Мектепке дейінгі ұйымдағы тәжірибе:баланың ойын әрекеті рефлексиялық есеп

Жалгасбаева Жанна Медеубаевна
Топ нөмері: 09-18-471-23 тобы
Қызылорда қаласы,«ПШО» ЖМ филиалы

Жоспарлау
Балабақша күн тәртібіне сәйкес циклограмма аясында 2 режимдік сәттерге өзгеріс енгіздім.
1.1-режимдік сәттердегі өзгеріс енгізілу себебі,«Бала үні»: топтағы Шұғыла есімді қыз бала күннің I -жартысындағы балабақшаның таңғы қабылдау сәтінде қоршаған ортадағы ауа-райы құбылысы «Жел қайдан келді?» сұрағына қызығушылық танытты.Шұғыла өзінің желге қарсы бағытта жүргенде бетін,киімдерін шаң басқанын айтты.
Мен бала үнін тыңдай отырып жас ерекшелігі мен қызығушылығын ескере отырып,циклограмманың баланың дербес әрекеті режимдік кезеңіне «Жел қалай пайда болады?» зерттеу жұмысын жүргізуді жоспарладым.Себебі зерттеу жұмысын Шұғыланың таңертең «Жел қайдан келді?,-деп маған ашық сұрақ қойып,қызығушылық танытып,бала үнін тыңдау арқылы қызығушылығын жетілдіру мақсатында қолдандым.
2.2- режимдік сәтке өзгеріс енгізілу себебі:балабақша күн тәртібіне сәйкес циклограмма аясында күннің II-жартысындағы «Бесін ас» сәтінде топтағы Кәусар есімді қыз кезекшілік қызмет атқару барысында мен оған тікелей бақылау жасау арқылы оның баяу қимылдайтынын,еңбек әрекетінде белсенділік танытпайтынын және өте жәй қозғалатындығын байқап,мен оның белсенділігін арттыру мақсатында осы еңбек әрекеті арқылы циклограмманың күннің II-жартысындағы дербес әрекет бөліміне «Кім жылдам?» жұптық әдіс арқылы құрылымдалған ойынын жоспарлап өзгеріс енгіздім.Бұл ойынды енгізген себебім,кезекшілікті атқару кезінде Кәусардың қимыл әрекетінің өте баяу,еңбекке деген сүйіспеншілігінің төмен екендігін байқап,еңбекке сүйіспеншлігі мен қимыл-қозғалысын арттыру мақсатында мен топтағы белсенді қыз Асылыммен жұптық әдіс арқылы «Асхана» құрылымдалған ойынын жоспарладым.
Жүзеге асыру
Шұғыланың күннің I -жартысындағы балабақшаның таңғы қабылдау сәтінде қоршаған ортадағы ауа-райы құбылысы «Жел қайдан келді?» сұрағына қызығушылық танытуына байланысты зерттеу жұмысын жүргіздім.Зерттеу жұмысы барысында серуенге шыққан кезімізде мен топтық бақылау жасадым,яғни топтық бақылау жасау барысында «миға шабуыл» әдісін қолданып,жұмбақ жасыра отырып,желді әуе шарлары арқылы бағытын бақыладық.Шұғыланың қызығушылығын дамыту мақсатында «Әуе шары» ұжымдық ойынды ұйымдастырдым,ойын сәтінде балаларға топтық бақылау жасадым.
Осы ойын әрекеті арқылы Шұғыланың әуе шарының желдің бағытына қарай ұшқанын таңырқай қарап,әлеуметтік дағдысы қалыптасты.Серуен барысында келесі жұмысым «Үлкендерге көмек» еңбек іс-әрекетін ұйымдастырдым.Еңбек әрекеті барысында балалар балабақша ауласындағы желден ұшқан қағаз қалдықтарын жинастырып,балабақша қызметкерлеріне жәрдемдесті.Осы еңбек әрекетінде балалардың үлкендерге деген сыйластық, көмек,қамқоршылық,адамгершілік дағдылары қалыптасты және еңбек әрекетіне деген қызығушылығы артты.

2. Процесс арқылы саралау тәсілі
Кезекшілердің еңбек әрекетін бақылау барысында мен топтағы Кәусар есімді қыз баяу қимылдайтыны байқап,оның қимыл белсенділігін арттыру мақсатында мен топтағы белсенді қыз Асылыммен жұптық әдіс арқылы «Асхана» еркін ойынын дамытушы заттық-кеістігікте ойнатуды жөн көрдім.Бұл жерде жұптық әдісті қолдануымның себебі,Асылым өте белсенді,жылдам,ойлау қабылеті жоғары қыз болғандықтан осы жұптық әдісі арқылы мен Кәусарға септігі тиеді деген мақсатта қолдандым.
Ойын барысында Кәусарға тікелей бақылау жүргіздім.Тікелей бақылау кезінде ойын үстінде баяу Кәусар белсенді болып,Асылымның пікіріне құлақ салып,оның ойымен бірге бөлісіп,екеуі ортақ бір шешімге келіп,жұптық әдістің көмегі көп болғанын байқадым.Бұл жерде Кәусардың әлеуметтік дағдылары қалыптасты.Кәусар мен Асылымның жұптасып бірлесіп жұмыс жасауы арқылы Кәусарда еңбек әрекетінің белсенділігі,еңбекке сүйіспеншлігі артып,еңбексүйгіштік дағдысы қалыптасты.
Жұптық әдіс:«Кім жылдам?» құрылымды ойынын қызыға бірлесе жылдам ойнады.Ойын барысында Кәусар шапшаң қимыл әрекеттер жасауға талпынды.Ойын арқылы Кәусардың бойында шапшаңдығы,жылдамдығы артып,физикалық дағдылары қалыптасты.

Рефлексия
Мен өзім ұйымдастырған іс-әрекет барысында күннің I-жартысындағы 1-режимдік сәттегі өзгеріс енгізген тәсілім,педагог ретінде мен үшін қолжетімді нәтиже берді.Менің зерттеу жұмысымда
тиімді болған жағы,балалар желдің бағытын білді,еңбек етуге тәрбиеленді,берілген тапсырмаға жауапкершілікпен қарап,белсенділік әрекеті дамыды,бастаған істі аяғына дейін жеткізе білді,оны орындады және үлкендерге көмектесті және оң нәтижесін беріп тиімді болды.
Таңдалған режимдік сәтте еңбек әрекетінде балалар қызығушылығын арттыру мақсатында жақсарту мақсатында педагог жетекшілігімен ойын және сыни ойлау тұрғысында әлеуметтік дағдысын дамыту үшін балалар арасында топтық «Бәйге» интелектуалды ойын бала қызығушылығына орай ұйымдастыруға болатынына тұжырым жасадым.Топтық «Бәйге» интелектуалды ойын барысында түрлі сұрақ-жауап әдісі арқылы балалар жауаптары тыңдалды.Мен үшін осы ойында тиімсіз болған тұсы,балалардың ойын барысын бақылауымда балалардың бойынан шаршаңқылық байқадым.Осы тиімсіз тұсты болдырмау мақсатында ойын арасында сергіту ырғақты қимылдар қосуды ұсынар едім.
2-режимдік сәтке мен балалардың еңбек әрекетін әрі қарай дамыту және еңбек әрекетіне машықтандыру мақсатында балабақшада «Тәтті аспаздар» атты үйірме жұмысын ұйымдастыруға болатынына ұсыныс жасар едім.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *