Мектепке дейінгі ұйымның жаңа оқу жылына  дайындығы

 

Ақтөбе қаласы

Смайлова Гулмира Бисенбиевна                                                                                                                         

Тақырыбы: «Мектепке дейінгі ұйымның жаңа оқу жылына  дайындығы»

\пед.кеңес\

 

Күн  тәртібінде:

  1. «Нур-Султан» балабақшасының жаңа  2022-2023 оқу  жылына  дайындығы.
  2. Жаңа мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың білім берудің мемлекеттік

жалпыға міндетті стандарттарын және  әдістемелік нұсқау хатты  ашып, талқылау

  1. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы 01.09.2022 жылғы
  2. Үстел үсті ойындарды ұйымдастыру бойынша педагог жұмысының мазмұны (тәрбиеші: Балгабаева Ж.Д.)

5.“Топта дидактикалық ойындарды ұйымдастыру  бойынша педагог жұмысының мазмұны”

  1. Психолог : Муханалиева А.Т (тренинг)

7.Ағымдағы мәселелер

1 мәселесі бойынша балабақша меңгерушісі Г.Б.Смайловаға сөз алып, педагогтарды жаңа оқу жылымен құттықтады. Сондай-ақ педагогтардың сапалық тізімімен таныстырды, яғни 1 әдіскер, 1 музыка жетекшісі, психолог, 5 топ тың тәрбиешілері. Әр тәрбиешінің қайсысы қай топта жұмыс атқаратынын айтып өтті.Жаңа оқу жылына жаңа қарқынмен кірісулерін қадап айтты.Одан кейін ең үлкен мәселенің бірі – жаңа стандарт туралы, ондағы өзгерістер туралы, жаңа  ҰІӘ қосылғанын ерекше айтып, бұйрықтарымен таныстырды.Келесі сөз кезегі балабақша әдіскері Г.Ә.Нағыметоваға берілді.
Биылғы жаңа оқу жылында үлкен өзгеріс болып отыр, Яғни ҚР мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына өзгерістер енгізіліп отыр. «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 5-1)тармақшасына,«Құқықтықактілертуралы»ҚазақстанРеспубликасыЗаңының27-бабының1-тармағынажәне36-бабына,«ҚазақстанРеспубликасыныңмемлекеттікбасқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» ҚазақстанРеспубликасы Президентінің 2022 жылғы 11 маусымдағы № 917 Жарлығынасәйкес өзгерістер енгізілді.

2 мәселе бойыншаЖаңа мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың  білім берудің мемлекеттік

жалпыға міндетті стандарттарын және  әдістемелік нұсқау хатты  ашып, талқылау.

 

Тәрбиелеу-білім беру роцесінде:

әрбаланыңқызығушылықтарын,ерекшеліктеріменқажеттіліктерінескереотырып, жалпы адами және ұлттық құндылықтар негізінде оларды толыққандыдамытуменәлеуетінашужүзегеасырылады;

балалардыңқұқықтарын,өмірінқорғау,денсаулығыннығайтуқамтамасызетіледі;

салауатты өмір салтының негіздері, қауіпсіз өмір сүру дағдылары, қимыл-қозғалыс, бейімделу, коммуникативтік, әлеуметтік-эмоционалды, когнитивтікдағдылар, өзіне, отбасына, құрдастарына, қоршаған ортаға адамгершілік қарым-қатынасы,тәрбиеленушілердіңқарым-қатынасмәдениеті,ұлттықбірегейлікпеназаматтықнегіздері,патриотизмқалыптасады;

тәрбиеленушілердіңфизикалық,зияткерлік,танымдық-сөйлеу,көркем-эстетикалық,шығармашылыққабілеттерідамиды;

Отанға,анатілінесүйіспеншіліктәрбиеленеді;

баланыңмектептеоқуғафизикалық,психологиялық,эмоционалдық,әлеуметтікдайындығыүшінтеңбастапқымүмкіндіктерберіледі.

Тәрбиеленушілердіңқұзыреттіліктерін,физикалықжәнежекеқасиеттеріндамыту олардың жас ерекшеліктеріне сәйкес біліктері мен дағдыларынқалыптастыруарқылыжүзегеасырылады.

Физикалыққасиеттердідамыту.

Физикалық дамыту физикалық дені сау баланы тәрбиелеуді, өзденсаулығынасаналытүрдеқарауды,салауаттыөмірсалтынегіздерін,қауіпсізөмірсүрудағдыларынқалыптастырудықарастырады.

Дене шынықтыру ата-аналардың балаларға ерте жастан күтім жасауы менолардыдамытудағдыларынаиеболуынажәрдемдесу,тәрбиеленушілердіңнегізгіқимыл түрлерін меңгеруі арқылы мәдени-гигиеналық дағдылар, қимыл-қозғалыстәжірибесін қалыптастыру, дене сапаларын және қимыл белсенділігінеқажеттілікті дамыту, әртүрлі ойындарды, оның ішінде ұлттық, қимылдыойындарды, командамен жарыс сипатындағы ойындарды өткізу, спорттықжаттығуларды орындау, спорттық ойындардың элементтерімен таныстыру,шығармашылық қабілеттер мен командамен бірге әрекет ету дағдыларын дамытубойыншаміндеттердіқамтиды.

Коммуникативтікдағдылардыдамыту.

Коммуникативтікдағдылардыдамытубалалардыңжекеерекшеліктеріменқажеттіліктерінескереотырып,ауызекісөйлеуді,сөздікқордықалыптастыруды,өмірде әртүрлі жағдайлардағы қарым-қатынас дағдыларын меңгертуді, қолдыңұсақ моторикасын және командада жұмыс істеу дағдыларын дамытудықарастырады.

Коммуникативтік дағдыларды дамыту тәрбиеленушілердің түрлі іс-әрекетінде Қазақстан халқының мәдениетімен, салт-дәстүрлерімен, балаларкөркем әдебиетімен таныстыру арқылы ауызекі байланыстырып сөйлеу,шығарманы бірге оқу мен айтып беру, талдау, сөйлеудің дыбыстық мәдениетінқалыптастыру,белсендісөздікқорынбайыту,тілдікнормаларды,қарым-қатынасмәдениетінмеңгертуміндеттеріншешеді.

Танымдықжәнезияткерлікдағдылардыдамыту.

Танымдық және зияткерлік дағдыларды дамыту тәрбиеленушілердіңқоршағанәлемменөзарақарым-қатынасжасауынақажеттітанымдықжәнезерттеушілікәрекеттіңқарапайымдағдыларынмеңгертудіқарастырады.

Танымдық және зияткерлік дағдыларды дамыту сенсорлық эталондартуралытүсініктерді,қарапайымматематикалықұғымдарды;құрастыруіс-әрекетітәсілдерін меңгеру; креативті және сыни ойлауды дамыту; азаматтық жәнепатриотизмгебаулу,ұлттықмәдениеттіқұрметтеудіқарастырады.

Балалардыңшығармашылықдағдыларын,зерттеуіс-әрекетіндамыту.

Тәрбиеленушілердің шығармашылық дағдыларын, ғылыми-зерттеу іс-әрекетін дамыту өнер туындыларын қабылдау мен түсіну дағдыларынқалыптастыру,қоршағанәлемдіэмоционалдытану,өнертүрлерітуралытүсінігін,тәрбиеленушілердің өзіндік шығармашылық іс-әрекеті үшін жағдай жасаубойыншаміндеттердіқамтиды.

Шығармашылық дағдыларын, зерттеушілік қабілеттерін дамыту үшіншығармашылық қиялын, эмоционалды-сезімдік саласын, дүниетанымын,ойлауын, көркем-эстетикалық талғамды дамыту, тәрбиеленушілердің жекеерекшеліктеріменқажеттіліктерінескереотырып,ұлттықмәдениеткебаулуарқылыпатриотизмдітәрбиелеуүшінжағдайларжасалады.

Әлеуметтік-эмоционалдыдағдылардықалыптастыру.

Әлеуметтік-эмоционалды дағдыларды қалыптастырудың мақсатытәрбиеленушілерді, оның ішінде ерекше балаларды оң әлеуметтендіру, олардыәлеуметтік-мәденинормаларға,қоғамжәнемемлекет,отбасыдәстүрлерінетарту,рухани-адамгершілікқұндылықтардықалыптастыруболыптабылады.

Әлеуметтік-эмоционалды дағдыларды қалыптастыру қоғамның әлеуметтікжәнеэтикалықнормаларымендәстүрлеріне,жалпыадамиқұндылықтарғабаулу;

 

3 мәселе бойынша Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. 2022 жылғы 1 қыркүйекте шыққан жаңа жолдаумен таныстырылды.Биыл біз жаңа кезеңге қадам бастық. Халқымыз жалпыұлттық референдумда саяси жаңғыру бағдарын қолдады. Конституциялық реформа Жаңа, Әділетті Қазақстанды құру жолындағы аса маңызды қадам болды. Еліміздегі саяси жаңғыру енді экономикалық өзгерістерге ұласуға тиіс.

Біз «Азамат – бизнес – мемлекет» арасындағы қатынасты түбегейлі өзгертеміз. Мемлекет, ең алдымен, бәріне бірдей мүмкіндік беріп, әділдік орнатады. Қоғам игілігіне арналған қызмет деңгейі жоғары болуына кепілдік береді. Әлеуметтік жағынан әлсіз топтағы азаматтарға қолдау көрсетеміз. Мүмкіндігі шектеулі жандарға да көмектесеміз. Президент жанындағы Омбудсмен тағайындалады.

Мемлекет экономикалық еркіндікті қолдайды. Бірақ, халықты нарық тұрақсыздығының ықпалынан барынша қорғайды. Шағын және орта бизнесті мейлінше дамытады.

 

4 мәселе бойыншаҮстел үсті ойындарды ұйымдастыру бойынша педагог жұмысының мазмұны тәрбиеші: Балгабаевава Ж.Д көрсетті.

 

5 мәселе бойынша “Топта дидактикалық ойындарды ұйымдастыру  бойынша педагог жұмысының мазмұны” баяндама оқылды тәрбиеші Салқынова Л.С.

 

6 мәселе бойынша  Психолог : Муханалиева А.Т.  тренинг жүргізді.

 

7 мәселе бойынша ағымдағы мәселелер талқыланды.

 

Педагогикалық кеңестің шешімі:
1. Оқу – тәрбие жұмыстары жаңа стандарт талаптарына сай әзірленсін және методикалық талапқа сай жүргізілсін.

Мерзімі – үнемі, күнделікті
Жауапты – тәрбиешілер, әдіскер

2. Жылдық міндеттеме мақсатына жету жолында әр тәрбиеші өз іскерліктерімен, шеберліктерімен методикалық талапқа сай әрекет етсін және бала өмірінің қауіпсіздігін сақтасын.
Мерзімі – үнемі
Жауапты – тәрбиешілер, әдіскер.

Педагогикалық  кеңес төрайымы:                       Смайлова Г.Б.

Хатшы:                         Салкынова Л.С.

 

ЖШС«Нұр-Сұлтан55» «Нур-Султан» балабақшасы

педагогикалық кеңес отырысы

 2022-2023 оқу жылы

Хаттама №  2

 

Қатысқандар:    8 педагог                                                          15.09.2022  жыл

Төрайымы:  Смайова Г.Б.

Хатшы:   Салкынова Л.С.

                                                           Күн тәртібі:

                           Педагогтерге біліктілік санаттарын беру  туралы

                                                           Тыңдалды:

«Педагогикалық этиканың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 11 мамырдағы № 190 бұйрығына (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 12 мамырда № 20619 болып тіркелген) сәйкес педагогикалық этиканы сақтау мәселесі бойынша біліктілік санаттарын беруге  үміткер педагогтер  туралы қысқаша ақпарат.

Бірінші мәселе бойынша аттестаттау  комиссиясына біліктілік санаттарын  алуға өтініш берген педагогтар өтініштерін  қарап  зерделенді.

Сөзалды:

Аттестаттау  комиссиясының хатшысы- Салқынова Л.С.

Күн тәртібінің  мәселесі бойынша аттестаттау комиссиясына өтініш берген педагогтардың  міндетін  анықтап, жылдық жоспарын бекіту. Педагог қызметкерді аттестаттау-біліктілік деңгейін, кәсіби құзыреттілігін,  іс-әрекеттерінің  нәтижелілігін және сапасын талдау, оның әдістемелік тәжірибелік жұмыстарына  қатысу негізінде зерделенеді, әрі  пәндерге сәйкес негізгі лауазымы бойынша бірдей санат берілуімен өткізіледі.

Күн тәртібіндегі үшінші мәселе бойынша педагог қызметкерді аттестаттау ережесімен таныстыру.

Педагог қызметкерлерді  аттестаттау Ережесі бойынша  мектепке дейінгі тәрбие беру ұйымдарының педагог қызметкерлерді аттестаттау тәртібі анықталған.

Ережеге сәйкес аттестаттаудың алдыңғы аттестатау мерзімі аяқталғаннан кейін, 5 жылда кемінде бір рет өткізіледі.

Педагогикалық қызметкерді аттестациядан өткізу негіздері:

Педагог қызметкердің кезекті мамандық санатын алуға өтініш;

Білім мен тәрбие беру ұйымдарының  педагог қызметкерді аттестаттау  ағымдағы оқу жылы аралығында өткізіледі.

Аттестаттаудан өту тәртібі:

Педагог қызметкерді аттестаттау  екі кезеңнен тұрады:

І-кезең. Өтініш берген педагогтың портфолиосын зерделеу.

Екінші кезеңге мыналар  кіреді:

ІІ-кезең Кәсіптік тестілеу.

Педагог қызметкер қызметінің қорытындысын талдау.

  • «МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ТӘРБИЕ МЕН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ ЖӘНЕ ЖАС ПСИХОЛОГИЯСЫ» – 20 ТАПСЫРМА;
  • «МЕМЛЕКЕТТІК БІЛІМ БЕРУ СТАНДАРТЫН ЖӘНЕ МД ТӘРБИЕ МЕН ОҚЫТУДЫҢ ҮЛГІЛІК ОҚУ ЖОСПАРЛАРЫ МЕН БАҒДАРЛАМАЛАРЫН БІЛУ» – 10 ТАПСЫРМА;

өтініш берген педагогтың портфолиосын зерделеу.

Берілген материалдар негізінде талдау.

 

Шешімі:

1.Өтініш берген педагогтың іс-құжаттары сараптаудан өткізіліп, өтініштер қабылдансын.

2.Аттестаттау комиссиясының жылдық жұмыс жоспары бекітілсін.

 

 

 

 

Аттестаттау комиссиясының  төрайымы:                  Смайлова Г.Б.

 

Хатшы:                          Салқынова Л.С.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ЖШС«Нұр-Cұлтан55» «Нур-Cултан» балабақшасы

педагогикалық кеңес отырысы

 2022-2023 оқу жылы

Хаттама № 3

 

                                                                                                       10.01.2023  жыл

Қатысқандар: балабақша меңгерушісі – Г.Б.Смайлова

Әдіскер – Нағыметова Г.Ә.
Тәрбиешілер – барлығы
Медбике
Өткізілген орны: Музыка залы

 

ТАҚЫРЫБЫ:

Балабақшада балалардың дене бітімінің жан – жақты дамуына жағдайлар туғызу.

Педагогикалық кеңестің мақсаты:  балабақшадағы сауықтыру-шынықтыру  жұмысының деңгейін көтеру.

Күн тәртібінде:

  1. Кіріспе сөз: «Балабақшада балалардың дене бітімінің жан – жақты дамуына жағдайлар туғызу»

2.Тартымды рефлексивті-рөлдік ойын: «Балабақшада баланың дені сау болу үшін не көмектеседі?.»

  1. «Балабақшадағы музыкотерапия»
  2. «Біз біргеміз» тренинг

 

1.Пед.кеңес барысы:

Әдіскер:

  • Мен бүгінгі пед.кеңесімізді «Денсаулық туралы» астарлы әңгімеден бастағым келеді — әуен тыныш естіледі.

/ мысал /: «Ертеде құдайлар Олимп тауында өмір сүреді. Оларға көңілсіз  болады.  Сөйтіп олар адамдарды  жаратып,  Жер планетасына қоныстан-дыруды  шешеді. Олар ұзақ уақыт бойы адам қандай болу керек деп ойласады. Құдайлардың бірі: «Адам күшті болуы керек» десе, екіншісі: «Адам дені сау болуы керек», үшіншісі: «Адам ақылды болуы керек», — дейді. Бірақ құдайлардың бірі: « Адамда бәрі болады. Адамдардағы ең басты – денсалығын жасырып көрейік»,-дейді. Олар адамның денсаулығын жасыруға шешім қабылдады. Олар «денсаулықты қайда жасыру керек?»,-деп ойлана бастады,

Біреулер денсаулықты көгілдір теңізде, ал басқалары биік таулардың артында жасыруды ұсынды. Сіздің ойыңызша, құдайлар адам денсаулығын қайда жасырды?    Құдайлардың бірі: «Денсаулық адамның өзінде жасырылуы керек» деген екен. Адамдар өз денсаулығын табуға тырысып, ұзақ уақыт осылай өмір сүрген. Бірақ бәрі де құдайлардың баға жетпес сыйлығын тауып, сақтай алмайды! Демек, денсаулық менің бойымда, әрқайсымызда және әр балада жасырын болады. Сонымен, біздің бүгінгі кеңесіміздің тақырыбы «денсаулық»  тақырыбына арналады.

Миға шабуыл

  • Айтыңыздаршы, біздің балаларымыздың денсаулығы неге байланысты? (таңертеңгілік жаттығулар, серуендеу, желдету, күн тәртібін сақтау, дене шынықтыру, қимылды ойындар, дене жаттығулары,  музыка сабақтары, ұйқыдан кейінгі жаттығулар,

белсенді демалыс)

Денсаулық дегеніміз не?

(педагогтердің жауаптары)

Бүгінгі таңда ғылымда «Денсаулық» туралы көптеген тұжырымдама жасалды. Оған толық анықтама беру оңайға соқпады. Олардың кейбірін қарастырайық (педагогтарға слайд түрінде ұсынылады).

Денсаулық — бұл оны ұйымдастырудың барлық деңгейлеріндегі ағзаның қалыпты қызметі.

Денсаулық — бұл организмнің және оның қоршаған ортамен атқаратын қызметтерінің динамикалық тепе-теңдігі.

Денсаулық — бұл организмнің қоршаған ортадағы үнемі өзгеріп отыратын жағдайларына бейімделу қабілеті, организмнің ішкі ортасының тұрақтылығын сақтау қабілеті, қалыпты және жан-жақты тіршілік әрекеттерін қамтамасыз ету, организмдегі тіршілік принципін сақтау.

Денсаулық — бұл аурудың болмауы, ауыр жағдай, ауыр өзгерістер.

Денсаулық — бұл негізгі әлеуметтік функцияларды толығымен орындау мүмкіндігі.

Денсаулық — бұл толық физикалық, рухани, психикалық және әлеуметтік әл-ауқат. Дене және рухани күштердің үйлесімді дамуы, біртұтастық принципі, өзін-өзі реттеу және педагогикалық процестің барлық субъектілерінің үйлесімді өзара әрекеті.

Денсаулық сақтау технологиялары дегеніміз не?

(педагогтардың  жауаптары, слайд арқылы көрсету)

Тәрбиелеу –сауықтыру, түзету және алдын алу шаралары біртұтас жүйе ретінде сабақтастық үрдісінде жүзеге асады.

Салауатты өмір салтын үйрету үшін қолданылатын технологиялар қандай? (педагогтардың  жауаптары, слайд арқылы көрсету

Таңғы жаттығулар.

Дене шынықтыру сабақтары

Қарым-қатынас ойындары

Ойын

Құм терапиясы

Нүктелі массаж

Спорттық ойын-сауық   мектепке дейінгі білім беру мекемесінің оқу жоспарына сәйкес өткізіледі.

Қараңыздар, сіздердің үстелдеріңізде  жер үстінде ұшып тұрған боялған шарлар бар.  Әуе шарының себетіне  кішкентай адамдарды салыңыз. Бұл сіз және сіздің тобыңыздағы балалар. Сіздердің айналаңызда көк аспан, күн нұрын шашып тұр. Осы сапарға қандай 9 құндылықты бірге алып барар едіңіз, сіз үшін соншалықты маңыздыларын  жазыңыз, (мысалы, ақша, денсаулық, отбасы, жұмыс, махаббат және т.б.). Енді сіздің шарыңыз түсе бастады және жақын арада құлап кету қаупі бар депелестетіп көріңіз. Орнында тұру үшін, артық жүктен арылу керек. Артық жүкті алып тастаңыз, яғни тізімнен 3 (содан кейін тағы 3) сөзді сызып тастаңыз. Сіз тізімде не қалдырдыңыз? Әр адам өз құндылықтарын шеңбер бойымен оқиды. Жүргізуші оларды тақтаға жазады. Егер сөздер қайталанса, онда  плюс қойылады. Содан кейін өмірлік құндылықтардың рейтингі плюс санымен және оның қатысушылары үшін маңыздылығымен анықталады. Мысалы, 1 орын — денсаулық, 2 орын — отбасы және т.б.

Жүргізуші: Өздеріңіз білетіндей, денсаулықты сақтау табысты тәрбие мен білім алуға, ал сәтті тәрбие мен білім — денсаулықты жақсартуға ықпал етеді. Білім мен денсаулық бір-бірінен ажырамайды.

Сіз  балаларға «адамның өміріндегі ең қымбат нәрсе не?» деген сұрақ қойғанда, көбіне жауап ретінде естисіз: «ақша», «машина», «алтын» және т.б. Тағы сұрақтар туындағаннан кейін олар «денсаулық» деп атайды .

Балаларға: «Сендер ауырасыңдар ма?», «Я», «Ал сендерді  немен емдейді?»,- дегенде,  «дәрілермен»,- деп жауап береді.

— Дәрілерсіз сауығуға, жазылып кетуге болады ма?  — «Жоқ!» Мұндай жауаптар балаларды сау болуға үйрету керектігін көрсетеді.

Поляк  педагогі Януш Корчак былай деп жазды: «Балалар ересектер сияқты, дені сау және мықты болғысы келеді, тек балалар бұл үшін не істеу керектігін білмейді. Оларды түсіндірейік, сонда олар сақ болады ».

 

2.«Балабақшада баланың дені сау болу үшін не көмектеседі?» тақырыбында

педагогтар өз тәжірибесімен бөлісетін болады.
Біздің балабақшада  күн сайын, барлық жас топтарында денсаулықты нығайтуға көмектесетін және балалардың дене бітімін жан-жақты дамытуды  қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін дене жаттығуларының

бірнеше түрлері ұсынылады.

  1. «Балабақшадағы музыкотерапия». Музыка жетекшісі туралы өз тәжірибесімен бөліседі.

 

  1. «Дені саудың – жаны сау» тренинг психолог Муханалиевава А.Т.

 

Педагогикалық кеңестің шешімі:
1.Балабақшада балалардың дене бітімінің жан – жақты дамуына жағдайлар туғызу

Мерзімі – үнемі, күнделікті
Жауапты – тәрбиешілер, әдіскер

 

Педагогикалық  кеңес төрайымы:                           Смайлова Г.Б.

Хатшы:                            Салкынова Л.С.

 

 

 

 

 

 ЖШС«Нұр-Сұлтан55» «Нур-Султан» балабақшасы

педагогикалық кеңес отырысы

 2022-2023 оқу жылы

Хаттама №4

 

                                                                                                              30.03.2023  жыл

Қатысқандар: балабақша меңгерушісі – Г.Б.Смайлова

Әдіскер – Нағыметова Г.Ә.

Психолог – Муханалиева А.Т.
Тәрбиешілер – барлығы
Медбике – Д.З.Телеуова
Өткізілген орны: Музыка залы

 

ТАҚЫРЫБЫ:

«Жас ерекшеліктеріне сәйкес патриоттық тәрбие беруде тиімді орта құрудың маңызы»

МАҚСАТЫ: Ұтымды орта мен жоба арқылы жас ұрпаққа патриоттық тәрбие беру

КҮН ТӘРТІБІ:

  1. №3педкеңестің шешімдерінің орындалуы

2. «Мектеп жасына дейінгі балаларға патриоттық тәрбие берудің маңызы» баяндама

3. «Мектеп жасына дейінгі балаларды патриоттық тәрбиелеу»

  1. Үлгілік оқу бағдарламасы мазмұнын

игеру бойынша аралық даму мониторингі

  1. «Жақсы қарым-қатынаста бола білейік!» тренинг психолог

 

1 мәселе бойынша №3 пед кеңестің шешімдерінің орындалуы

2 мәселе бойынша «Қазақстанның болашағы — қоғамның идеялық бірлігінде» дейтін еңбегіндегі мына бір тамаша ойға жүгініс жасаған дұрыс болар: «Әрбір адам біздің мемлекетімізге, соның бай да даңқты тарихына, оның болашағына өзінің қатысты екенің мақтанышпен сезіне алатындай іс- қимыл жүйесін талдап жасауы қажет. Елдің мәселелері де, келешегі де барлық адамға жақын әрі түсінікті болуы тиіс. Әрбір адам бала кезінен Қазақстан – менің Отаным, мен үшін жауапты екені сияқты мен де ол үшін жауаптымын деген қарапайым ойды бойына сіңіріп өсетіндей істеген жөн». Міне, осы сөздің өзі – тұла бойы тұнған отаншылдық тәрбие міндеттері. Қазақстандық патриотизмнің анықтамасы да осынау ойдан арна тартады. Балаларға патриоттық рух беретін, халық үшін қызмет етуге үндейтін, өз елін қорғау үшін керек десе, жанын қиюға дейін баруға болатынын іспен көрсететін және үстем таптың озбырлық ниеттерін айқын әшкерелеп, оған қарсы күрес жүргізуге шақыратын Махамбеттің қуаты күшті шағын өлеңдерінің балалар үшін маңызы ерекше. Махамбет балалар әдебиетінің өкілі емес, бірақ Махамбет өлеңдерінің бірсыпырасы балалар мен үлкендерге бірдей ортақ мұра. Абай халықтың болашақ жаңа қауымына, жасөспірімдерге арнап талай өлеңдер жазды, нақыл сөздер айтты. Жастарды өнер-білімге шақырды. Абай өз өлеңдерін еріккеннің ермегі еткісі келмей, жастарға үлгі – өнеге көрсету үшін жазатындығын алдын ала ескертіп өтеді. Білімді ұрпақ туған ұлт – халық үшін қызмет етсін дегенді басты міндет етіп қояды. Ыбырай атамыз да бар үмітін жас ұрпаққа артты. Ыбырай атамыздың соңында қалған мұрасының жас ұрпаққа патриоттық тәрбие беру ісіне тигізетін әсері зор. Өйткені патриотизм қашанда, қандай қоғамда да өзінің әлеуметтік мәнін, маңызын жоғалтпайтын ұғым.

3 мәселе бойынша

Мектеп жасына дейінгі балаларды патриоттық тәрбиелеудің рөлі қандай?

Өздеріңіз білетіндей, кез-келген елде моральдық-патриоттық тәрбие әлеуметтік сананың маңызды сәттерінің бірі болып табылады. Бұл адамзат қоғамының және тұтастай алғанда мемлекеттің қалыпты тіршілік әрекетінің негізі болып табылатын бұл аспект.

Сондықтан, кіші және жоғары мектеп жасына дейінгі балаларда білім беру міндетті түрде азаматтық-патриоттық тәрбиеге негізделген.

Патриоттық тәрбиенің негізгі міндеттері қандай?

Мектепке дейінгі жастағы балаларды патриоттық тәрбиелеудің басты міндеті балабақшаға, ата-анаға, жақын адамдарға деген сүйіспеншілікті қалыптастыру болып табылады, содан кейін, тұтастай алғанда, баланың туған жеріне және оның мемлекетіне.

Мектепке дейінгі жастағы балалардың патриоттық сезімдерін тәрбиелеу бұрынғы КСРО дәуірінде орын алған. Бала өз мемлекетінің әнұранын айтпаған күн болған жоқ. Сонымен қатар көптеген патриоттық ұйымдар Отанына деген сүйіспеншілікті нығайтуға жауапты болды. Мүмкін, мұндай ізашар ұйымда болмаған бала жоқ шығар.

Қалпына келтіру кезеңінде мемлекет мектеп жасына дейінгі балаларды ұлттық-патриоттық тәрбиелеу туралы ұмытып кетті. Тек 90-шы жылдардың соңында мектептерде патриоттық топтар мен топтар пайда болды.

4 мәселе бойыншаҮлгілік оқу бағдарламасы мазмұнын

игеру бойынша барлық топтың  аралық даму мониторингі талқыланды.

 

5 мәселе бойынша тренинг психолог тақырыбы: «Жақсы қарым-қатынаста бола білейік!»

 

Мақсаты: Тәрбиешілердің арасында қарым-қатынасты нығайтып, жағымсыз көңіл-күйден арылуға және өздерін еркін сезінуге көмектесу.

 

Қажетті құрал-жабдықтар: Музыка аппараты, баяу әуенді диск, қағаз, қалам

 

 

Педагогикалық кеңестің шешімі:
1. Мектеп жасына дейінгі балаларды патриоттық тәрбиелеу талапқа сай жүргізілсін.

Мерзімі – үнемі, күнделікті
Жауапты – тәрбиешілер, әдіскер

2. Жылдық міндеттеме мақсатына жету жолында әр тәрбиеші өз іскерліктерімен, шеберліктерімен методикалық талапқа сай әрекет етсін және бала өмірінің қауіпсіздігін сақтасын.
Мерзімі – үнемі
Жауапты – тәрбиешілер, әдіскер.

 

Педагогикалық  кеңес төрайымы:                      Смайлова Г.Б.

Хатшы:                      Салқынова Л.С.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 ЖШС«Нұр-Сұлтан55» «Нур-Султан» балабақшасы

педагогикалық кеңес отырысы

 2022-2023 оқу жылы

Хаттама № 5

 

                                                                                                         30.05.2023  жыл

Қатысқандар: балабақша меңгерушісі – Г.Б.Смайлова

Әдіскер – Нағыметова Г.Ә.

Психолог – Муханалиева А.Т.
Тәрбиешілер – барлығы
Медбике – Д.З.Телеуова
Өткізілген орны: Музыка залы

ТАҚЫРЫБЫ :

«2022-2023 оқу жылындағы оқу-тәрбие жұмысының жағдайын анықтау, келесі оқу жылының мақсат-міндетін айқындау

МАҚСАТЫ:

Педагогикалық іс – әрекеттің тиімділігі, өнімділігі.

КҮН ТӘРТІБІ:

  1. Жалпы оқу жылына қорытынды «Балабақшаның 2022-2023 оқу жылында жүргізілген  жұмыстарына талдау»

2.Баланы ойын арқылы ұлттық құндылыққа тәрбиелеу. Тәрбиеші: Балгабаева Ж.Д.

3.Физикалық дағды «Дене шынықтыру ұйымдастырылған іс-әрекетінде ұлттық ойындарды қолдану» Тәрбиеші: Еспамбетова А.М.

4.Ұлттық құндылықтар арқылы балалардың танымдық зияткерлік дағдыларын  дамыту.Тәрбиеші: Салқынова Л.С.

  1. Жазғы сауықтыру жұмысының жоспарын бекіту.
  2. «Біздің жетістіктеріміз»

7.Психологиялық тренинг .Психолог:

 

1 мәселе бойыншаПедагогтар жыл бойына атқарған жұмыстарын ,яғни жылдық есептерін балалардың білімінбағалау бойыншаесептерін тапсырды. Жыл соңына келіп балаларненіүйренді қандай білімалды,деген сұрақтарға жауап болды.Әрбір педагог жыл соңында балалардың алған білімдеріқорытындымониторингте жақсынәтижебергенінайтыпөтті.Балабақша әдіскері  Нағыметова Г.Ә. сөз сөйлеп, мектепалды  топ тәрбиешілері жыл соңына келіп тәрбиеленушілердің, яғни мектепке шығатын балаларды балабақшамен қоштасу кешінің өткенін туралы айтты. Әрбір бүлдіршін үшін өмірінде балабақша ерекше орын алатындықтан қоштасу кешінде ерекше көңіл-күй сыйлап , бибилеу, ән анайту барысында тәрбиешілерге көмек қолын созып, бүлдіршіндерге би билеуді, ән, тақпақтар айтылып керемет балабақшамен қоштасу кеші өтті.

Мектепалдытобыныңбалаларывальсқатүсті,рокн-ролл биіне,ұлттықбиінбиледі ертеңгілік аясындаәрбір тәрбие берген педагогтарғабалабақшағадегенөзризашылықтарынбілдірді, ертеңгілік соңында тәрбиешілерімен бірлесе отырыпфлеш-моб биледі.Ата-аналарқатысып,тәрбиешілерінеалғыстарынбілдірді.

 

2 мәселе бойыншаҰлттық құндылықтар дегеніміз не? Әр ұлттың өзінің ұлттық құндылықтары болады. Бір ұлтты екіншілерінен ерекшелендіріп тұратыны оның: тілі, ертегілері, мақал-мәтелдері, лиро-эпостық және батырлар жырлары, әдет- ғұрпы, салт-санасы, менталитеті, мәдениеті, өнері, тағамдары, ұлттық қолөнері, тұрмыстық бұйымдары, ұлттық ойындары, т.б. өзгелерге ұқсамайтын қасиеттері. Осылардың бәрі – ұлттық құндылықтарға жатады.  Кез-келген ұлттың сипаты бес қағидаға келіп тіреледі. Біріншісі –тілі, екіншісі –діні, үшіншісі-дәстүрі, төртіншісі –тарихы, бесінші-атамекені. Құндылықтар –шынайы ғана болады, ол адамға тәуелді емес,дей тұрғанмен ол ең алдымен адам санасында орын алады.Құндылықтарды сезім арқылы қабылдап, ал сана арқылы түсінуге болады, соның нәтижесінде тұлға құндылықты игереді,соған сай әрекет етеді.
Дана халқымызда «Ағаш түзу, әдемі болып өсу үшін оны көшет кезінде баптау керек, ал қисық ағаш болып өскенде оны түзете алмайсың» деп бекер айтылмаған. «Мәңгілік ел» идеясында өскелең ұрпақ тәрбиесіне баса мән берілген. Осы идеяны қалыптастыру үшін ең алдымен ұлағатты тәрбие мен сапалы білімнің қажеттілігі анық көрсетілген. Ал,адамгершілік тұрғыдан құнды қасиеттері бар, рухани бай тұлғаны қалыптастыру сәби кезінен бастау алатыныбелгілі. Балабақша қабырғасынан бастап, Отан, ел, жер ұғымының киелігін   білу, салт-дәстүр, менталитет, тарихтың маңызын бойына сіңіріп өсіру-ең басты қағидат.

3 мәселе бойыншаҰрпағын ойламайтын халық болмайды. Ұлттық ойындар – ата-бабаларымыздың бізге берген байлығы мен асыл қазынасы.

Ойын – мектеп жасына дейінгі балалар іс-әрекеттерінің негізгі түрі. Ойын – баланың, бүкіл балалар ұжымының дамуында басты рөл атқарады. Балаларға ұлттық ойындар арқылы халқымыздың тарихын, мәдениетін таныстыру қолға алынған. Жинақтағы ұлттық ойындардың тәрбиелік мәні зор. Мектеп жасына дейінгі балалардың қоғамдық құбылыстарды, қоғамдағы ересек адамдардың іс-әрекетін өз түсінігінше әрекеті арқылы бейнелеуі ойын болып саналады.

Ойын дегеніміз – тынысын кең алысқа меңзейтін, ойдан-ойға жетелейтін, адамға қиялмен қанат беретін ғажап нәрсе, ақыл-ой жетекшісі, денсаулық кепілі, өмір тынысы.

Ойын – өсіп келе жатқан ұрпаққа білім мен тәрбие берудің ертеден қалыптасқан құралы. Тәрбиелік міндеттердің кең ауқымын шешу үшін арнайы ұйымдастырылған ойындар тәрбиеленушілердің болашақ өмірдегі еңбек қызметіне даярлайды.

4 мәселе бойынша өз халқымыздың салт-дәстүрлері, асыл қазыналары, асыл мұралары туралы түсініп, жүректерімізге жеткізе отырып, ұлттық таным мен тәрбиеге баулу болып табылады.

Бала тәрбиесіне, жалпы адам тәрбиесіне терең мән беріп, оның сәтті қағидалары мен  ережелерін жасағандардың бірі – қазақ халқы. Халқымыздың тәрбие тәсілдері мен тәжірибелері ғасырдан бері жинақталып келе жатқан алтын қазығымыз. Сол тәжірибе, танымның, ұлттық құндылықтарымыздың бірегейі халқымыздың салт-дәстүр, әдет-ғұрып үлгілері мен өнегелері. Ал біздер мен сіздер осы құндылықтардың заңды жалғастырушысы мен қорғаушыларымыз. Ұлтымыздың мақтанышына айналған ұлттық құндылықтарымыз ұлттығымыздың негізі. Ендеше, сіздерді ұлттық құндылықтарымызды тануға шақырамын.Ұлттық құндылықтар арқылы балалардың танымдық зияткерлік дағдыларын  дамыту

ТЫҢДАЛДЫ: Меңгеруші Смайлова Г.Б. сөзалып,жазмезгілініңжоспарыментаныстырыпөтті.

 

5 мәселе бойынша Мектепкедейінгі ұйым қызметі екі кезеңге бөлінеді.

 

  1. 1-қыркүйектен31-мамырғадейін-Үлгілікбағдарламамазмұнынигерукезеңі:
  2. 1-маусымнан 31-тамызғадейін–жазғысауықтырукезеңі.
  3. 1-қыркүйекте 6 жасқа толған балалар мектепке дейінгі ұйымнан жыл сайын 1-тамызғадейінбосатылады;
  4. Балалардыбіржас тобынанбасқасына ауыстыруағымдағыжылғы1маусымда жүзеге асырылады.2022-2023 оқу жылына арналған әдістемелікнұсқаулық хат негізінде бөбекжайда 1-маусымнан бастап жазғысауықтыру кезеңібасталады.2022-2023оқу жылының жазғы сауықтыру кезеңінің жоспарыдайындалып,меңгеруші Смайлова Г.А. бекітті.Жоспар бойынша аптаның 4-күні жазғы кестеге сәйкес жеңілдетілген оқу қызметтері өткізіледуі. Аптаның бесіншікүні апталық тақырыпты қорытындылау нәтижесінде ойын-сауық өткізіледі. Ойын-сауыққа жауапты педагогтар бекітілді. Балаларды жазғы кезеңде дене-сауықтыружұмысы тиімді тамақтану ұйымдастыру .шынықтыру күннің көзіне қыздырынусеруендержорықтар жарыстаржәнет.б сауықтыружүйесінқамтиды.

6 мәселе бойынша 2022-2023 оқу жылындағы  балабақша жетістіктері туралы әдіскер Г.Ә.Нағыметова баяндады.

7 мәселе бойынша Тақырыбы: «Біз – бір ұжымбыз!» тренинг
Мақсаты: Ұжымда бірауыздылықты, ашықтықты, сенімділік деңгейін, эмоционалды еркіндікті орнатуға жағдай жасау.
Міндеті: Қатысушылардың бірін – бірі туралы көптеген мағлұматтар алу.

Әр қатысушыға өзін бір үлкеннің кішкене бөлшегі ретінде, ұжымның бір мүшесі ретінде сезінуі үшін ұжым ішінде жағымды ахуал орнату

Топтың бірігуіне әсер ету.

 

 

Шешім:

  1. № 55 «Нұр-Cұлтан» балабақшасының ІV  – педагогикалық кеңес отырысында  қабылданған шешімдер  «орындалды»  деп  қорытындылансын.
  2. 2022-2023 оқу жылына жасалған  жылдық  жоспары  «толық орындалды»  деп  қорытындылансын
  3. 2022-2023 оқу жылындағы барлық педагогтердің атқарылған жұмыстарының нәтижелері, жеткен жетістіктері бойынша жүргізілген  мониторинг қорытындысы  «Мониторинг көрсеткіші» стендіне ілінсін.
  4. Біліктілік санаттарын арттыруға үміркер  педагогтер  Ұлттық біліктілік тестілеуге екінші рет баруға дайындалсын және портфолиолары толықтырылсын
  5. Балалардың денсаулығын нығайту мақсатында жұмыстар күшейтілсін
  6. Балалардың мектепке  психологиялық – педагогикалық  дайындығына  алдағы уақытта да көп көңіл бөлініп,  осы бағыттағы жұмыстар жалғастырылсын
  7. 2022-2023 оқу жылында жас маманмен жұмыс жүргізілген жұмыс «жақсы» деп қорытындылансын
  8. Тәрбиешілердің 2022-2023 оқу жылы барысында жасаған жұмыстары «жақсы» деп бағалансын
  9. Ата-аналармен бірлесе іс-шаралар  жүйелі түрде жүргізілсін
  10. Жаз мезгілінде балалармен жүргізілетін сауықтыру-шынықтыру шаралары жүйелі түрде толық жүргізілсін. «Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында жазғы сауықтыру жұмыстарын ұйымдастыру бойынша әдістемелік ұсынымдар»  жұмыс барысында басшылыққа  алынсын.
  11. Жазғы сауықтыру кезеңінің күн тәртібі, ҰОҚ кестесі, өтпелі тақырыптар, жұмыс жоспарлары бекітілсін.

 

 

Педагогикалық  кеңес төрайымы:                       Смайлова Г.Б.

Хатшы:                                                                   Салқынова Л.С.

 

 

 

 

 

 

  ЖШС«Нұр-Сұлтан55» «Нур-Султан» балабақшасы

Кезектен тыс педагогикалық кеңес отырысы

 2022-2023 оқу жылы

Хаттама № 6

 

                                                                                                      03.07.2023  жыл

 Қатысқандар: балабақша меңгерушісі – Г.Б.Смайлова

Әдіскер – Нағыметова Г.Ә.

Психолог – Муханалиева А.Т.
Тәрбиешілер – барлығы
Медбике – Д.З.Телеуова
Өткізілген орны: Музыка залы

                                                     Күн тәртібі:

                        Педагогтерге біліктілік санаттарын беру  туралы

                                                           Тыңдалды:

«Педагогикалық этиканың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 11 мамырдағы № 190 бұйрығына (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 12 мамырда № 20619 болып тіркелген) сәйкес педагогикалық этиканы сақтау мәселесі бойынша біліктілік санаттарын беруге  үміткер педагогтер  туралы қысқаша ақпарат.

Бірінші мәселе бойынша аттестаттау  комиссиясына біліктілік санаттарын  алуға өтініш берген педагогтар өтініштерін  қарап  зерделенді.

Сөзалды:

Аттестаттау  комиссиясының хатшысы- Салқынова Л.С.

Күн тәртібі бойынша аттестаттау комиссиясына өтініш берген педагогтардың  міндетін  анықтап, жылдық жоспарын бекіту. Педагог қызметкерді аттестаттау-біліктілік деңгейін, кәсіби құзыреттілігін,  іс-әрекеттерінің  нәтижелілігін және сапасын талдау, оның әдістемелік тәжірибелік жұмыстарына  қатысу негізінде зерделенеді, әрі  пәндерге сәйкес негізгі лауазымы бойынша бірдей санат берілуімен өткізіледі.

Күн тәртібіндегі келесі мәселе бойынша педагог қызметкерді аттестаттау ережесімен таныстыру.

Педагог қызметкерлерді  аттестаттау Ережесі бойынша  мектепке дейінгі тәрбие беру ұйымдарының педагог қызметкерлерді аттестаттау тәртібі анықталған.

Ережеге сәйкес аттестаттаудың алдыңғы аттестатау мерзімі аяқталғаннан кейін, 5 жылда кемінде бір рет өткізіледі.

Педагогикалық қызметкерді аттестациядан өткізу негіздері:

Педагог қызметкердің кезекті мамандық санатын алуға өтініш;

Білім мен тәрбие беру ұйымдарының  педагог қызметкерді аттестаттау  ағымдағы оқу жылы аралығында өткізіледі.

Аттестаттаудан өту тәртібі:

Педагог қызметкерді аттестаттау  екі кезеңнен тұрады:

І-кезең. Өтініш берген педагогтың портфолиосын зерделеу.

Екінші кезеңге мыналар  кіреді:

ІІ-кезең Кәсіптік тестілеу.

Педагог қызметкер қызметінің қорытындысын талдау.

  • «МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ТӘРБИЕ МЕН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ ЖӘНЕ ЖАС ПСИХОЛОГИЯСЫ» – 20 ТАПСЫРМА;
  • «МЕМЛЕКЕТТІК БІЛІМ БЕРУ СТАНДАРТЫН ЖӘНЕ МД ТӘРБИЕ МЕН ОҚЫТУДЫҢ ҮЛГІЛІК ОҚУ ЖОСПАРЛАРЫ МЕН БАҒДАРЛАМАЛАРЫН БІЛУ» – 10 ТАПСЫРМА;

өтініш берген педагогтың портфолиосын зерделеу.

Берілген материалдар негізінде талдау.

 

Шешімі:

1.Өтініш берген педагогтың іс-құжаттары сараптаудан өткізіліп, өтініштер қабылдансын.

2.Аттестаттау комиссиясының жылдық жұмыс жоспары бекітілсін.

 

 

 

 

Аттестаттау комиссиясының  төрайымы:                   Смайлова Г.Б.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *