Лаңкестік – адам өміріне төнген тосын қатер

Талғар агробизнес және менеджмент колледжі

Оқу сабағының жоспары

 

Жоспардың  бөлімі:  Адам өмірін сақтау

 

 Оқытушыныңаты-жөні:  Ахметова М.М.

 

Күні:«____»  ____  20___жыл Курс:  ­­­­­____Топ: ________
Модуль/пән  атауы: Қазақ тілі
Сабақтың   тақырыбы: Лаңкестік – адам өміріне төнген тосын қатер
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың мақсаты: Оқылым және тыңдалым материалдары бойынша түртіп

жазудың (конспектілеудің) әртүрлі жолдарын меңгеру арқылы негізгі  ақпаратты іріктеу;

Оқу-жаттығу процесінде білім алушылар меңгеретін күтілетін нәтижелер оқылым және тыңдалым материалдарын конспектілеу

арқылы негізгі ақпаратты іріктей алады.

 

Қажетті ресурстар  
Сабақтың барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері:
Сабақтың басы (5 минут) Психологиялық ахуал қалыптастыру. Мұғалім

ынтымақтастық атмосферасын орнату үшін «Мадақтар

бұрқасыны» тәсілін қолданады. Оқушылар 1–1,5 минут

ішінде бір парақ қағазға ұстазынан естігісі келетін

мадақтарды жазады, оны оқып беретін көршісімен

алмасады.

Қызығушылықты ояту. Ойтүрткі. 1-тапсырма.

«Алдын ала берілген атаулар» тәсілін пайдаланып,

тақырыпқа қатысты бірнеше атаулар жазады, олардың

маңызын, ерекшелігін сұрайды, сұрақтар қояды:

– Адам өміріне аса қауіпті қандай іс-әрекеттерді атар

едің ?

– Лаңкестікті жасайтын кімдер?

 

Сабақтың  ортасы 2-тапсырма. Елбасының «Рухани жаңғыру: болашаққа

бағдар» атты мақаласын оқиды, сабақ тақырыбына

қатысты ой-тұжырымдарға конспект жасайды.

3-тапсырма. Тірек сөздерді пайдаланып, өзекті

мәселелер туралы өз ойын айтады, кластер құрады.

Тілдік бағдар. Синтаксистік нормалар туралы

мағлұмат береді, мысалдар келтіреді,

4-тапсырманы орындатады. Оқушылар берілген мәтінді өңдейді,

синтаксистік нормаға сай дұрыс жазады.

Дескриптор:

– сұрақтарға нақты жауап береді;

– мақаладан қажетті ақпаратты алады;

– оқылым мәтіні бойынша конспект жасайды;

– суреттерді сипаттайды;

– экстремизм жайлы ойын кластерге түсіреді;

– синтаксистік нормаларды меңгереді.

– синтаксистік норманы меңгереді.

Қалыптастырушы бағалау. Мұғалім көңіл күй

смайликтері арқылы бағалайды.

 

11-тапсырма. https://youtu.be/bsygZ7STsu8

«Үздік инспектор» рөлдік ойынын

ұйымдастырады.

«ПОПС» формуласының негізінде оқулықтағы 13-

тапсырманы орындатады. Оқушылар мәтінді оқиды,

пікірлерін дәлелдейді, қарамен жазылған сөйлемдерге

синтаксистік талдау жасайды.

 

«ПОПС» формуласының құрылымы:

1. Бірінші сөйлем «Біздің ойымызша,… »

2. Екінші сөйлем «Себебі, біз оны … былай

түсіндіреміз».

3. Үшінші сөйлем «Оны біз мына …

деректермен, мысалдармен дәлелдей аламыз».

4. Соңғы сөйлем «Осыған байланысты …

мынадай қорытынды шешімге келдік».

 

14-тапсырма. «Интервью» ойынының негізінде жұптық

жұмыс ұйымдастырады.

Дескриптор:

– мәтіннен қажетті ақпаратты алады;

– оқылым мәтіні бойынша конспект жасайды;

– сөйлемдерге синтаксистік талдау жасайды;

– диалог құрау арқылы білімдерін толықтырады;

– өзара коммуникативтік қатынас орнатады.

Қалыптастырушы бағалау.«Бас бармақ» әдісі

арқылы бағаланады.

Кері байланыс. «Не қиын, не оңай?» әдісі бойынша

түсініктерін толықтырды.

Ойсергек. 12-тапсырма. Жағдаяттық тапсырманың

шартын орындатады.

 

Сабақтың  соңы

( 5 минут)

15-тапсырма. Мәтінді оқытады, қарамен жазылған

сөйлемдерге синтаксистік талдау жасатады.

Дескриптор:

– мәтінді түсініп оқиды;

– мәтіннің тілдік ерекшелігіне талдайды;

– сөйлемдерге синтаксистік талдау жасайды.

Қалыптастырушы бағалау. Оқушылар бір-бірінің

жұмысын түрлі түсті желімқағаздар арқылы бағалайды.

 

Үйге тапсырма. Оқулықтағы 5-тапсырманы орындау беріледі. Тапсырманың шарты, қалай орындалу қажеттігі түсіндіріледі.

 

Сабақ  бойынша рефлексия Рефлексия. Ойтаразы. 16-тапсырма. «Шығу парағын» пайдаланып, сұрақтарға жазбаша жауап береді.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *