Қазақ тілінен 7 сынып оқылым тапсырмасы

 

 «Өнертапқыштар» деп кімдерді айтамыз?

 

«Өнертапқыш» деп – ғылыммен айналысқан, ғылыми ізденіс жасаған, тың ойлар мен түрлі жобаларды іске асырған адамдарды айтамыз. Олар айналысындағы басқа адамдардан өзінің ұтқырлғымен  ерекшеленеді.

Біздің елде де өз жобаларын ұсынып жатқан өнертапқыштар аз емес. Қазіргі кезде Қазақстанда жас өнертапқыштардың саны көбейіп келеді.

Бауыржан Тінәлиев ауылшаруашылық саласына жаңа  технологияны енгізді. Көкөніс пен жеміс – жидекті жуып, ұнтақтап, кептіріп және ұзақ уақыт сақтауға арналған кешенді қондырғы жасап шығарады.

20 жасар Мақсат Кәдірхан деген өнертапқыш электронды киіз үй ойлап тапқан.  Электронды киіз үйдің ерекшелігі – күннен қуат алатындығы.

Дұрыс жауабын табыңыз.

1.«Өнертапқыш»  кім?

А) ғылыми ізденіс  жасаған адам

В)ғылыми құрылысшы  адам

С)ғылыми суретші адам                       [1]

 

  1. Сөйлемді толықтыр: Қазақстанда жас өнертапқыштардың саны …..

А)азайып келеді.

В)көбейіп келеді

С) еш өзгеріссіз   [1]

 

  1. Ауылшаруашылық саласына жаңа технологияны енгізген кім?

А)Абзал Қадырбаев

В)Бауыржан Тінәлиев

С)Мақсат Кәдірхан        [1]

 

4.Мақсат Кәдірхан не ойлап тапты?

А)электронды кітап ойлап тапты

В) электронды қалам ойлап тапты

С)электронды киіз үй ойлап тапты     [1]

 

5.Электронды киіз үй ерекшелігі?

А)желден қуат алады

В)күннен қуат алады

С)судан қуат алады               [1]

 

 

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.