Мен саған есірткі жайлы айтып беремін

Бірінші байлық денсаулық демекші, әр адам баласы үшін денсаулық бірінші орында.Дегенменде, қазіргі кезде денсаулыққа тым немқұрайлы қараудамыз.Оған себеп қоғам дерті ретінде етек жайып бара жатқан нашақорлық.Қаншама адамдардың нашақорлық жолына түсуі күн санап көбеймесе,азайды дей алмаймыз.Үлкеніміз де, кішіміз де неше түрлі заңсыз жолдармен тасымалдап, сатып, не болмаса өзіміз қолданыпта жатамыз.

Есірткіні алғаш қабылдаған күннен-ақ адам ағзасына тигізер зияны өте көп.Бір қолданғаннан-ақ оған деген тәуелділігіміз күн санап арта бастайды.Міне, осылай біз өз-өзімізді жаман жолға түсіріп, болашағымызды құртудамыз.

Бұл дертпен күресті бастағанымызға бірнеше жылдардан ассақ та, әлі күнге дейін шешімін таба емеспіз.Керісінше нашақорлық жолға түсу арта түсуде.Тіпті бұл дерт Қазақстанда ғана емес, өзге де шет мемлекеттерде де азаймай жатқандығын барлығымыз білетінде шығармыз.Қоғам дертіне айналып, өз жолын тапқан бұл дертте кең етек жаюда.Есірткіні заңсыз сатып алу да, оны қолдану да, заңға қайшы екендігі бәрімізге мәлім.

Енді қорытындылай келе түйгеніміз әр адам баласы өз болашағына балта қадамай, керісінше алдыға қарай жылжуды мақсат ете білген жөн.Керісінше бұл дертпен күресуге сенде кішкене болса, өз үлесіңді қосқан абзалырақ болар еді.Салтанатты, салауатты өмір салтын ұстанып, болашағыңды жарқын сәттерге толтыруды көзде.

Денсаулық-баға жетпейтін жалғыз ғана асыл дүние.Денсаулығымызды қорғау мен сақтау тек біздің қолымызда.Денсаулық қолдан жасалп алынатын дүние болмағандықтан, әрбіріміз оның қадірін білгенміз абзал.Джон Рей айтып кетпекші «Денсаулық-байлықтан қымбат» екендігін ұмытпайық!

#УПНДПКЗО

Сұлтанаев Дәулет

59 орта мектебінің 9 а сынып оқушысы

Қызылорда обылысы, Арал ауданы, Қарақұм ауылы

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *