Мен саған есірткі жайлы айтып беремін

Эссе

Мен саған есірткі жайлы айтып беремін

   Өмір — табиғатпен берілген ең қымбат дүние. Адамның ұзақ, мәнді өмір сүруінің негізі — оның денсаулығы. Денсаулық адам өміріндегі ең басты қажеттілік және адамның құнды, қасиетті де, орны толмас қазынасы. Қазіргі кезде бүкіл әлемді толғандырып отырған мәселелердің бірі — адам денсаулығы. Адам денсаулығына қауіп төндіретін жағдайлардың ішінде нашақорлық, яғни есірткіге тәуелділік.

Есірткі — бұл адамның көңіл күйін, сана-сезімін, мінез-құлқын бұзатын қауіпті, тыйым салынған химиялық зат. Ол адамның есін ауыстырып, құмарлық жетегіне ұшыратады. Есірткісіз өмір сүре алмайтын адамды нашақор деп айтады. Сана-сезімі уланған адамның мінезі өзгереді. Бұрын момын, тұйық, өтірік айтпайтын адам өзгеріп өтірік айтқыш, қылмысқа бейім тұрады. Есірткі қолданудың негізгі себептері мыналар: қызығушылық, білімсіздік, әуестік, сәнге еліктеу.

Бұл індетке көбінесе жас жеткіншектер ұрынады. Олар талшыбық сияқты иілгіш, жел қайда соқса сол жаққа қарай бейімделеді. Балалар мен жастар жанұядан, мектептен және достарынан әсер алады. Сол себепті ата-ана дұрыс жолға бағыттап, араласатын достарына басты назар аударып отыру керек.

Салауатты өмір салтын ұстану өз болашағымызды алға қарай жетелеудің басты құралы екендігін мойындап, өз бетімізше білім алу арқылы сананы соған бағыттауымыз керек. Себебі, еліміздің күш-қуатының артып, халқымыздың әл-қуатының жақсаруы үшін оған дені сау, саналы, білімді, ұрпақ қажет. Сол себепті қатарлас достарыма есірткінің зиянды зат екендігін ескерте келе, салауатты өмір салтын ұстанайық дегім келеді!

 

#УПНДПКЗО

Ақмаржан Ыхласова,

№59 орта мектебінің   9 “А” сынып оқушысы

Қызылорда облысы, Арал ауданы, Қарақұм ауылы

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *