Журналистика саласы

Журналистика-қиын да, қызықты мамандықтардың бірі. Бұл мамандық ақыл мен ойды, ізденіс пен шапшаңдықты талап етеді. Мен спорт журналистикасын таңдап жатырмын. Бұл сала өзіме бұрыннан ұнайды.Осы кезге дейін хобби ретінде қарасам, әрі қарай спорт журналисткасы ретінде жалғастырғым келеді. Ағамның өзі спортшы болған соң шығар, спортшыларды өте жақсы түсінемін.
Спорт-тоқтаусыз шайқас алаңы. Спорт туралы жазбау мүмкін емес. Спортта қазір көп жерден іздеп таппайтын адалдық бар, сол секілді спортшылардың бойында тазалық бар. Және де ең бастысы ешқай жерде сезінбейтін эмоция бар! Сағаттап жасалған жаттығу, көп уақыт дайындықта болу, жеңістің тәтті дәмін, жеңілістің ащы дәмін сезінетін-спортшылар. Әр адамға өзіне ұнайтын спорт түрі бар. Маған күрес ұнайды. Сол себепті шығар, күрес туралы әр нәрсе маған қызықты. Қай спортшының қандай салмақ дәрежесінде күресетіні, қай жақтың балуаны екені барлығы маған қызықты. Әрбір жарыстан алған эмоциямды, күреске деген махаббатымды сөзбен жеткізе алмаймын. Бұл спорт саласы маған тау қопарардай күш сыйлайды. Спорт журналистикасын таңдаған соң, сол саланың дамуына өз үлесімді қосқым келеді. Спортшыларымыз туралы халықтың көбірек білуі үшін, әрекет еткім келеді. Халықты қызықтыратындай, шоу ретінде жарыстарды көбірек ұйымдастырсақ жақсы болар еді. “Qazsport” секілді спорттық арналар ашылуы керек. Себебі, басқа елден жарыстарды әрдайым тікелей эфирде өз еліміздің арнасынан тамашалап, бәріміз бірге жанкүйер болсақ өте жақсы болар еді. Әрбір спортшыға жеңіс тұғырында тұрып өз елінің әнұраның тыңдаудан асқан бақыт және арман жоқ шығар. Халық осындай сәттерді көріп, білсе спортшыларға деген қызығушылықтары оянады. Ин Ша Аллах, Қазақстанда спорт журналистикасын жаңа деңгейге көтергім келеді. Болашақта барынша өз үлесімді қосуға тырысамын!

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *