Абай Құнанбаев «Масғұт» поэмасы

Талғар агробизнес және менеджмент колледжі

Оқу сабағының жоспары

 

Жоспардың  бөлімі: Қалың елім, қазағым   Оқытушының атыжөні: Ахметова М.М

 

Күні:«____»  ____  20___жыл Курс:  ­­­­­____Топ: ________
Модуль/пән  атауы: Қазақ әдебиеті
Сабақтың   тақырыбы: Абай Құнанбаев «Масғұт» поэмасы
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың мақсаты: Шығарманың тарихи және көркемдік құндылығын анықтау, көркем шығармадағы көтерілген мәселелердің жаңашылдығын бағалау.
Оқу-жаттығу процесінде білім алушылар меңгеретін күтілетін нәтижелер  

Көркем шығарманың идеясын адамгершілік құндылық тұрғысынан талдап, жаңашылдығына баға беріп, әдеби эссе жазады;

 

Қажетті ресурстар  
Сабақтың барысы
Сабақтың

жоспарланған кезеңдері

.
Сабақтың басы (5 минут) Ұйымдастыру Амандасу, түгендеу

Топқа бөлу

Қызығушылықты ояту кезеңі

Сабақтың тақырыбын суреттер арқылы болжайды.Ойларын ортаға салады.

 

 

 

·         Сабақтың тақырыбы мен мақсаты анықталады.

Кескіндер (ақ, сары, қызыл жеміс) арқылы оқушылар топқа бөлінеді

Сабақтың  ортасы Топтық жұмыс

1-тапсырма. Мағынаны тану кезеңі   

Берілген сұрақтарды мұқият оқиды, топтағы оқушылар ақылдаса отырып, жауап береді (әр топқа екі сұрақтан беруге де болады).

1-топ

1.      Абай Құнанбаевтың шығармашлығымен таныссыз ба?

2.      Сіздің ойыңызша, Абай оқырмандарына қандай шығармалар ұсынды? Неліктен?

2-топ

3.      «Абай Құнанбаев – қазақ әдебиетінің жаңа кезеңінің негізін қалаушы» деген тұжырыммен келісесіз бе?

4.      Абайдың қандай поэмаларын білесіз?

3-топ

5.      Абай поэмаларындағы Ескендір, Масғұт, Әзім қандай кейіпкерлер?

6.      Абай шығармаларының ұрпақ үшін құндылығы неде деп ойлайсыз?

4-топ

7.      Абай поэмаларының қайсысы көңіліңізге жақын? Неліктен?

8.      Абай поэмаларының  ұқсастығы неде?

 

Жеке жұмыс

2-тапсырма. Оқушыларға «Масғұт» поэмасын көз жүгірте оқып шығу тапсырылады (Мұғалім шығарманы алдын ала оқуға бергені абзал). Оқи отырып, поэмадағы басты кейіпкерлерді анықтайды. Кейіпкерлер тізімін жасайды.

Мысалы:

Кейіпкерлер Кейіпкерлерге мінездеме
Масғұт  
Қыдыр  
Хан  
Ұры  
Халық  

Дескриптор:

«Масғұт» поэмасын көз жүгірте оқып шығады;

Поэмадағы басты кейіпкерлерді анықтайды;

Кейіпкерлер тізімін жасайды;

Кейіпкерлерге мінездеме береді;

 

Бағалау. «Екі жұлдыз, бір ұсыныс»

 

Жұптық  жұмыс

3-тапсырма. Драманың басты кейіпкерлері Масғұт пен Қыдыр бабаға жеке тоқталып,  іс-әрекеттерін даралайды.

Екіжақты күнделік
Масғұт Қыдыр баба
 

 

 

 

Дескриптор:

·         шығармадағы кейіпкерлерді анықтайды;

·         көркем шығармадағы кейіпкерлер жүйесін жинақтайды;

·         жекелеген кейіпкерлер іс-әрекетін даралайды.

 

Бағалау. «Табыс баспалдағы»

 

Сабақтың  соңы

( 5 минут)

Ойтолғаныс кезеңі. Жеке жұмыс

Оқушылар сабақты бекіту мақсатында берілген кестені толтырады.

Тақырыптың өзектілігіне ұқсас шығармаларды атаңыз.  
Автор өмір сүрген заман көрінісіне сипаттама беріңіз.  
Ортақ мәселені қазіргі заман көрінісімен қалай байланыстырар едіңіз?  
Поэмадағы көркемдік шешімге қандай баға берер едіңіз?  
Сабақ  бойынша рефлексия  

 

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *