Алаш арысының бірі —Жүсіпбек Арыстанұлы

Ашаршылық жылдарында қазақ қайғысына қабырғасы қайыса, құр қарай алмай 1933 жылы Л. Мирзоянға «Алтаудың хатын» жазушылардың бірі, аштық көріп, өлермен хәлде шекара аспақ болған жандардың жан айқайын басшылыққа жеткіземін деп, репрессия құрығына түсіп қалған, бірі білсе, бірі біле бермейтін жазушы, публицист —Жүсіпбек Арыстанұлы жайында сөз қозғамақпыз. 

Жүсіпбек Арыстанұлы 1904 жылы Қызылорда облысы,бұрынғы Тереңөзек ауданында Нұрман батырдың ұлы Арыстанның шаңырағында дүниеге келеді. Атасы Нұрман батыр —Қоқан шапқыншылығы кезінде елді қорғап, Сыр, Ақмешіт өңірдерінде аты шыққан, сом денелі, салмақты,зерек, ел қамын ойлаған азамат болған.Бозбалалық шағы Азамат соғысы жылдарына,одан ашаршылық кезіне тап болып,әуелі Қызылорда,одан Ташкент балалар үйіне түсті.Осыншама тауқіметке қарамай Жүсіпбек те атасына тартып жастайынан зерек болды. Сырдария кеңес-партия мектебін аяқтап, 1922 жылы Мәскеудегі Шығыс еңбекшілерінің коммунисттік университетінде оқуын жалғастырып, 1925 жылы оқу орнын тәмәмдап шығып, өз туған жеріне қайтып, М.Дулатов, Ж.Аймауытов,Х.Досмұхаммедов, І.Жансүгіров, А.Байтұрсынұлы және т.б. қазақ зиялылары шоғырланған«Ақ жол» газетіне жұмысқа тұрады. Бұл газетте қызмет атқаруы Жүсіпбектің саяси санасын әжептеуір серпілтіп тастайды. Ал бертін келе 1927-1928 жылдары Орта Азия мемлекеттік университетінде оқытушы қызметін атқарды. Өз білімін шыңдай түсу мақсатында 1933 жылы Қызыл профессура институтын бітіреді. Осы жылы қазақтың басына түскен аштық зардаптарын көріп,«Алтаудың хатын» жазушылардың бірі болады. 1935-1936 жылдары марксизм-ленинизм институты директоры орынбасары қызметін атқарады. Сол жолмен мемлекетке 1938 жылыдың тамызына дейін, яғни саяси қуғын-сүргінге түскеніне дейін адал қызмет етеді. 

1938 жылы Жүсіпбек бірнеше совет қайракерлерімен бірге НКВД қызметкерлері Катков пен Оспанов тарапынан тұтқындалады да, азапқа салынады. Өзінің алғашқы азапталуы туралы Жүсіпбек естеліктерінің бірінде:«… Менің ісім ұрып-соғу әдісімен заңсыз жүргізілді. Айталық, 1938 жылдың 11 тамызында тұтқындалысыммен мені тұп-тура аға тергеуші Катковтың кабинетіне әкелді, ал ол болса маған ешқандай айыптау жасап, жауап алған жоқ, бірден ұрысып, боқтай бастады, айғайлады:«Арыстанов, сен ұлтшыл, сатқынсың, соны мойындап, өтініш жаз, әтпесе —атыласың!» —деді. Онымен қоса өздері ойдан құрастырып алған «сатқын»,«ұлтшыл»,«идеологияға қарсы келуші «жат элемент» деген айыптарын мойындатпақ үшін тамақсыз, ұйқысыз, соққы астына алып, қорлықтан талықсыған бойына суық су құйып өзіне келтіріп, қайта азапталды, осының салдарынан Жүсіпбектің желкесіне шиқан қаптап, ауырды. Моральдық, физиологиялық езгі астында құжаттарға қол қойдырлып, 17 жылға сотталып кете барды. 

Жүсіпбек бәлендей бай тұқымы да, сатқын,«жат элемент» те емес еді. Бар болған ғұмыры бойы оқып, білімін шыңдап, көкірегі ашық көзімен аштық жағдайын көріп, пікірін білдіргені, халқы туралы ойлағаны болмаса, кеңестік үкіметке ес білгеннен адал қызмет етіп келмеді ме? 1937 ОК бюро мүшелігіне кандидат болып сайланып, үкімет қызметінде болды. Өзі жұмыс істеген газеттерде кеңестік үкіметтің прогресшіл тұстарын қарыштап тізіп шығып, айтпады ма? Осынша қызметіне қарамай, бір ғана халқына деген бауырмалдыққа бола «теріс бағытты ұлтшыл» болып шыға келді де 17 жылға бас бостандығынан айырылып кетті. Ал 17 жылдан соң әрең қамаудан қайта шықты. Оған дейін «халық жауы» аталып, бетіне балшық жағылып бітті. Халқы, қазағы үшін жан азабын сезінген Жүнісбек Арыстанұлы жарты ғасыр бұрын халық көзіне «жау» болып көрінгенімен, қазіргі қазақ қоғамына қаһарлы саясатқа қарсы тұрған қаһарман болмақ! 

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *