ЛАТЫН ӘЛІПБИІНЕ КӨШУДЕГІ БАСТАУЫШ СЫНЫП МҰҒАЛІМІНІҢ ҚҰЗІРЕТТІЛІГІ МЕН МҮМКІНДІГІ

Латын графикасы – қоғамның рухани жаңғыруы мен жаһандануының негізі болып табылады. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2017 жылы 12 сәуірде «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында: «Біріншіден, қазақ тілін біртіндеп латын әліпбиіне көшіру жұмыстарын бастауымыз керек. Біз бұл мәселеге неғұрлым дәйектілік қажеттігін терең түсініп, байыппен қарап келеміз және оған кірісуге Тәуелсіздік алғаннан бері мұқият дайындалдық» деп айтқан еді. Орта ғасырда Латын әліпбиі Еуропаға тарады, Африка, Америка және Азия халықтары пайдаланды. Латын сөздерін оқуға негізделген әріп таңбалары қалыптасты. Қазіргі латын әліпбиінің өзіндік ерекшеліктері бар. Дауысты дыбыстар созылыңқы және қысқа айтылады, осыған байланысты сөздердің мағынасы өзгереді. Латын әліпбиіне көшуіне байланысты қолданысқа келесі сөздер қолданысқа енді- «акут», «диграф», сонымен қатар орыс тілінде қолданылатын кейбір әріптердің мүлде кездеспеуі (Ь, Ъ, Э, Ю,Я, Щ, Ё, Ц). Латын әліпбиіне көшу — тіліміздің жарқын болашағының кепілі. Ағылшын тілі мен интернет тілін жетік игеруге жағдай жасау. Қазақ тілін жаңғыртуға жағдай туғызу. Мақсаты — Әлеммен бірлесе түсу. Латын қарпіне көшу арқылы біз өз тілімізді, өз тарихымызды жаңғыртамыз, арыла алмай келе жатқан жат әріптерді қолданыстан аламыз. Тілімізге екінші дем береміз. Латын әліпбиі әлемдік өркениетке аяқ басуымызға көмегін тигізеді. Кириллица арқылы жазуды әлемнің 12 мемлекеті ғана пайдаланса, әлем халықтарының 80%-ы латын әліпбиіне көшкен. Осының есебінен басқа тілдерді үйренуге мүмкіндігіміз артады. Сонымен қатар, ұлы тұлғаларымыздың шығармалары мен қолжазбаларын келер ұрпақ қиындықсыз оқи алады. Бүгінде әлемнің әр түкпірінде 5 миллионға жуық қазақ тұрады. Оның 80 пайызы латын әліпбиін қолданады. Әліпбиді өзгерту төл сөздерімізді жазуда кеткен олқылықтарды жөнге келтіруге көмектесіп, қазақ сөздерінің дұрыс айтылуына ықпал етеді. Латын әліпбиіне көшуде бастауыш сынып мұғалімінің мүмкіндіктері бар. Мектеп табалдырығын жаңа аттаған оқушыларға латын әліпбиін меңгеру қиындық туғызбайды. Қазіргі таңда ғаламтор желісінде, теледидар бағдарламаларында латын әліпбиі көптеп қолданылады. Латын әліпбиіне тиімді үйрету жолдарының бірі – цифрлық білім беру ресурстарын пайдалану. Әр жаңа нәрсе сияқты бұл әліпби де оқушыларда қызығушылық туғызады. Әсіресе ұялы телефондағы Keyboard қосымшасы қазіргі таңда балаларға латын қарпін тез үйренуге мүмкіндік жасайды. Сондай-ақ, Gaslatyn.kz сайтындағы конвертер, латын әліпбиі, кітапхана блогтары педагогке орасан көмегін жолдайды. Латын әліпбиі арқылы оқушылар ата-бабамыздың көне жазба байлықтарымен танысуға мүмкіндік туады. Өз ана тілі арқылы халқымыздың салт-дәстүрін құрметтеуге, білуге, Отанды сүюге, тарихи мұраларын қадірлеуге тәрбиеленеді. Атақты педагог Я.А.Коменский тілді толық меңгеріп шығуды төрт деңгейге бөліп қарастырады: 1) балалық, былдырлаған тіл — сөйлеп үйрену; 13 2) жас өспірімдік тіл — дұрыс сөйлеу; 3) жастық, өркендеу шағы — әдемі сөйлеу; 4) ересек, өркендеу шағы — мәнерлеп, көркем сөйлеу. Сондықтан осындай балалық шақта әр бала өз ана тілінде сөйлеп және сауатты жазып үйренегені тіл тазалығын сақтауда өте маңызды. Қазақ тілінің қоғамдық қызметін кеңейтіп, оның маңызын, қажеттілігін табиғи түрде арттыру, жан-жақты дамытудың бірден-бір жолы – тілді міндетті оқытуды жүйелі түрде енгізу, оқыту сапасына қатаң талап қою, оның нәтижелеріне тұрақты бақылау жасау. А.Байтұрсынов қазақ тілінің басқа түркі тілдерінен даралығын анықтап, ұлттың өзіне тән дыбыстық үнін танытатын таңбаларын Әліпбиге еңгізді. Байтұрсынов Әліпбиінің қазақ жазуы тарихында жаңа емле (төте жазу) деп аталып, халықты сауаттандыруға ірі бетбұрыс жасады. Білім және ғылым министрі А.Аймағамбетов айтып кеткендей «Болашақта Ахмет Байтұрсынұлы жасаған әліпби қайтарылатын болады». Осы әліппе негізінде латын графикасын меңгеру тиімді болады деп ойлаймын. Бұл тақырыпты зерттеген кезде, мен мынадай тұжырым жасауға болады. Латын әліпбиіне көшу – қазақ халқының алға жылжуына, жаңа заман талабына сайт өсіп-өркендеуіне, болашақта еліміздің жан-жақты дамуына үлкен үлес қосып, жемісі мен жеңісін әкелері сөзсіз. Бұл тақырып жастарға қызықты және қажетті деп ойлаймын. Еліміз жаңа әліпбиге 2025 жылға дейін толық көшуі тиіс. Ал келесі жылы мектептер пилоттық жоба ретінде бастауыш сыныптар латын графикасына негізделген әліпбиді оқи бастауы жоспарланған. Бастауыш мұғалімі ретінде латын әліпбиін меңгертуде және қолдану барысында туындайтын кедергілерге тоқталатын болсам, басты кедергі табиғи тіліміздің айтылымы мен жазылымына көшу деп ойлаймын, яғни: — латын әліпбиі негізінде әдебиеттердің аздығы; — ата-аналарының латын әліпбиін меңгермеуі; (себебі бастауыш буында көбінесе үй тапсырмасын орындауда ата-аналары қадағалайды) — көптеген қосарлы дыбыстардың жазылуында қателіктер жіберілуі мүмкін. Сондықтан осындай қиындықтарды болжамдай отыра, алдымен латын әліпбиін меңгерту дайындық топтары мен балабақшалардан бастау алуы қажет деп есептеймін. Ұстаздардың құндылығы – қай пән болмасын тілдің табиғи қалпын сақтау латын әліпбиі арқылы жүзеге асыру қажеттілігі туындайды. Латын графикасы негізіндегі оқу мен жазуды оқушыларға қалай жеткіземін? Оқу үдерісін қалай ұйымдастырамын? деген сұрақтарға ойлану қажет. Сонда ғана оқушыларда ішкі мотивация болады деп ойлаймын. Жаңа жазуды меңгеру барысында әрбір оқушының алдында, ең алдымен, барынша жылдам әрі сауатты жазу және қарқынды оқу дағдысын қалыптастыру қажеттілігі туындайтыны белгілі. Сол себепті жаңа емлеге сәйкес түзілген тапсырмалар жүйесі, негізінен, жазылым және оқылым дағдыларын меңгертуге бағытталады. Жазылым тапсырмалары қолдағды қалыптастыра отырып, емле ережелерін меңгертуге көмектессе, оқылым тапсырмалары көздағды қалыптастыру арқылы қармап оқуға баулиды. Сонымен қатар оқылым тапсырмалары орфоэпия заңдылықтарын меңгерту мақсатын көздейді. Нақтылап айтқанда, тапсырмалардың мазмұны неғұрлым оқушыға қатысты және жақын болса, сол ғұрлым латын қарпін тез үйренеді. Мәселең, көше атауларын және теледидардағы хабардардың атауларын латынша кездестіргенің бар ма? Өз есіміңді латынша жаза аласыңба? Туысқандарыңның ше? т.б. осындай сауалдарға беретін жауаптар қызығушылықты талап етеді, ал ол педагог құзіреттілігіне байланысты болады. Сол себептен, бастауыш сынып мұғалімінің латын әліпбиіне көшуде құзіреттілігі неде? — қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру жағдайында бастауыш сынып мұғалімі біліктілікті арттыру жолдарын қарастыру; 14 — латын әліпбиіне педагогтың құндылық бағдары және оның мәдениетінің аралас көрсеткіштері (сөйлеу, қарым-қатынас стилі, өзіне және өз қызметіне, аралас білім салаларына және т.б. қарым-қатынасын) білім алушыларға үлгі болу қажет; — мұғалімнің өзі де оқушыларды да латын қарпіне үйрету мақсатында нақты қолданылатын тиімді әдіс-тәсілдерді білу; -бастауыш сынып мұғалімі латын қарпіне үйреуде алдыңғы қатарда болғандықтан АКТ ресурстарын қолдануына назар аудару; -қоғамдық ортада латын қарпіне байланысты мәселелік сұрақтар төңірегіндегі шешімдер туралы хабардар болу. Білім беру технологиясының бірі, латын қарпін үйренуге тиімді технология – айтылым, тыңдалым, оқылым, жазылымды дамытуға мүмкіндік беретін сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясы. Қорыта келе, латын тілінің тиімді тұстарын көрсетуге болады. Латынға көшкенімізде ұтатын тұстарымыз төмендегідей: Біріншіден, тіл тазалығы мәселесі. Тіліміздегі қазіргі жат дыбыстарды таңбалайтын әріптерді қысқартып, сол арқылы қазақ тілінің табиғи таза қалпын сақтауға мүмкіндік аламыз. Екіншіден, қазақ тілін оқытқан уақытта басы артық таңбаларға қатысты емле, ережелердің қысқаратыны белгілі. Ол мектептен бастап барлық оқу орындарында оқыту үрдісін жеңілдетеді. Уақыт та, қаржы да үнемделеді. Үшіншіден, латын әліпбиіне көшу – қазақ тілінің халықаралық дәрежеге шығуына жол ашады. Қазақ тіліне компьютерлік жаңа технологиялар арқылы халықаралық ақпарат кеңістігіне кірігуге тиімді жолдар ашылады. Төртіншіден, түбі бір түркі дүниесі, негізінен, латын қолданады. Біздерге олармен рухани, мәдени, ғылыми, экономикалық қарым-қатынасты, тығыз байланысты күшейтуіміз керек. Біздің ұстаным біреу– бүкіл түркі халықтарына ортақ әліпби жасау қиын болса да, бір-біріміздің мұрамызды оқи алуымыз керек. Біз де уақыт көшінен қалып қоймай, әлемдегі процестерге қосылу үшін, жалпы ұлт ретінде сақталып қалуымыз үшін латын жазуына көшуіміз керек.

Әдебиет тізімі:
1. Аханов К.А. Тіл білімінің негіздері. –Алматы: Мектеп, 2010. -390б.
2. Мергенбаев Е. Қазақ тілінің сөзөзгерім жүйесі. –Алматы: Санат,2014. -228б.
3. Маманов Ы.Е. Қазақ тілі (лекциялардың текстері). – Алматы:ҚазМУ баспасы, 2013. — 90б.
4. Исаев С. Қазіргі қазақ тіліндегі сөздердің грамматикалық сипаты.–Алматы: Рауан, 2001. -304б.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *