Мен саған есірткі жайлы айтып беремін

Мен саған есірткі жайлы айтып беремін. Қазіргі таңда есірткіге тәуелділік, нашақорлық тиылмай тұр. Көбінде жастар мен жасөспірімдердің есірткіге тәуелділігі қоғамдағы өзекті мәселелердің бірі. Есірткі негізінен, ауруды сезуді басады. Және кейбір елдерде оны жөтел ауруларымен, ұмытшақтықты емдеуге ұсынған. Оның салдары тәуелділікке алып келген.
Тамыры тереңге жайылған нашақорлық дерті Қазақ жастарын шарпыды. Яғни, есірткіні қолданушылардың көбі- жасөспірімдермен, мектеп жасындағы оқушылар. Неге? Себебі, жасөспірімдер айналасындағыларға еліктеп өседі. Тек бір-ақ рет пайдалансам, ешнәрсе өзгермейді-ғой деген оймен, қалай тәуелді болғанын аңғармай да қалады. Міне осыдан есірткіге әуес болады.
Есірткі ағымдарының көздегені- елді ұлттық санасынан айыру. Есірткі ықпалымен, мемлекет ішінде біраз құқық бұзушылықтар болуы мүмкін. Мысалы: адам өлтіру, суицид, зорлық-зомбылық іспеттес жағдайлар орын алады.
Қазір көптеген елдерде есірткі айналымына шектеу қойылған. Қазақсанда медициналық бағытта пайдалануға тиым салынған есірткі заттарының атаулары: кокаин, анаша, апиын, каннибас, гашиш.
Мектебімізде есірткіге қарсы үнемі шаралар, педогог-психологтар сауалнамалар жүргізеді. Оқушылар арасында нашақорлыққа қарсы байқаулар, көптеген спорттық жарыстар баланың денсаулығына, сана-сезіміне жақсы ықпал береді.
Мектебіміздің оқушыларының басым көпшілігі спорт секцияларына қатысады. Аудандық, облыстық жарыстардан жүлделі орынмен келген, салауатты өмір салтын ұстанатын оқушылар көп. Спорт пен айналысқан адам есірткі, темекі сынды зиянды әрекеттерден аулақ болады деп нақты айта аламын.
Есірткіге қарсы шығу, онымен күресу адамзаттың қазіргі бірден бір мақсаты. Нақты кезеңде, зиянды әрекеттерден алшақ болып, салауатты өмір салтын сақтау біздің басты міндетіміз. Елбасымыз айтқандай «Халықтың денсаулығы- ел дамуының аса маңызды тұтқасы, болашағымыздың кепілі» нақ осы сөздерді жадымызға сақтай алсақ, еліміз нашақорлықты жеңе алады. Есірткіден алшақ болып, денсаулығымызды аялайық!
#есірткігеқарсы #противнаркотиков

З. Жарқынбаев атындағы орта мектептің 9 сынып оқушысы Исламбекқызы Гүлім

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *