Фаст-фуд-тұтынушылар қалаған тағам

Сабақтың тақырыбы: Фаст-фуд-тұтынушылар қалаған тағам
Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: 8 бөлім Дұрыс тамақтану. Гендік өзгеріске ұшыраған тағамдар.
Мектебі: «М.Жұмабаев атындағы №19 орта мектеп-гимназиясы МДШО» КММ
Мұғалімнің аты-жөні: Төлеубек Анар Толеуханқызы
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары
7.ТА3. Тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсіну, ұсынылған ақпарат бойынша факті мен көзқарасты ажырата білу;
7.О7. Ғаламтор, энциклопедия, газет-журналдар, оқулықтардан алынған деректерді қолдану, авторына сілтеме жасау
Сабақтың мақсаты:
Барлық оқушылар орындай алады: Тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсінеді.
Оқушылардың көпшілігі орындай алады: Ұсынылған ақпарат бойынша факті мен көзқарасты ажыратып, салыстырады.
Кейбір оқушылар орындай алады: Ғаламтор, энциклопедия, газет-журналдар, оқулықтардан алынған деректерді пайдаланып, авторына сілтеме жасайды.
Бағалау критерийі Тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсініп, факті мен көзқарасты ажыратады. Авторға сілтеме жасайды.
Тілдік мақсаттар Фастфуд,шаурма,хот-дог,бургер,пицца,чипсы, консервант, май, дәрумен; Құндылықтарға баулу«Мәңгілік Ел» патриотизм және азаматтық жауапкершілікті, ашықтық пен ынтымақтастықты қалыптастыру.
Пәнаралық байланыс Биология, химия
Тақырып бойынша алдыңғы білім Фаст-фудтың түрлерін біледі.
Сабақ барысы.
Сабақтың кезеңдері Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері.
Ресурстар: фаст-фуд жайлы видео ролик. «Таңғажайып алаң» әдісі. Барабан. «Пирамида» әдісі, төрт бұрышты сары, қызыл, жасыл қағаз қиындылары, кластер.Ғаламтор, энциклопедия, газет-журналдар, оқулықтар. «Алма ағашы» әдісі. Торлы диаграмма

Сабақтың басы
І. Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу. Оқушыларды түгендеу, үй тапсырмасын сұрау.
Топқа бөлу Оқушыларға теріс қойылған 3 түрлі «Fast food» суреттері ұсынылады:
1-топ Гамбургер
2-топ Пицца
3-топ Чипсы Түрлеріне қарай 3 топқа бөлініп отырады.
ІІ. Қызығушылықты ояту Денсаулық,ас жайлы мақал-мәтелдерді бастаймын,оқушылар әрі қарай жалғасын табады. Ой қозғау, мақал-мәтел мағынасын ашу.
1. Сау денеде-
2. Денсаулық пен бақыт бөлек…
3. Ас-адамның…
4. Ауру-астан,Дау-қ…
5. Ас тұраған жерде ауру…
Сабақтың мақсатымен таныстыру.
Тақырып анықталған соң, оқу мақсаттары, сабақ мақсаттары мен бағалау критерийлері таныстырылады.
Сабақтың ортасы Тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсіну
5 минуттық фаст-фуд жайлы ролик көрсетемін.
1 — тапсырма
Тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсіндіру үшін, 3 топтың бір-бір мүшесіне «Таңғажайып алаң» әдісі арқылы сұрақтар беріледі.
«Таңғажайып алаңы» әдісі: барабанды оқушы айналдырады, жолақ 1,2,3 немесе басқа санды көрсетсе, мұғалім алдын ала дайындалған санға сай сұрақтарды оқиды.
Топ мүшелері кезектесіп, өздеріне түскен сұрақтарға жауап береді.
1-топ Гамбургер
2-топ Пицца
3-топ Чипсы
Дескриптор
1. Тыңдалған мәтіндегі ақпаратты түсіну;
2. Сұрақтарға жауап беру.

ҚБ Үш топ бір-бірін қызыл, сары, жасыл түсті төрт бұрышты қағаз қиындыларымен бағалайды.
Қызыл- нашар
Сары-жақсы
Жасыл- өте жақсы
2-тапсырма
Топпен жұмыс. «Кім шапшаң?» әдісі Оқушыларға кластер таратылады. Ұсынылған ақпарат бойынша, факті мен көзқарасты салыстыра отырып жазады.
Факт Көзқарас

Дескриптор
1. Ұсынылған ақпарат бойынша факті мен көзқарасты табады;
2. Факті мен көзқарасты салыстырып, ажыратады.
ҚБ «Пирамида» әдісі
Әр оқушы өзін-өзі үш баллдық жүйемен бағалайды. 1-нашар, 2- жақсы, 3- өте жақсы. Түсіндіреді.

Сергіту сәті «Ең зейінді» Оқушылар бірінің артына бірі сапқа тұрады. Басында тұрған оқушы артына қарап оқушылардың тұру ретімен есте сақтайды да, дауыстап аттарын айтып шығады. Қателескен жерінен тоқтатылады да, соңына барып тұрады. Келесі оқушы да дәл осылай айтып шығады. Арасында оқушылар орындарын ауыстырып отырады. Кім сыныпты түгел жаңылыспай тұрған орындарының ретімен айтып шықса, сол «ең зейінді оқушы» атын иеленеді.
3-тапсырма
«Торлы диаграммасы» әдісі арқылы орындалады.
«Фаст-фудтың құрамы» тақырыбында ғаламтор, энциклопедия, газет-журналдар, оқулықтардан алынған деректерді қолданып, торлы диаграмманы толтырады. Авторына сілтеме жасайды.
Дескриптор:
1. Фаст-фудтың құрамы жайлы деректер табады;
2. Қолданған ақпараттың авторына сілтеме жасайды

Бекіту
«Шығу билеті» сұрақтары арқылы сабақты бекіту.
1. Шөл басу үшін емес, қайта шөлдетіп, қайта-қайта ішуге мәжбүрлейтін құтыдағы сусындар
2. Диетолог-дәрігерлердің айтуынша семіздікке апаратын «қауіпті» тағамдар?
3. «Fast food» деген сөз, ағылщын тілінен аударғанда
4. Консервант дегеніміз не?
5. «Fast food» тағамдарын неге жей бергіміз келеді?
Рефлексия
«Телеграмма» әдісімен әр оқушы төмендегі шарт бойынша телеграмма бланкісін толтырады.
«Нені үйрендім?» «Мен үшін қызықты болды…», «Нені үйренгім келеді?» сұрақтары бойынша мұғалімге 11 сөзден тұратын жолдау жіберу.
Үйге тапсырма: Фаст-фудқа деген тәуелділіктен қалай арыламыз? Ізденіп келу
Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз1-тапсырма бойынша «Таңғажайып алаң» әдісі
1.Барынша қолдау: сұрақтың мазмұнын түсіндіремін.
2.Орташа қолдау: қосымша сұрақтар арқылы жетелеймін.
3.Төменгі қолдау: мадақтау арқылы қолдау көрсетемін.
2-тапсырма бойынша «Кім шапшаң?» әдісі
1.Барынша қолдау: факті мен көзқарастың айырмашылығын атап өтемін.
2.Орташа қолдау: факті мен көзқарастың ажырату жолдарын үйретемін.
3.Төменгі қолдау: факті мен көзқарастың айырмашылығын нақты көрсетуіне ықпал етемін.
3-тапсырма бойынша
1.Барынша қолдау: диаграмманың дұрыс толтырылуын қадағалаймын.
2.Орташа қолдау: фаст-фудтың құрамы жайлы қосымша деректерді пайдалануын қадағалаймын.
3.Төменгі қолдау: авторына сілтеме жасағанына көз жеткіземін.
Бағалау- Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз? Сабақ кезендерінде, тапсырмадан кейін қалыптастырушы бағалау арқылы оқушыларымды түзетіп, бағыт беріп отырамын.
Үш топ бір-бірін қызыл, сары, жасыл түсті төрт бұрышты қағаз қиындыларымен бағалайды.
Әр оқушы өзін-өзі үш баллдық жүйемен 1-нашар, 2- жақсы, 3- өте жақсы деп бағалайды .
«Бутерброд» әдісі арқылы тапсырма бойынша ұсыныс, тілек білдіреді.
Әр тапсырмадан кейін дескриптор қолданамын.
Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау Оқушылардың дұрыс отыруын қадағалау. Қауіпсіздік ережесін сақтау.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *