Күш көрсетсе, сүйе ме?

Камила Тастанбек

Егер көшеде  әйел азаматына бейтаныс адам шабуыл жасаса әйел не істейді? Инстинктивті түрде кез келген адам өз үйін қауіпсіз жер деп санайды.  Ал егер әйел өз күйеуі тарапынан қорлауға тап болса ше ? Өкінішке қарай, елімізде көптеген әйелдер үшін тұрмыстық зорлық-зомбылық  өз үйінің қабырғасын қауіпсіз жерге айналдырады. Көпке топырақ шашудан қорқасың, себебі, әрине бес саусақ бірдей емес. Алайда, елімізде әпке-сіңілдерімізге басым көпшілігі ер азаматы тарапынан көрсетілген сұмдық қорлықтарды естіп, хабардар болғанда, немқұрайлы қарамауға тырысасың.

Мұндай көзқарас едәуiр дәрежеде халық тарапынан тұрмыстық зорлық-зомбылық проблемасын қабылдауға сүйенедi. Кейбір әлеуметтік сауалнамалар көрсетіп отырғандай, халықтың жартысынан көбі тұрмыстық зорлық-зомбылықты маңызды әлеуметтік проблема деп санамайды, ерлердің 9%-ы  әйелі мен баласын ұрып-соғу кейде «пайдалы» болатынына сенімді болса, ал 7% -ы тұрмыстық зорлық-зомбылығы «абайсызда болғаны» кешірімді деп санайды. Осы тұста мына мәселеде «виктимблейминг» деген термин туындайды. Виктимблейминг немесе жәбірленушіні айыптау — ол өз әрекеттерімен қылмыскерді зорлық-зомбылыққа итермеледі деп айыптау. Психологтар бұл құбылысты әділ әлем тұжырымдамасының көмегімен түсіндіреді. Американдық психолог Мелвин Лернер әділ әлемге сену феноменінің алғашқы ашушысы — эксперименттерде адамдардың ақырында зұлымдықтың жазаланатынына, ал жақсылықтың басымдылығына сенуге бейім екенін көрсеткен.

Отбасындағы зорлық-зомбылықтың құрбандары көбінесе айналадағылардан: «Өзі кінәлі, неге енді шыдады, неге кетіп қалмады?» дегенді жиі естіп жататыны анық. Виктимблейминг феномені Маргарита Грачева мен әпкелі-сіңілі Хачатурянның резонансты әңгімелерінде айқын көрінеді. Маргарита Грачеваның ісі бойынша әлеуметтік желілерде үлкен пікірталас өршіп, ақыр соңында айыптаушылар «қисынды» қорытындыға келеді — оның қолын себепсіз кесіп тастай алмады ғой! Демек, оның да себебі бар! Отқа май құйылған мәселе Маргаританың фотосессиясы, — сыншылар оны отбасы қасіретіне қатысты пиар жасаған деп айыптады.

Күйеуінен қорлық көріп, немесе өз ер азаматының қолынан қаза болған әйелдер әлі қаншама. Мысалы, күйеуі 2002 жылы үйлену тойынан кейін бірінші жылы ұра бастаған 38 жастағы әйел айтқандай, 2018 жылдың күзіне дейін ол «мен осылай тәрбиеленгенмін, менің менталитетім осындай» деп полицияға шағымданбаған. Оның айтуынша, күйеуіне арыз жазу оған ұят сияқты көрінді. Менталитет? Ұят? Өз құқығыңды қорғаудың несі ұят?! Ешкім сенің тыныштығыңды, құқығыңды бұзуға мүлдем қақысы жоқ. Ешқашан үнсіз қалма, айт, жарияла, сені қорғап қалатын қаншама адам бар, отбасың бар, жақындарың бар.

Әлемді өзгерткіміз келсе, өзімізден бастайық!

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *