Мекайыл Абайұлының Алашқа арнаған тағдыры

Ғылыми жетекшісі: Фатима Қозыбақова, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті, Қазақстан тарихы кафедрасының профессоры.

Дайындаған: Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің филология факультетінің 1-курс студенті Сарсенбаева Аружан

           Адамзаттық тарихтың асыл арқауы – азаттық пен жасампаздық жолы. Оның негізін – бірлік пен татулық, достық пен тұтастық құрайды. Арғы-бергі тарихта, өркениет дамуында азаттықты ту еткен, бостандық жолын мұрат еткен, осы бағытты таңдаған ұлт пен ұлыстар көп-ақ. Алайда, азаттық жолына түсу, тәуелсіздік мұраттарына қол жеткізу оңай болмағаны анық.

Ел тарихы мен дамуында – Алаш жолы, азаттық пен тұтастық мәселесі кең орын алады. Бұл – тәуелсіздік кезеңінде маңызды факторға айналды.

Қазақстан тарихнамасында ұлт зиялыларының азаттық пен бостандық жолындағы ерен еңбектеріне кең орын беріледі.Соның ішінде ғасырларан бері бойына біткен тәрбие мен ұлтжандылықтың, елін сүйген ерлерден көрген тәлімнің нәтижесінде қаншама зиялы қауып өкілдері көпшіліктің ортасынан суырылып шықты. Халық Ардақтанан дана Абайдың да қара шаңырағында осындай жанның бірі бар еді.

 Задында Абай өнегесі – тек ақындықтың, әдебиеттің маңайы ғана емес, ұлт тағдыры сынға түскен ұлы мұрат – азаттық пен теңдіктің де ғибратты аңсары еді. Сондықтан ұлы Абай дүние салғаннан соңғы бір жылдан кейін қазақ топырағында «Алаш» ұлт-азаттық күресінің алғашқы үні басталды. Алаштың өзегінде Абай аманаты жатыр. Абай балаларының ішінде Алаш мүддесі жолында тік тұрып қызмет қылған ерекше тұлға Турағұл Ибраһимов болса, оның туған інісі, данышпанның Әйгерімнен туған екінші ұлы Мекайыл туралы да атап өткім келіп отыр.

Абайдың өзі сүйіп алған асыл жары Әйгерімнен туған Тұрағұлдан кейінгі «несібе таратушы періштесі» халқымыздың тағдырына расында үлкен бақыт әкелу үшін еңбек етті. Мекайыл жас кезінде Абай ауылының өзге балалары секілді алдымен мұсылманша, кейіннен орысша сауат ашқан. Әрхайым Ысқақұлының естелігінде «Тобықты ортасында Абайдан бұрын орысша оқи білетін, сөйлей білетін адамдар болған жоқ… Абай ауылында болып, орысша сөйлей, оқи, жаза білетұғын мынадай адамдар болды: Абайдың өз інісі Ысқақ, Оспан, Шәкәрім, Кәкітай, балалары Турағұл, Мекайыл, көршілері Хабидолла, Сүлеймен, Махмет, Мүрсейіт, Солтабайдың Ысқағы, Ырсайдың Ысқағы» деп санаулы ғана адамдардың есімін атайды.  «Мекайыл Абайұлы қазақ жастарының «Талап» атты мәдени-ағарту ұйымын құрып, төрағасы болды» деген жалғыз-жарым дерек оның қоғамдық істерде қандай орны болғанын айғақтайды. Мекайыл осы ұйым арқылы Бүкілресейлік Құрылтай жиылысына сайлау науқанында Алаш партиясын қолдау үшін халық арасында үгіт-насихат жүргізді, Семейде «Абай» журналын шығаруға қаржылай демеушілік жасады. Осындай үлкен істерге қол үшын созған Алаштың айбарлы ұлы, дана Абайдың перзенті  1931 жылғы зобалаңда сақылдаған мылтық даусынан Түйемойнақ аралында жетпіс адамның бірі болып көз жұмады.. Түйемойнақ – алаштың айбары еді, ән думаны еді, жаз күлкісі еді, сауық-сайраны еді, ал сол жолы ол қызыл қанға боялады… Қасиетті жердің қадірін қашады, бірақ әрбір мерт болған жанның елі үшін жасаған еңбегі, жаңа ғана дүрсілі тоқтаған жүректерінің қалауы мәңгілік сол жерде қала береді.

… Ұзақ жылдардан кейін ғана көптеген алаштың ардақты азаматтарының есімдері халқымызға қайта оралды. Осы қанқұйлы жылдардың оқиғасын, оның жазықсыз құрбаны болған адамдардың есімдерін мәңгі ұмытпай, оларды әрқашан есте сақтау, өткенге салауат етіп, ақтаңдақтар ақиқатына тереңірек мән беріп, ұғыну – бүгінгі ұрпақ парызы.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *