті, дәлірек айтсақ, қоғамда тамырын тереңге жайған кеселдің бірі – есірткіге құмарлық, яки нашақорлық. Ендеше, жас достар, мен сендерге бүгін есірткінің зияны мен қоғамға төндірер қаупі туралы айтып беремін. Маған құлақ салыңдар. Сонымен бірге дені сау тұлға болып қалыптасу үшін қажетті кеңестеріммен де бөлісемін. Назар салыңдар.
Осы бір аты жаман затқа құмар болудың нәтижесінде қаншама адам өз өміріне балта шауып, денсаулығына зиян келтірсе, одан да жаманы нашақорлықтың кесірінен көптеген отбасы ойран болып, оның соңы қылмыспен аяқталуда. Иә, нашақорлық – ғасыр дерті.
Менің білуімше, есірткінің 72 түрі бар.
Олар:кокаин,героин,конопля,ханка,мак,гашиш т.б. Осының ішінде жастардың ең көп қолданатыны-анаша. Негізі есірткіні б.з.б.3 мың жыл бұрын Шень-нун емшісі ойлап тапқан деседі. Бірақ, емші оны жамандық жасау үшін емес, халықты емдеу мақсатында ойлап тапқан. Деректерге сүйенсек, ең алғаш есірткіге тәуелді болған адам перғауын қызы дейді. Нашақорлық жазылмас дерттің бір түрі болып саналады. Есірткіге құмар болған адам есірткі көрсе, бас салады яки оған тәуелді болады, бара-бара есірткінің құлына айналады. Сол себепті есірткіні пайдаланар алдында ойлану керек. Ең сорақысы, бүгінде есірткі пайдаланушылар ішінде жастар мен жасөспірімдер көптеп кездеседі. Жастардың есірткіге әестенуінің басты себебі-білместіктен басталады.Әлі оң-солын толық танып үлгермеген жасөспірімдер кез келген нәрсеге еліктегіш, сенгіш болып келеді. Сол себепті, есірткінің адам ағзасы мен денсаулығына тигізетін зиянының орасан зор екенін білгеніміз абзал. Есірткі адамның бауыры мен жүрегін аса қатты зақымдайды. Оны пайдаланудың соңы мүгедектікке дейін апарады. Бүгінде есірткі айналымына біздің елімізде қатаң тыйым салынған. Есірткіні тасымалдаушылар мен оны табыс көзіне айналдырушы яғни қоғамға қауіп төндіруші тұлғалар заңмен жазаланады. Есірткімен күресу адамзат ұрпағының басты көкейкесті мәселесі болып отыр. Осы мақсатта біздің мектебімізде де есірткінің зияны туралы және оның алдын алу мақсатында «Есірткіге жол жоқ», «Мен есірткісіз өмірді қалаймын», «Денсаулық-зор байлық» сынды түрлі тақырыптарда мектепішілік іс шаралар болып тұрады. Сонымен қатар, мектеп психологтары бірнеше сауалнамалар да алып отырады. Мақсаты, оқушыларды мектеп жасынан бастап есірткі, шылым, спиртті ішімдіктер сынды зиянды заттардан бойларын алшақ ұстауды үйрету, спортпен шұғылдануға баулып, салауатты өмір салтын ұстануға үйрету.
Достар, есірткінің зияны төңірегінде біраз ақпарат алдық. Ендеше, мен сендерге мынадай кеңестер айтқым келеді. Денің сау болсын десең, дұрыс тамақтана отырып, ағзаны зиянды заттардан сақтайық, денсаулығымыздың дұрыс болуы өз қолымызда. Денің сау болса, болашағың да жарқын болмақ.Эссемді мына өлең жолдарымен қорытындылаймын.
Денсаулықты сақта, түзу өсесің
Күнәдан пәк жәннат өмір кешесің
Көрген күнің қараңғы ғой дерт шалса
Харамменен тәніңді улап не етесің?
Жаман әдет көп шектірер қасірет
Сақта өзіңді, жақсылыққа жетесің.

#УПНДПКЗО

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *