Мен лицейде қалай шыңдалдым ?

Ия, әр адам бойында ұстаздық қабілет бола бермейді. Әр тұлға осы ұстаздық жолды таңдауда аса сабылықты, жауапкершілікті, тыңғылықты дайындықты, қабілетті, шығармашылықты талап ететін мамандықтардың бірі. Адам баласының жүрегінде қадір тұтып, құрметтейтін екі ұғым болса соның бірі Ұстаз.  Алғаш әріп танытып, өмірдің қыр-сырын үйретіп, сан қилы құбылыстарды меңгертіп, өзіндік тұлға ретінде қалыптасуына үлес қосатын аса қадірлі тұлға ол — ұстаздық.

Шынайы ұстаз болу үшінде мамандыққа деген махаббат аса маңызды рөл атқарады. Шын ұстаз- ұстаз болуды балалық шағынан армандайды. Қиындығымен қызығы бірге жүретін сынау мамандықтың шынайы иесі болу үшін көп қиындықтардан өтеді.

Қиындықпен, қызығы толы шақты, 2020 жылы О.Бөкей атындағы №44 лицейінен өткердім. Алғаш оқуды аяқтап. Ұстаздық жолға алғаш қадам басқан, маған ұстаздық жолды толыққанды үйреткен, бұл қазір жұмыс істеп жүрген мектебім О.Бөкей атындағы №44 лицейі.

Әрине алғаш келген жылы жас маман үшін қиындық пен қызығына толы жыл болады. Оқушылар мен мұғалімнің атқаратын қызметтерімен танысып өз-өзімізді сол жолға қарай бейімдедік. Осынау қиын жолда мені мықты ұстаздардың қатарына бейімдеп келе жатыр.

Лицей өмірінің әр сәтінен өзімізге практика жинаймыз. Жас мамандарға арналған сайысқа қатысып өз білімімізді шыңдаймыз.

Алғаш сабақ берген жылы қобалжу, қорқу деген сияқты сезімдерді бастан өткіземіз. Осы жолда лицейіміз жас мамандардың әр біріне, бағыт, бағдар беретін жетекшілерді бекітіп береді. Білмейтін жерімізді, қиындықтар туындағанда сол жетекшімізбен байланысқа шығып, өзімізге практика жыйнадық.

Міне лицейде жұмыс істеп жүргеніме 2 жылдай уақыт болыпты. Осы уақыт аралығында өзіме көп тәжірибе жинақтадым. Нағыз ұстаздық жолға бейімделіп, ұстаз деген атқа лайық болуға барынша ұмтылып, жұмыс жасап келемін.  Лицейміздің осы ұстаздық жолда менің шыңдалуыма қосқан үлесі аса зор. Сөзімді қорытындылай келе жас ұрпақтың білім шыңына жетіп, өздерін тұлға ретінде қалыптастырып, жақсы, тәрбиелі, қоғамға үлес қосатын тұлғаларды дайындау біздің қолымызда. Сол үшін белсене жұмыс жасап, адал еңбек етіп, нағыз қазақтың жастарын білімді етіп шығаруға үлес қосайық. Біздің оқушыларымыз, біздің болашағымыз !

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *