Мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық қабілетін қалаптастырудың педагогикалық мәні

Алматы қаласы

Алатау ауданы

КМҚК «№177 бөбекжай-балабақшасы»

Серикбаева Шуга Манатбековна

         Бүгінгі жоғары білім берудің көп деңгейлі құрылымы, жоғары оқу орнының халықаралық білім беру жүйесіне жоспарлы интеграциялануы және оларды қоғамның талаптарына сай басқару мәселелері білім беру саласына жаңа тәсілдерді енгізуді талап етуде. Білім саласына ендірілетін жаңалықтың қайсы бірі болмасын арнайы даярлықты талап етеді. «Шығармашылық қабілет» ұғымы жалпы «қабілеттілік» ұғымынан оның дербес біртектес бір түрін – шығармашылық қабілетті іріктеу үдерісінде «шығармашлық» пен «қабілет» ұғымдарын синтездеу нәтижесінде құрылады. Шығармашылық проблемасы адамзатты күні бүгінгі дейін толғандырып келген,әлі де зерттеуді талап ететін күрделі проблема болып табылады.Шығармашылықты адамның өмір шындығында өзін-өзі тануға ұмтылысы,ізденіс жасау әрекеті,оның зандылықтарын оқып-біліп,үйрене алатын кәсібі деп түсінеміз.

         Мектепке дейінгі кезең баланың мінез-құлқының негізі қаланып,шығармашылық қабілеті енді ояна бастайтын жауапты уақыт десек артық айтқандық емес.Дәл осы сәтте берілетін білім мен тірбиенің заман талабына,әлеуметтік сұранысқа сай болуы өте маңызды.Сондықтан әдістемелік бірлестіктің жоспары аясында тәрбиешілер жұмысы бүлдіршіндерді шығармашылыққа баулып, жан-жақты тұлға қалыптастыруды, баланың бойындағы иненің жасуындай талабын әрі қарай ұштауды көздейді. Тәрбиешілер үнемі шығармашылық ізденіс үстінде жүріп, тәлімгерлік тәжірибелерін толықтыра түседі. Мектепке дейінгі балаларды оқыту және тәрбиелеу, дамытуды одан әрі жетілдіру жолдары қазіргі кезде мектепке дейінгі білім беру заңдарында айқындалып берілген. Бұрынғы қалыптасқан концепциялар, оның өзгешелігі тек оқыту, білім, білік дағдыларын қалыптастыру ғана емес, бүкіл оқыту үрдісін жан-жақты ұйымдастыру мақсатын көздейтігінде және баланың жеке тұлға ретінде қалыптасуы мен дамуына бағытталады.

          Ғылыми-әдістемелік еңбектерді зерделей отырып, психологиялық тұрғыдан шығармашылықты – адамның өз бетінше іс-әрекетінің және белсенділігінің түрі, мұнда ол үлгі немесе көшірмеден экспериментке көшіп, қоршаған ортаны өзгерте отырып, қандай да бір құнды жаңа нәрсені жасау, шығармашылық актінің болуы деп түсінеміз.

      Сонымен, шығармашылық индивидтің психикасында білімді қолдану мен түрлендіру үдерістерінің ерекшеліктерімен байланысты үдеріс. Мұндағы іс-әрекет өнімін шығармашылық ретінде бағалау критерийлері оның жаңашылдығы, ерекшелігі, мәнділігі, және т.б болып табылады, сондай-ақ шығармашылық кезеңдеп жүреді. Психологиялық ғылыми зерттеулерде шығармашылықтың басты белгісі – құбылыстар мен заттар, үдерістер немесе олардың шығармашылық індегі көрнекі-сезімдік немесе ойлау түрлерін түрлендіре білу, ал екінші белгісі – оның ерекшелігі деп көрсетіледі. Демек, шығармашылықты – қайсыбір үдеріс барысында әріптестер, операциялар немесе  жаңа құралдар болады. Сондай-ақ, шығармашылық ұғымын былайша қорытындылауға болады: шығармашылық – өте күрделі үдеріс, өйткені онымен айналысатын адам мақсатты сезінеді, міндет қояды және оның шешімін іздейді; шығармашылық үдерісте ішкі түйсіктің де, елестетудің де, қиялдың да орны ерекше; шығармашылық мәселелерді шешу: қуану, қанағаттау, тілек, т.б ішкі сезімдермен байланысты. Әйткенмен де, бұл кезеңдер шығармашылықтың ерекшеліктерін толық ашып көрсете алмайды.

         Ғылыми еңбектерді зерделей отырып, біз шығармашылық үдерістің мәні барлық адамдар үшін бірдей деп айта аламыз. Шығармашылықтардың айырмашылығы олардың нақты материалында, жетістіктерінің өлшемінде және оның қоғамдық мәнділігінде. Шығармашылық үдерісті үйрену үшін данышпандарды зерттеудің қажеті жоқ. Оның бастауы өмірдегі барлық мәселерді шешуде кездеседі. Тек мұнда адамның көрегендік танытуы және де оның өткір көзбен емес, ең бастысы ми арқылы көре білуі керек. Шығармашылық та басқа іс-әрекеттер сияқты ой түрткіні қажет етеді, бірақ барлық ой-түрткі шығармашылық туғызбайды. Олардың ішінде ең негізгісі өзін-өзі жетілдіру ой түрткісі. Ол барлық шығармашылықтың көркем, музыкалық, техникалық түрлерінде себепші болады.

          Сонымен, шығармашылық үдерістің негізгі ерекшелігі – оның обьективті және субьективті жақтарының болуында. Шығармашылық обьективтілігі оның түпкі жемісінің жаңалығы мен әлеуметтік бағалығында, оның нәтижесі ғылыми жаңалық, өнертапқыштық, туынды т.б болуы керек. Егер, жаңалық шығармашыл субьект үшін ғана жаңалық болса, онда мұндай жағдайдағы шығармашылық тікелей жеке бастікі болып табылады. Егер жаңалық барлық адамдар үшін жаңалық болса, онда шығармашылықтың қана қоғамды дамыта алады. Шығармашылық – субьективті үдеріс. Шығармашылық үдерістің субьективтілігі оқыту мақсатында сол арқылы басқару мүмкіндігін береді. Көптеген еңбектерде тұлғаны еркін шығармашылық әрекеттің субьектісі, ал адам дамуының өзі — Көптеген еңбектерде тұлғаны еркін шығармашылық әрекеттің субьектісі, ал адам дамуының өзі – оның еркіндікке деген қозғалысы деп есептейді.

         Бүгінгі таңда кез-келген өндіріс саласының даму кезеңінде адамдардың шығармашылықты игеруі тек экономикалық ғана емес, сондай-ақ әлеуметтік прогрестің жетекші факторы болып табылады. Еліміздегі білім беру ісі болашақ тәрбиеленушілердің білім алу деңгейіне сай бағытталуы, ортаның әлеуметтік-мәдени өзгеруіне икемделіп отыруы, ең алдымен балалардың жеке тұлғалық дамуы мен жалпы дамуға дайындығы мәселелерінің бірлігін шешуі керек. Мемлекеттік күш-қуаты ең алдымен өз ісіне шығармашылықпен қарайтын, ғылымның, техниканың, өнердің, өндірістің ойдағыдай дамуына өзінің жекелей еңбегімен ықпал етуге қабілетті адамдардың санымен анықталады. Білім беру жүйесінде жаңа технологияларды қолдану арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың білім деңгейін арттыру, шығармашылықпен жұмыс істей отырып, заман талабына сай оларды жан-жақты, терең білімді, интеллектуалды деңгейі жоғары жеке тұлғаны тәрбиелеу.

         Шығармашылық – бұл адамның өмір шындығында өзін-өзі тануға ұмтылуы, ізденуі, еңбек етуге құлшынысы. Өмірге дұрыс жол табу үшін адам дұрыс ой түйіп, өздігінен сапалы, дәлелді шешімдер қабылдай білуге үйренуі керек. Біздің ойымызша, шығармашылық деп адамның алдағы міндеттерді (тапсырмаларды) шешу кезіндегі мақсатты еңбек іс-әрекетінің түрі аталады және біріншіден, қандай да бір бар нәрсе жетілдіріледі, екіншіден, оң нәтиже беретін табиғатта кездеспеген қандай да бір жаңа обьекті, құбылыс, т.б пайда болды. Мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық қабілеттері олардың өз бетімен меңгерген білімдерін, іскерліктерін, дағдыларын пайдалана отырып өзіне бұрыннан белгілі жаңадан бір нәтиже алуы. Баланың жаңа нәтижеге қол жеткізуі жалпы білімдерімен қатар олардың осы нәтиже алу жолында пайдаланылатын әдіс-тәсілдердің тиімдісін таңдай алуына, тапқырлықтарына және жеке психологиялық қабілеттеріне байланысты.

Білім берудің басты міндеттерің бірі – білімін әрі қарай жалғастыруға дайындығын сипаттайтын белгілі бір деңгейдегі эрудициясының болуын қамтамасыз ету. Осыған сәйкес бала белгілі көлемдегі білік дағдыларды меңгертумен бірге табиғат, қоршаған орта туралы түсініктерін кеңейте отырып, оларды шығармашылық бағытта жан-жақты шыңдау. Бұл бүгінгі күннің басты проблемасы ғана емес, сонау ерте заманнан бастау алған. Ұлттың болашағы оның жастарның білім және рухани даму байлығымен тікелей байланысты. Баланың интеллектілік байлығының көп мөлшері тәрбиеші сепкен ізгіліктер мұраты мен білім байлығына негізделеді.

Тәрбиеші баланың білім, білік деңгейлерін анықтап, олармен жеке дара жұмыстар жүйесін пайдалануы керек. Жүйелі, дұрыс ұйымдастырылған шығармашылық әрекет түрлері нәтижесінде баланың білімі, біліктілігі кеңейіп, шығармашылық ізденімпаздығы қалыптасады. Мектеп жасына дейінгі балада ойынды шығармашлықпен ойлауы, оны ұйымдастыра білуі, шығармашылық іс-әрекет түрлерін таңдап, оны жоспарлай білуі, ізденімпаздығын арттыру маңызды жұмыс. Мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық іс-әрекеттерді жоспарлау және іске асыру біліктерінің қалыптасуына шығармашылық тапсырмаларды шығармашылық тұрғыда шешудің маңызы зор.

         Мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық қабілетін тәрбиелеу үшін жүргізілетін жұмыстардың мазмұны мен түрлері сан алуан. Бұларды нақты жағдайларға байланысты жүргізе білу – әрбір тәрбиешінің жеке шығармашылық ісі. Тәрбиешінің жүргізетін осындай жұмыстардың бірі – баланың оқу, еңбек, ойын әрекетін тартымды, мазмұнды, қызықты етіп ұйымдастыру. Тәрбиеші мектеп жасына дейінгі баланың шығармашылғын дамыту, бағыт-бағдар беру ісінде мыналарды ескеруі керек деп ойлаймын:

  • шығармашылық тапсырмалардың мазмұн-түрін ойлап табу;
  • шығармашылық міндеттерді балаға ұсынудың әдіс-тәсілін меңгеру;
  • көркемдік шешім табу, оқиға құру, образ жасау үшін кілт боларлық жағдайларды тудыра білу;
  • шығармашылық процесті фактілер мен мәліметтерге педагогикалық, әдістемелік тұрғыдан баға, қорытынды бере білу, теориялық, практикалық тұжырымдар жасау.

     Мектеп  жасына дейінгі балалардың шығармашылық қабілеті бірнеше тұрақты белгілерімен ерекшеленеді, бұл жалпы балалардың қабілетіне, әр түрлі әдіс-тәсілдер негізінде өзгеріп тұруы қажет. Соңғы педагогикалық әдебиеттерде мектепке дейінгі мекемелерде оқу-тәрбие процесінде балалардың шығармашылық қабілет әдістерін кеңінен төмендегідей етіп береді :

  1. Шығармашылық тапсырмаларды орындау, талдау.
  2. Зерделенген ережелерді қолдау.
  3. Ойлауды белсендіру әдістері. Бұл әдістер мектеп жасына дейінгі балалардың жеке дара және топтық шығармашылық жұмыстарында қолданылады .

Аталған әдістердің құрамына төмендегілерді жатқызады:

     -топтық жұмыс;

     -бақылау сұрақ әдісі.

          Шығармашылық қабілетке баланың проблеманы көре білуі, өз іс-әрекеттерінің бағдарламасын жасай білуі және ойды іске асыру үшін жаңа идеялар алуы жатады. Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде мектеп жасына дейінгі баланың шығармашылық белсенділігін оятып, шығармашылық қабілеттерінің дамуына, тәртіптілік пен жолдастыққа, адамгершілік қасиеттеріне әсер етеді. Ұжымдық ойындарда өзінің достарының кемшілігін көруге, оған достық қолын созуға, өзгелердің ісінен үлгі алуға, саналыққа, танымдылық, әлеуметтік ұстанымының қалыптасуына өз ортасының пікірінің әсері зор. Мұндай ойындарда баланың ұжымдық ой-пікірлері қалыптасып, топтағылардың пікірі бойынша ортақ тұжырым жасауға үйренеді: ортақ іске өз үлесін қосады, жолдасының жауабына пікір айтып, бағалауға үйренеді; баланың өзіндік жұмысы талқыланады: сурет салу, қағазбен жұмыс жасау, ертегі тыңдау, ойын ойнау т.б; сайыстар ұйымдастырылып, балалардың жарысу серпінін туғызады; ортақ мақсаттарының болуы есебінен ұжымдық шешім шығады, болжамдар жасайды, эксперименттер жүргізіледі.

         Мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық қабілетін дамыту проблемасын ұқыпты қадағалау, ойын, оқу процесінің тиімді болуында қандай көрініс табады? Жалпы үлгерім, яғни олардың шығармашылық қабілетін дамытуға және логикасын дамытуға бағытталған тапсырмалар тек білім мен ұқыптылығына ғана әсер етіп қана қоймай балалардың ойлау қабілетін дамытады. Мектеп жасына дейінгі балалардың ойлау қабілетін дамыту мәселесі үлкен орын алады. Бала қабілетіне қарай ең басты мәселені айыра білсе, демек, ол күрделі шығармашылық мәндегі тапсырмаларды орындай алады. Мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық қабілеті практикалық әрекеттері, ізденімпаздығы арқылы дамиды. Шығармашылыққа үйрететін ойын түрлері жаңа технологияларды қолдану болып табылады. Мұндай сабақтарда балаға ерекше ахуал, тәрбиеші мен бала арасында ынтымақтастық қабілет қалыптасады. Тәрбиеші бұл жағдайда білімді түсіндіріп қоюшы, бақылаушы емес, бағалаушы емес, шығармашылық іс-әрекеттерін ұйымдастыратын, ұжымдық, шығармашылық істердің ұйытқысы. Тек осындай оқыту ғана бала интеллектісінің көзін ашып, шығармашылығын дамытады.

          Сонымен қатар, шығармашылыққа үйрету интеллектуалдық аспектісі ғана емес, оның психологиялық, мінез-құлық ерекшеліктерін көздейді. Оған жігерлілік, жаңа жағдайларға бейімделуге икемділік, қажырлылық пен табандылық, тәуелсіздік пен адамгершілік сезімі, ынтымақтастық, қажырлы еңбекке қабілеті, белгісіз жағдайдағы өзіне сенімділік, ақиқатты іздеудегі және қарым-қатынастағы адалдық жатады. Әр топта балаға байланысты тәрбиеші өзінің мақсатқа жету жолдарын іздейді. Оның басты шарты – қасиеттерді көрсетуге тырысады.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *