«Мен саған есірткі жайлы айтып беремін»

Мен саған есірткі жайлы айтып беремін

Мен саған бұл заттың қауіпті екені туралы толық айтамын.Менің сөздерімнен кейін сенде басқа адамдардың оны қолданбауына себепші боларсың.
Есірткі — қазіргі заманда кеңінен таралған ауру десекте болады.Ол зат адамның сана сезімін улап алады.Ол адам талғамайды мейлі сен кәрі бол,жас бол ол өзіне тәуелді қылып алады.Адам өзі оған қалай тәуелді болғанын білмей қалады.Есірткі әсіресе жастардың өміріне зиян келтіреді.Есірткінің адам ағзасына қалай әсер етеді.Адам организіміне түсетін көп түрлі есірткі қан арқылы барлық дене мүшеге әсер етеді. Осының әсерінен адамда түрлі аурулар пайда болады. Есірткіні алғаш қолданған адамды әлсіздік басып,басы ауырады.Сирек қолданатындардың іші өтеді,асқазаны ауырып,тамаққа тәбеті болмайды.Адам денесі жұқпалы аурулармен жиі ауырады.Есірткіні көп қолданатын адамның миы оған үйреніп кетеді.Адам өзі оны қайта-қайта қолданғысы келе беретіндей халге жетеді.Міне,бұл аданың өзін-өзі басқара алмауы.Өзінің өмірін өзі құртқаны.
Қазіргі уақытта біздің елімізде емес басқа елдерде бұл зиянды затты қолдануда.Ал оны қолдануға қарсы адамдар одан құтылудың амалдарын қарастырып жатыр.
Сондақтан кеш болмай тұрғанда ойланып әрекет етейік.Әр адам өмірге жақсы өмір сүру үшін келеді.Сол азғана уақытта өмірімізді жақсы өткізейік.Зиянды әрекеттерден,есірткі,ішімдіктен аулақ болайық.Бойымызды лас әрекеттерден аулақ ұстайық.Есесіне бос уақытымызды пайдалы істермен өткізейік.Өз өмірімізге өзіміз зиян келтірмейік.Өзіміздік басқара алатын дәрежеде болайық.Өзіне ұстай алатын адам өзін зиянды әдеттерден бойын аулақ ұстай алады.Және де есірткіні көп қолданған адам түрлі қылмыстық әрекеттерге барады:құмарлық,ұрлық,адам өлтіру,өз өзіне қол жұмсау және т.б.Сондықтан болашақ ұрпақ бізден үлгі алатындай болумыз керек.Олар бізге қарап өседі.Біз елді көркейтуге атсалыссақ ертеңгі күні оларда біздің ісімізді істейді.Өмірді жақсарту,қоғамды түзету,салауатты өмірді нығайту бізден басталады.

#УПНДПКЗО

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *