Ауған соғысынан жаңғырық

Қ.Ө.Жүсіптің «Фариза» естелік – эссе еңбегі туралы
Мен бүгін көп қиналдым,
Еш нәрсе жаза алмадым… – деп ақиық ақын Мұқағали айтқандай осы бір дүниені жазар алдында мың ойланып, жүз толғанып барып тәуекелге бел буып қолыма қалам ұстадым. Ондағы мақсатым: Қ.Жүсіптің ауқымды дүниесіне өзімдік ой білдіру. Әрине, ғылымның қыры мен сырын жете меңгерген профессордың еңбегіне пікір айту өте қиын іс…
Атырау десе әдебиет сүйер қауымның ойына Ә.Сәрсенбаев, Ф.Оңғарсынова, З.Серікқалиев т.б сөз зергерлерінің аралары сөзсіз. Осылардың қатарына біз ақын Қ.Ө.Жүсіпті де қоса аламыз. Өйткені, Қ.Өтегенұлы өтімді де өткір өлеңдерімен, зерделі сөздерімен өрілген ақыл мен парасатқа толы шығармаларымен өз оқырмандарын таба білген қаламы қарымды ақын, пайым-парасаты биік жазушы.
Бүгін менің қолымда «Ағатай» баспасынан басылып шыққан «Фариза» атты естелік-эссе кітабы. Авторы – Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы, әлеуметтік ғылымдар академиясының корреспандент-мүшесі, бірнеше кітаптардың авторы Қадыр Өтегенұлы Жүсіп. Еңбекте («Фариза» естелік-эссе) Қазақстанның Халық жазушысы, Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, көрнекті ақын Фариза Оңғарсынқызы өмірі мен өнер жолы хақында сөз етіледі. Жалпы, Фариза жайында, оның ақындық мәртебесі жайында қалам сермеген қаламгерлердің шығармалары аз емес-ті.
Алайда, бұл туындылар бірін-бірі қайталамайды. Тақырыптары, негізгі кейіпкерлері бір болғанымен, көркемдік шешімдері әрқайсысында әртүрлі.
Сонымен «Фариза» естелік-эссе – түгелімен Фариза ақынның өмірі, студенттік кезі, әр жылдардағы қызметтері, ақындық мәртебесі хақында.
Әдебиеттің обьектісі – өмір, предметі – адам. Бұл бұлжымас заң. Адам образы жасалу арқылы – өмір танылады, үғылады. Қандай да болмасын көркемөнер туындысы болса да, сөз өнері, мүсін өнері… Бәрі де адам туралы. Олардың барлығынығда тірегі –адам, адам туралы, адамның әсемдігі мен ақылы жөнінде.
Әдеби шығарманың алғашқы бетін ашқаннан-ақ іздейтініміз – адам, адам бейнесі, оның тағдыры, тіршілік әрекеті.
Өмірдің шындығын көркем шығарма жазу үшін жазушы материал жинайды. Жалпы, жазушы шығарма жазып шығу үшін үш түрлі шығармашылық кезеңді басынан өткізеді екен. Ол кезеңдер:
1. Материалдар жинау.
2. Жинаған материалдарын қорыту.
3. Қорытындыға материалды жазу.
Жазушы Қ.Жүсіп осы үш кезеңді басынан өткізгені хақ. Өйткені, бұл еңбекті жазар алдында өткен өмір парағын ақтарып, оны өз ой елегінен өткізіп, керегін алып, оны қорытып естелік әңгіме етіп қағазға түсірді. Нәтижесінде ғылыми – зерттеу еңбек яғни естелік-эссе дүниеге келді.
Жазушылардың баршасы да өз шығармасының басты образына өмірден прототип іздейді. Мысалы, Ғ.Мүсіреповтың «Қазақ солдаты» романындағы Қайроштың прототипі – Советтер Одағының Батыры- Қ.Ысмағұлов, ал «Фариза» естелік-эссе еңбегінің (авторы Қ.Жүсіп) прототипі – ақын Ф.Оңғарсынова.
Ғылыми еңбектегі басты образ – Фариза Оңғарсынқызы.
Көркемдік әдіс бойынша образ екі түрге бөлінеді:
1) Романтикалық образ;
2) Реалистік образ.

Бұл еңбектегі Фариза ақын-реалистік образ.
Шығарманы бастан-аяқ шығарма етіп жазып шығуда жазушы сюжет пен композицияның негізгі компоненті баяндау кеңінен қолданылған.

Жазушы Фаризаның портретін де әдемі бейнелейді. Мысалы, қараторы, шашын әдемі тараған, адамға жеңіл қарамайтын, жанары ақылға тұнып тұрған сұлу, үнемі ой үстінде жүретін қыз…

«Шын жазушы жүз сөз жазса, бірден-бір сөз жаман не орта болмай, тоқсан бесі өте жақсы, қалған бесеуі жақсы болғанда ғана ғасырымызбен бір дәрежеде тұратын ббиік шығарма туғыза алады» — деп Шолохов дұрыс айтқан. Жазушы әр сөзді өз орнымен орынды қолдана білген, сөзбен жасалған суреттегі ой мен ұғым, сыр мен сезім дәлдігі оқырманға ерекше бір көңіл-күй сыйлайды.Шығарманың тілі – оқуға өте ыңғайлы, қарапайым. Сонымен қатар, көркемдік әдісте ерекше қолданылған.

Бұл еңбекте жазушының 2009 жылы «Алтын Орда» газетінде жарияланған «Фариза» атты мақаласы жарияланған, екінші бөлімінде «Фариза туралы сөз» атты баяндама жазылған.

Мен бұл еңбекті 2-бөлімге бөліп қарастырдым.

1-бөлімі: «Фариза» естелік-эссе;

2-бөлімі: Фариза жайында баяндама.

1-бөлімде студенттік кезең толық суреттелген. Ерекше тоқталар жәйт – жазушы, осы еңбектің авторы Қ.Жүсіп өзі жазған шығармасының кейіпкері Фариза Оңғарсынқызымен бір группада оқыған курстасы. Бұған дәлел осы еңбектің бесінші бетінде анық көрсетілген.

Менің ерекше таң қалғаным жетпіс бестің үстіне шыққан ақсақал-жазушының институт бітіргеніне 50 жыл толса да курстастарын ұмытпауы, ұстаздарын да есіне сақтауы – оның достыққа деген адалдығы, ұстаздарына деген сүйіспеншілігі анық көрінеді.

Еліне деген ердей орасан зор еңбегі кеңінен сөз болады Фаризаның.

Ерекше тоқталарым, Фаризаның ұстаздығы, жүрегінен жылу, көзінен ұшқын көрінген жастарды тәрбиелеуі. Оған дәлел, Фаризаның артынан ерген ақы сіңлілері, шәкірттері: Б.Бабаш, М.Ершуова, Ә.Дәулетбаева.

Тағы да айта кетерлік жәйт: Фаризаны да, Қ.Жүсіптіі де, Н.Әжіғалиевті де т.б ақындарды ақындық жолға тәрбиелеген, өнер өлкесіне құлаш ұрғызған Е.Өтебаев екен. Бұған дәлел олардың «Жас қалам» үстірмесіне мүше болуы, оларға жетекшілік еткен – аға оқытушы Е.Өтебаев.

Фариза – жайында баталы ойды беске айта білді жазушы, бұл – жазушы шеберлігі. Қадыр Өтегенұлының мұндай әдебиет әлеміндегі елеулі еңбегіне қол соғамыз!
Шығармадағы суреттелген оқиғалар жазушының жан сүзгісінен өтіп жүрегін шынайы тербеген. Фаризаның әрбір өмір және өлең жалындағы әрекеттері Қ.Өтегенұлының сұлу баяндауында үлкен дәрежеде әр оқырманға ой туғызып, тұшымды тұжырымдар жасауға мүмкіндік береді.
Сәл кідіріс жасап қаламгердің қаламынан туған еңбектеріне тоқталып өтсем жөн болар.
Ғылыми еңбектері: «Жұмекен Нәжімеденовтің ақындығы», «Жұмекен жұмбағы», «Қазақтың Қабдоловы», «Шың мен шыңырау», «Таңғажайып Бейбарыс», «Махамбеттану мәселелері атты монографиялары», «Айша Бибі», «Асқар ақын», «Ер Салық», «Зейнолланама», «Қыран Самғау» сияқты әдеби-көркем шығармалары мен дастандары, «Жүрек сыры» өлеңдер жинағы мен Әдебиеттануға кіріспеә оқулық-кітабы, «Жанкешу» романы туралы, «Фариза» атты ғылыми-зерттеу еңбектері бар!
Біз, барша әдебиет қауымы Қадыр Өтегенұлының мұндай табысына орнымыздан тұрып зор қүрметпен қол соғамыз. Қаруын қалам еткен қаламгерге тың табыстар мен шалқар шабыт тілек етемін!
Ел ертеңі үшін талмай еңбек етіп жүрген педогог-жазушының қазақ әдебиетіне және университет тарихында есімі алтын әріппен жазыларына еш күмәнім жоқ.
Өрлей бер, жазушы!
Қаламыңыз қарымасын!

Ұлан Иманғалиев,
Шәкірті,С.Н.Имашев атындағы жалпы орта мектебінің мұғалімі.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *