«Мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық- зияткерлік қабілеттерін заманауи технология арқылы дамытуда марблс тастарын қолдану»

Бисешова  Ақмарал Болатқызы

«Мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық-  зияткерлік қабілеттерін заманауи технология арқылы  дамытуда марблс тастарын қолдану»

 

 

 

                              Атырау облысы, Махамбет ауданы

                  «Алтын балық» бөбекжай –бақшасы» тәрбиеші

 

                «Бала өмірінде ойынның маңызы зор, ересек

                                                  адам үшін еңбектің, жұмыстың қандай маңызды                                                                                                      болса нақ сондай маңызы бар.

                                                                  Бала ойында қандай болса өскен соң

                                      жұмыстада   да  көп  жағынан   сондай болады.                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                            Сондықтан  келешек қайраткерді тәбиелеу

                                                                                    алдымен ойында басталады»

                                                           А. С. Макаренко.

 

Мектепке дейінгі ұйымдардағы педагогикалық үдерістердің инновациялығы – мектеп жасына дейінгі балалардың тиімді дамуына себін тигізетін жаңа технологияларды мақсатты ендіруінде болып табылады.

Мектеп жасына дейінгі  балалар үшін ойынның рөлі ерекше. Бала ойын ойнау арқылы дамиды.Сондықтан оқыту үдерісі де ойынсыз жүзеге асырылмайды. Бала ойлау операциялары, заттардың формасы, шамасы, олардың кеңістікте орналасуы туралы білімді, тактильді сезімталдық сияқты қоршаған орта туралы негізгі мағлұматты ойын арқылы қабылдайды және дамытады. Баламен жұмыс істеу ойын ойнау, динамикалық, эмоционалды жағымды, баланы шаршатпайтындай және әр түрлі болуы керек. Мектеп жасына дейінгі балалардың зейіні тұрақсыз болады, оларды біркелкі жұмыс тез жалықтырады. Сондықтан олардың зейінін  үнемі қажетті бағытқа аудару керек. Қазіргі  заман талабы әлемдік білім кеңістігіне өту үшін, мектепке  дейінгі тәрбиелеу мен, оқытуға уақыт талабына сай өзгерістер енгізуді талап етіп отыр. Заман өзгерген сайын әдіс-тәсілдер көбейіп, жаңарып, толығып жатыр. Ал бұл объективті түрде дәстүрлі және дәстүрлі емес ойын тәсілдері мен құралдарын іздестіруге итермелейді. Жаңартылған бағдарлама негізінде мектеп жасына дейінгі балалардың заманауи дидактикалық ойындар арқылы креативті ойлау қабілетін арттыру, шығармашылыққа баулу, толыққанды саналы ойлайтын логикалық ой-өрісі кең тұлға қалыптастыру.[3]

Осындай инновациялық құралдардың бірі — Марблс тастарын пайдалану арқылы ұйымдастырылған  қызмет.

Марблс тастарымен – мыңдаған жылдар бұрын ежелгі адамдар ойнаған. Марблс  — аудармасы «мәрмәр» дегенді білдіреді. Марблс селикат құмнан, балшықтан, пластиктен, ағаштан, күлден, содадан  көбіне шыныдан жасалады, пеште балқытылады. Арнайы бояғыштардың көмегімен шыныға түрлі түс береді. Түрлері: жалпақ, дөңгелек, сопақ, басқа пішінде де болады. Марблс тастары – баланың ойлау, есте сақтау, зейін, шығармашылық қиялын дамытады. Саусақ пен қол қозғалысын үйлестіруді, жазықтықта бағдарлауды дамытады. Сөздік қорын байытып, фонематикалық бейнелеуді, түстерді есте сақтауды қалыптастырады. Марблс тастары баланың физикалық және ақыл-ойын дамытады. Қол саусақтарының қозғалысы оқу қызметін ынталандырады және баланың сөйлеу дамуын тездетеді. [1]

Ұсақ моторикаға жауап беретін бас миының қабығы аймағын үнемі ынталандыру – логопедиялық әсер ету жүйесіндегі қажетті элемент. Марблс тастары – өте әдемі,  мөлдір, түрлі пішіндер мен түстері өте жағымды. Марблс тастары эстетикалық тартымдылығымен қоса балаларда жаңа заманауи жоғарғы техноглогиялы ойыншықтарға деген қызығушылығын күшейтті. Ойын – бұл ізденімпаздық пен білуге құмарлықтың отын жағатын ұшқын Марблс тастары эстетикалық тартымдылығы осы ойынға заманауи балаларда жаңа, жо.арғы технологиялы ойыншықтарға қарсы қызығушылық күшейтті. Марблс шарлары бар ойындар – баланың физикалық және ақыл – ойын дамытады. Малбрс ойынын балалар психологтары жас ұрпақ үшін ең пайдалы деп санайды: ол дәлдікті, жылдамдықты, моториканы дамытады, ал әйнек тастардың әдемі реңктері балада сұлулық сезімін оятады.  [5]

Марблс тастары сенсорлық даму үшін қызықты, қолжетімді, табиғи және   көп қырлы материал болып табылады.

Балаларды тастармен  ойнату арқылы жаңа нәрсе  жасау, математиканы зерттеу, сөйлеуді, шағын моториканы дамыту, қабылдау және логикалық ойлау тұрғысынан  қолдану туралы тың ойлар пайда болады.

Сыртқы қарапайымдылығы мен қолжетімділігіне қарамастан, Марблс тек математикалық және танымдық даму саласы бойынша бірқатар міндеттерді шешуге ықпал етеді:

— сенсориканы дамытады;

-шама, форма, түс, сан туралы  ұғымдарды бекітуге ықпал етеді;

-салыстыру, жіктеу, топтастыру, белгісі бойынша кезектестіру, талдау іскерліктерін дамытады;

-реттік және сандық есеп дағдысын дамытады;

-ырғақ, түстер, композиция сезімталдығын дамытады;

-кеңістікте, қағаз парағында бағдарлаудың дамуына ықпал етеді;

— қолдың ұсақ моторикасын, қозғалыстың дәлдігі мен өнімділігін дамытады;

-қиял мен шығармашылықтың дамуына ықпал етеді;

-дербестігі мен бастамашылдығын дамытуға ықпал етеді.

Бұл міндеттерді басқа тәсілмен де шешуге болады, бірақ  Марблс бұл үдерісті балаға оңай, нәтижелі және пайдасы жағынан үлкен ықыласпен ұйымдастыруға көмектеседі.

Жұмыс барысында балаларды тастармен таныстырып, қауіпсіздік ережелерін айту  керек. [4]

Ойын барысында бала босайды, эмоциялық күш алады, түрлі дағдыларға үйренеді. Әдемі, дұрыс,  сауатты сөйлеу дағдысын ойын жағдайларында қалыптастыру оңай.

Марблс тастарымен, жұмыс істеуді бастау үшін Әртүрлі түстегі, пішіндегі, текстурадағы тастар жинау керек. Бұл мектеп жасына дейінгі балаларға арналған ойындар мен жаттығулардың көп түрін әзірлеуге және қолдануға мүмкіндік береді. Мысалы: «Сипаттамасы бойынша табу», «Ұстап көріп табу», «Тақырып бойынша бөлу», «Түсі бойынша бөлу», «Пішіні бойынша бөлу», «Өлшемі бойынша бөлу»

Жұмыс істеу кезендері

І кезең

Тас жинау

Марблс тастарымен жұмыс істеуді бастау үшін әртүрлі түстегі, пішіндегі, текстурадағы тастар жинау керек.  Бұл мектеп жасына дейінгі балаларға арналған ойындар мен жаттығулардың көп түрін әзірлеуге және қолдануға мүмкіндік береді. Мысалы: «Сипаттамасы бойыншпа табу», «Ұстап көріп тану», «Тақырып бойынша бөлу», «Түсі бойынша бөлу», «Пішіні бойынша бөлу», «Өлшемі бойынша бөлу», «Мөлдір-мөлдір емес», «Қара — ашық»,

«Тегіс-тегіс емес»  ойындарын ойнауға ұсынамыз.  Бұл ойындар мен жаттығулар балалардың заттардың белгілеріне қарай жіктеулі туралы түсініктерін қалыптастыруға, ұсақ моториканы дамытуға, сөздік қорларын байытуға, сөйлеу тілін дамытуға, дербестікке, алғырлыққа ықпал етеді.ІІ кезең Иллюстрациялар картотекасын құру Марблс тастарынан сурет  құрау үшін иллюстрациялардан картотека жасау – жұмыстың келесі кезеңі. [1]

Мұндай жұмыс көркемдік және эстетикалық қабілеттердің  дамуына  ықпал  етеді. Арнайы  иллюстрациялар  болмағандықтан, ермексазбен  сурет салу үшін дайын  иллюстрациялар қолдандық.  Иллюстрациялар картотекасы «Жануарлар», «Көлік»,  «Ертегілер  «Ойыншықтар» тақырыптарын қамтуы мүмкін.  Марблс  тастарымен  берілген тапсырмаларды орындау процесінде балалар сезімінің барлық түрі дамиды, әлемді сезімдік тануы жетіледі, ынтасы, санасы, қызығушылығы артады, дербестікке деген ынтасы қалыптасады. Тастардың түстік үйлесімінің алуан түрлілігіне, пішіндері мен өлшеміне  байланысты  балалардың ынталы қызметіне, эмоционалды және эстетикалық тәрбиесіне деген алғышарттар қалыптасады. Тастар баланың еркін ассоциациясы үшін ынталандырушы материал ретінде қолданылады.     Белсенді  қиял әдісін қолдану жұмыстың ықтимал бағыттарын айқындауға, сұранысты анықтауға және көп жағдайда қиындықтарды шешуге мүмкіндік береді. Марблс тастарды топтарыңызда ашуланатын, тез жылайтын, қызғаншақ, ойын кезінде басқа балаларға кедергі жасайтын тәрбиеленушіге беруге болады.  Ойын  түрінде, санамақ түрінде немесе түсін ажырату ойындарын ойнатуға болады.  Марблс  тастарын  ағаш, тас және шыны түрінде пайдалануға болады.  Марблс  тастары көп сөйлемейтін түйық сөз қоры аз балаларыңа қажеттілігі жоғары. Марблс  тастарымен  мектеп жасына дейінгі балалар өте жоғары қызығушылықпен ойнайды.  Марблс  тастармен жұмыс үлкендерге де өте пайдалы. Тастардан энергия алуға болады. Әдістемені қалай қолданамыз.
«Екеуміз бірге кішкене сиқыршы ойынын ойнайық, – деген сөзбен сабағымды бастаймын.  Біз сурет саламыз, бірақ қарындашпен, бормен, бояумен емес, түрлі түсті таспен сурет саламыз». Әр сабақта балалардың жарқын тастарға  деген  қызығушылығы арта түсетіндіктен, жұмыстың осы түрін күнделікті сабақпен қатар ұйымдасқан оқу қызметіне және балалардың ҰІӘ бос уақытына енгізу шешілді. Қол саусақтарының қимылы орталық жүйке жүйесінің қызметін ынталандырады және бала тілінің дамуын жеделдетеді. Оқу  жылы  бойы үнемі ұсақ моториканы, логикалық ойлауды, шығармашылық қиялды, зейінді, назарын және тактильдік сезімдерін дамытуға арналған ойындар өткізілді.  [3]

Ұйымдастырылған іс- әрекетінде бір немесе бірнеше жаттығу түрлерін енгізуге болады. Әр жаттығу бірнеше рет өткізіледі,  олар  біртіндеп  күрделендіріледі. Ұйымдастырылған іс-әрекетінің жиынтығы, жүктелімі мен ұзақтығы тәрбиешімен реттеледі. Осы материалмен өткізілетін ойындар мен ойын тәсілдері белгіленген мақсаттары мен міндеттеріне қарай қолданылады. Жаттығулардың бәрі баланың  жасына, олардың даму деңгейіне, ойынға қызығушылығына қарай өзгеріп отырады.  [5]

Марблс таспен ойынды шағын топтарда (3–5 адамнан аспайтын, егер бала жасы 3-тен 7 жасқа дейін болса) немесе жекелей өткізген дұрыс.

Мектеп жасына дейінгі балалардың осы тастармен жұмыс бойынша білімін жүйелеу мақсатында марблс тастарын қолдану арқылы «Ертегілерге саяхат» ұйымдастырылған іс- әрекеттерді өткізуге болады. Марблс тастарымен ойындар: «Гүл алаңы», «Ғажайып қап», «Әріптер», «Айна», «Техниктер», «Цифрлар», «Түрлі түсті жолақ», «Үлгі бойынша құрастыр», «Бір шоқ жүзім», «Бұлт және жауын», «Керік», «Судоку», Саяхат ойындар (сөздегі дыбыстарды автоматтандыруға арналған)

Үй жануарларын, жабайы жануарларды, жемістерді, көгөністерді, азық-түліктерді ата және көрсет (заттың картиналары бар парақтар қолданылады). Түсті қабылдауды дамыту үшін түрлі түсті тастарды төсеуге болады. [1]

Марблс  тастарын қолдану барысында балалардың өзіне деген сенімі қалыптасады және жағымды эмоция көрсетеді. Ұсынылған  ойындар  балалардың тілдік белсенділігін дамытуға ықпал етеді және кіші топтарда және жеке сабақтарда, сондай-ақ  еркін  қызметте  қолданылуы  мүмкін.

 

     «Көңілді тастар»

Бүлдіршіндер түрлі, әдемі тастарды танып, оларды түсіне, көлеміне сәйкес ажыратуды үйренеді. Бұл тастар табандылықты, зейінділікті және логиканы дамытады. Ойын түстерді үйретуге,  ұсақ моториканы дамытуға ықпал етеді және ата – аналарға, тәуелсіз уақыт өткізу дағдыларын дамытуға ықпал етеді және ата –аналарға  демалуға мүмкіндік береді.

 

«Үлкен тастарды тап»

Көлем үлкен -кіші ұғымын түсіндіру. Тастарды  көлеміне қарай ажыратуға үйрету. Есте сақтауды, ептілікті, ұсақ моториканы, кеңістіктік ойлауды дамытады, нәрестенің байқау дағдыларын меңгеруге көмектеседі.  Суреттердің ішінен үлкен тастарды тауып, аттарын атап, түстерін ажырату.

 

 

 

«Тастарды  түсіне қарай  жина»

Бұл ойын баланың түстер  ұғымын кеңейтіп, қызықты уақыт өткізіп, ұзақ уақыт бойы бос ұстап,балаға көптеген жағымды эмоциялар береді! Ойын  ұсақ моториканы, көрнекі қабылдауды, қызығушылықты, табандылық пен зейінді дамытуға көмектеседі. Ыдыстың  ішіндегі  әртүрлі  тастарды  өзі түсті ұяшыққа бөліп салу, атап, түстерін ажырату.

 

«Кемпірқосақты» безендір

Бұл ойын балада қызықты, шынайы  болады. Ойын барысында әлеуметтік және коммуникациялық дағдылар, елестету, қолдың ұсақ моторикасы және бқлік пен бүтін ұғымдары дамиды. Балалардың байқампаздығын, табиғат пен қарым-қатынасы  дамиды.

 

«Гүлді безендір»

Нәрестенің толық дамуы үшін оны қиялды, қозғалыстарды үйлестіруді, ұсақ моториканы және зейінді дамытуға ықпал ететін дұрыс ойыншықтармен қоршау өте маңызды. Құмды жәшіктегі  бұл жиынтық ақыл-ойды дамытудың, эстетикалық талғамын жақсартуға көмектеседі. Жоғарғы сапада жасалған бұл жиынтық қауіпсіз, әрі бұрыштары тегіс балаға еш зиянсыз.  Құм үстіне сурет салып, оны  әртүрлі тастармен безендіреді.

 

 

 

«Үлгі  бойынша  орналастыр»

Ойынның құндылығы – баланың психикалық ерекшелігін ескеріп, оны қызықтырады, көңілін мобилизациялайды, бала берілген тапсырманы орындайды. Бір ойынның өзінде бірнеше тапсырмалар орындайды. Түстерді біліп есінде сақтайды, ұсақ моторикалары дамиды, тілін жетілдіреді, кеңістік ойлауы, зейіні, есте сақтауы, қиялы дамиды.

 

 

«Тізбекті  жалғастыр»

Бұл ойынның құндылығы  баланы қызықтырыды, бала тапсырманы орындауда ойлау үрдісіне қатыстырады. Ойын барысында (анализдаушы қабылдағышы, ес ойлау, сөйлеу т.б.) сонымен қатар тұлға қасиеттерінің ( мақсаттық, тұрақтылық, өзіндік т.б.) дамуы жүреді. Ойын ерекшелігін, ойлана отырып нақты үрде орындауға мүмкіндік береді, ойын ерекшелігі – көпатқарымдылық.

 

 

 

 

 

 

«Тастардың  пішіндерін  анықта»

Балаларды бір сенсорлық белгіден (пішіні) біркелкі заттарды топтауға үйрету. Тастарды түсіне,  пішіндеріне қарай топтастыру. Зейінін, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Бірнеше пішіндегі  тастарды  ажыратып беру.

Марблс тастарын   пішіндеріне  қарай   бөл.

 

тастар алма гүл жұлдыз асқабақ Теңіз жануарлары

 

 

 

«Тастарды  сандарға  сәйкес  қой»

  Сандарды атауға, бір – бірінен ажырата білуге, аз – көп ұғымдарын меңгерту. Ең бастысы балаларды зейін, салыстыру,саралау ұстанымдылығы дамиды.Балалардың қол саусағының  және моторикасының биік деңгейінде дамуы айрықша белгі болып саналады.

Берілген карточкадағы сандарға сәйкес тастарды орналастыр.

 

 

1

 

 

2

 

3

 

4

 

 

 

 

 

 

 

 

«Ұзын және қысқа жыланшық»

 Ұзын қысқа ұғымдарын меңгерту.

Ұзын және қысқа жыланшықты  барлық тастар  бірінен кейін бірі арасы ажырамай жататындай етіп қоюды ұсынады. Түрлі түстерді қолдануға болады. Балаңыздың ең бірінші және ең ұзақ ойнайтын дамуы! Жарқын тасты түстер баланың назарын аударып,оны ұшақ уақыт бойы қабылдайтыны сөзсіз. Бірлескен ойынды нәресте отырған сәттен бастауға болады. Мәселен жыланшықтың бос орындарын қажетті тастармен толтыру.Осыдан кейін нәресте дәлдікпен орналастыру дағдыларын  дамыта отырып, оларды қайтадан сұрыптай алады.

 

 

 

 

 

«Тастарды  сандарға  сәйкес  қой»

 Педагог сандық көрсеткішті

қолдана отырып жыланшықты бір түспен, екі

түспен кезектестіріп жасауды ұсынады

(бір түсті 5 тас және басқа түсті 4 тас алыңыз)

«Кеңістікті бағдарла »

 Кеңістікті дұрыс бағдарлай білуге үйрету. Айналадағы заттарды дұрыс атауға үйрету.

Қағаз парақтың дәл ортасына қызыл тасты салыңыз. Көк түсті тасты — сол жоғарғы бұрышқа, жасыл түстіні – оң жоғарғы бұрышқа, көк түстіні – оң төменгі бұрышқа; жасыл түсті тасты– сол төменгі бұрышқа қойыңыз. Суреттегі заттардын қай жақта орналасқанын табу.

 

 

«Тастарды  суреттегідей  қой»

 Педагогтың тапсырмасын дәл орындай білу.

Педагог жазықтықта орналасқан тастардың эталонын ұсынады,  ал бала осы суретті қайталауы тиіс.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *