Көркем әдебиеттің бала тәрбиесіндегі маңызы

Көркем әдебиеттің бала тәрбиесіндегі маңызы.

Қазақ ағартушысы М.Жұмабаев «…Әрбір ұлттың баласы өз ұлтының арасында өз ұлты үшін қызмет кылатын болғандықтан, тәрбиеші баланы сол ұлт тәрбиесімен тәрбие қылуга мiндеттi» деген.  Жас ұрпаққа саналы тәрбие және сапалы білім беру деңгейi ең алдымен, тәрбиешінің даярлығына, оның іс-тәжірибесінің қалыптасып шыңдалуына байланысты. Қазіргі таңда менің өзекжарды мәселем: «Бүлдіршіндерді балалар көркем әдебиетіне баули отырып, олардың рухани дүниетанымының дамуына жағдай жасау».

«Ауыз әдебиеті халыктың тек қана көркем өнері емес, әрі философиясы, әрі ғылымы әрі тәрбие құралы», — деп, Қажым Жұмалиев айкандай, біздің ауыз әдебиетіміз бұл балалар көркем әдебиеті. Осы көркем әдебиетіміз тәрбие құралы ретінде таптырмас қазына.

Балалар көп, бос уакыттарын робототехникаларга, айкезбелер туралы мульттоптамаларға, жаңа технологияның  қыр-сырларын білуге арнайтын болды. Жалпы қазіргі таңда ата – аналар бүлдіршіндеріне балалар көркем әдебиетінің шығармаларын окиды ма? Ақпараттанған заманда көркем әдебиет пен кітапхана серелерiндегi қаламгерлердiң баспаларының орнын ғаламтор мен әлеуметтік желілер басқан жоқ па? Ата-ана өз баласының бос уақытын  қадағалай ма? Бос уақытында ата-ана баланың ертегілерді тыңдауына жағдай жасай ма? Жалпы кітап қазіргі кұндылықтар катарында ма? Сәндi неше түрлі роботтар мен техниканың озық үлгiлерiн баласынан аямайтын ата-ана бүгінгі таңда баласына ертегi кiтапты сыйлық ретінде тарту ете ме? Әрине, ондай ата – аналар  саны азайып кетті. Сол ертегiнiң балаларға беретін тәрбиелік мәні ұшан-теңіз.

Балалар көркем әдебиетінің ішіндегі бүлдіршіндер ұйып тындайтын, онсыз ұйқыға кетпейтін халқымыздың асыл қазынасынын бiрi – ертегілер. Тәрбиенің басты  құралы болып табылатын ертегілерді меңгертудегi тиiмдi тәсілдер қазіргі танда акпараттық – коммуникативтік  технологиялармен, деңгейлік тапсырмалар колдану, Венн диаграммасы, топпен жұмыс жасау (ертегілер бойынша тапсырмалар), жұптық тапсырмалар орындату тағы да басқа әдістермен жүзеге асырылуда.  Мектепке дейінгі бүлдіршіннің жас ерекшелігімен ертегінің жанрлық ерекшеліктері де басты назарға алынады. Сонымен қатар, атап өтер бiр жайт ертегiнi жеткізудегі әдіс – тәсiлдердiң  сан алуандығы тәрбиешінің шеберлігіне байланысты колданысқа ие болады және толығып отырады. Заман талабына сәйкес өзгерістермен сипатталады. Бүлдіршіндерге электронды оқулықтан ертегi қалай басталатынын аңғартып, ертекшінің баяндауын тыңдатып,  сонан соң ертегі туралы сұрасак, балалар әр бөлiмнiң қыскаша мазмұнын айтады. Ертегідегi тамаша көркем тілдің байлығы, сұлу, тапқыр сөз шеберліктері бүлдршіндерге үлкен үлгі болады. Ертегiнi тәрбиеші кейіпкердің даусын салып, жүріс тұрысын көрсетіп немесе

көлемдi, түрлі түсті, бүлдіршіндердi қызықтыратындай суреттерін көрсетіп баяндасақ балалар ертегiнi тез әрi оңай меңгерiп алады.

Ертегі ертекшімен ертегі болады. Әрбір жеке ертекшi өзiнше, өзгеден бөлекше тіл, түсінік, көркемдік өрнек, накышпен айтады дейді. Бұндағы даусыз бiр шындық – ертегiнiң  iшiне анық шебер ертекші өзінен өрнек, өзгешелік қосып отыратыны рас. Ертегіні баяндағанда тәрбиеші ертегiдегi кейiпкерлердің  іс әрекеттерін ойыншық арқылы  көрсетіп отырса бүлдіршіндердің балалар көркем әдебиетіне деген қызығушылығы артары сөзсіз. Балалар тек ертегiнi тыңдап қана қоймайды сонымен  қатар, тiлдерi дамиды, қарым-катынастары да жаксы дами түседі.

Ертегінің рухани тәрбиелік мәні зор. Ол балаларға рухани ләззат беріп, адамгершілік өзін – өзі бағалау сапаларын дамытады.  Сонымен бірге ертегiнiң тағы да бір пайдалы әсері кейіпкерлер арқылы бала жаман – жақсы  қылыктарды ажырата алады және қандай қасиеттердің жағымдылығын ойына түйеді. Бала бойына адалдықты, мейiрiмдiлiкті, имандылыкты да дарытатын — ертегі.

«Балалар көркем әдебиетiнiң қызыкты да пайдалы түрлерiнiн бiрi — жаңылтпаш. Жаңылтпаш балаларга жастайынан ана тiлiнiң бай қорын игеруге, таза, майда, анық әуенді, көркем сөйлеуге көмектеседі, сөзді қастерлеуге тәрбиелейді», — деп тұжырымдайды ғалым С. Ұзақбаева.

Балаларга арналған шығармалардың тiлi, ең алдымен, өзiнiң ана тiлiн жетiк бiлуге, сөздік қорын байытуға, жүйелі түрде қисынды сөйлеуге баулитын құрал болуға тиiстi. Балаларға арналған өлендер ойнақы, тілі қызықты да қарапайым болуы шарт.

Жұмбақ — бейнелiгiмен, қысқалығымен, ойнақылығымен ерекшеленетін белгілі бір поэтикалык пішінге негізделген асыл мұра. Жұмбақ әдемі ұйқасы, құрылысы жағынан аз сөзбен көп нәрсені қамтитындығы,  баланын ой-өрісі мен арман-қиялын шындаумен қатар, оған эстетикалық тәрбие берiп, көркем сөз табиғатына үйретеді.

Ауыз әдебиеті жанрлары сияқты  мақал-мәтелде халық даналық ойларын балаларға арнады.  Мысалы, «Бала — бауыр еті, көздiң нұры» деп босқа айтпаған. Халыктың бұл тәріздес мақалдары жас ұрпакка арналған үгiт, ақыл-өсиет болып отырады.

Баланы тәрбиелеудегi негiзгi мақсат оны алдымен бiлiмге, өнерге баулу, енбек

удерiсiмен таныстырып, енбек етуге үйретуді көздейді. «Жан киналмай жұмыс бітпес, талап кылмай мұратка жетпес» деп қай нәрсенiн де еңбексiз қолға түспейтінін балаға ой салып, өмір танытады

Бала ұғымын, түсінігін кеңейтуде, оның тiлiн, ойын дамытуда, оларды үлгілі істерге тәрбиелеуде санамақтар да маңызды  рөл атқарады. Санамақтар құпиясы баланы әрқашан қызыктырып, iлгерi жетелейді. Санамақтар баланы әдемі сөйлеуге дағдыландырса, жаттау қабілеттерін, танымдық ой-өрісін дамытады. Санамақ тәртібін бұзбай айту балаларды аңғарымпаздық  қасиетке баулиды.

Қорыта айтканда, баланың тілінің дамуы барысында ертегiнiң, санамақтың, жұмбақ пен мақал- мәтелдердің әсерiнiң қаншалықты маңызды екендігін байқадық. Балаларға лайықталған балалар көркем әдебиетiнiң түрлерi олардың ой-өрiсiнiң кеңеюіне, бірте-бірте заттар мен құбылыстарды тануына, тіл ұстартуына өлшеусiз әсер етеді. «Сөз- ойдың айнасы» деп  Ғабиден Мұстафин айтқандай бүлдіршіндерге балалар көркем әдебиетін меңгертуде, оқу қызметін шығармашылықпен жүргiзiп, баланың бойына адамгершілік қасиеттерді дарытайық. Баланы жеке тұлга ретiнде қалыптастыруда тiлдi дамытып оқытуды «өне бойы, емiр серiк»- етiп алғанымыз жөн.

 

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *