Мен неге Абайды оқимын?

500 жылдық тарихын түп тамырымен сақтаған,осы күнге дейін дәстүрін дәріптеген қалың елім қазағым, деп жырлаған Абай атамыздың еңбегін оқымаған тұлға жоқ шығар.Әлемнің түкпір түкпірінде аты әлемге әйгілі болған Абай Құнанбайұлы бізге өшпес із қалдырғаны мәлім.Әлемде әйгілі ақын,жазушылар көп болғанымен бұл тұлғаның өзіндік орны бар.Осы орайда мен неге Абайды оқимын деген ой туындайды.Ең алдымен Абайдың бірден бір ерекшелігін айта кетейік,ол оның терең мағынамен жазылған 45 қара сөздері.Қара сөздерін оқи отыра үлкен тәлім-тәрбие алуға болады және оқырман өмірден өз орнын таба алады.

Екіншіден,Абай атамыздың өлеңдері.Өлеңдері арқылы біз отанға,ата-анаға,бауырға,досыңа тіпті жарыңа деген сүйіспеншілігінді жеткізге аласың. Абай Құнанбайұлы ислам дінін де философиялық өлеңдері арқылы дәріптеген.

Үшіншіден,өз әдебиетімді танып білу үшін.Себебі,біз білмейтін қазақ әдебиетінің түрлі сырлары бар.

Төртіншіден,әлемді басқа қырынан танып білу үшін.Өйткені,Абай ел қатарлы ойламаған,ол кісінің ойы да,пікірі де өзгеше болған.Әлемді басқа көзбен көрген.Сол себептен де, Абайды оқи отыра әлемді де танимыз.Бесіншіден, қазақтың ұлы ақынын насихаттау үшін.Әрине бойында әр түрлі қасиет дарыған бұл тұлғаны және шығармаларын үлкен мақтанышпен насихаттау бүгінгі жастардың борышы.
Тоқсан сөздің тобықтай түйініне келетін болсақ, Абай атамызды оқу үшін себеп аз емес.Осындай ұлы тұлғалардың ұрпағы болғанымыз үшін мақтан тұтып,ізін жалғастыруымыз шарт деп білемін.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *