Күз сыйы

Ортаңғы топтың ашық  ұйымдастырылған оқу іс әрекеті.

  Тақырыбы

 “Күз сыйы”

Мақсаты: Күз мезгілі туралы білімдерін  одан әрі жетілдіру, тірі және өлі табиғат құбылыстарын таныстыра отырып сөйлем ішінде жалпылауыш сөздерді үйрету.Зерттеу жүргізу,іздестіру әрекетерін орындау қызығушылығына тәрбиелеу, адам енбегін бағалауға табиғатқа деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Көрнекілігі: көкөністер мен жемістер,  табиғат құбылыстарының суреттері, қолшатыр, ермексаз, желім, гуашь,  жұмсақ сүлгі.

 

Міндеттері: 

 Күзгі  табиғат  өзгерістері туралы  сурет бойынша үйрету, ойлау,есте сақтау,түсіну қабілеттерін жетілдіру, дамыту, табиғаты аялауға, қорғауға тәрбиелеу.

Сәлемдесу.
Көңілді сазды әуенмен балалар ортаға шығып, «Денсаулық» және Таным» дағдысы бойынша амандасу .

Ғажайып сәт.

Балаларға күз мезгіліндегі табиғат құбылыстарының ерекшеліктерін түсіндіру.
Қоршаған ортамен таныстыру.

Балаларды жанбырдан қорғау,

«Қолшатыр» ойынына шақыру.

Ойынның мақсаты: Баларларды қоршаған оратадағы заттардың атауларымен және олардың міндеттерімен таныстыру, таныс заттарды ажыратуға үйрету.

Еңбектің нәтижесіне құрметпен қарауға тәрбиелеу, көмек көрсету ниеттерін қолдау,тірі және өлі табиғат туралы білімдерін байыту.

Ойынның шарты: Тәрбиеші жетекшілігімен балалар әуенмен ортаға шығады, қолшатырдағы ілулі тұрған жапырақтардағы сұрақ,тапсырмаларға жауап береді.

Сөйлеуді дамыту.

Күз мезгілінің суретіне қарап сөйлем құрастыр.

 

 

Көркем әдебиет

 Сұрақ.

Қоян  неліктен қорқақ қоян деп аталды?

(Қорқақ қоян ертегі)

 

 

Қазақ тілі

Күз туралы тақпақ жатқа айту.

Күзім-ау, күзім-ау,

Мінезің бұзық – ау

Жаңбырың сіркіреп,

Келгенің қызық – ау.

 

 

Математика негіздері;

Жапырақтарды түсіне қарай жинау көп- аз ұғымды айту.

Қоршаған оратмен таныстыру.

Күз мезгілінің құбылыстары?

Құрастыру

Пішіндерге қарап, жемістерді табу.

Сергіту сәтті; қимылды ойын  «Күн мен жаңбыр»

Топқа балаларды өз таңдауларымен жіберу.

Сурет салу.

Күзгі жаңбыр бейнесін салу?

Мүсіндеу ;

Қолғапты өз таңдауын бойынша әр түрлі түстермен  безендіру.

Жапсыру ;

Алма жемісін безендіру?

 

 

Қорытынды;

Біз қандай ойын ойнадық?

— «Қолшатыр»

Күз мезгілінде табиғат құбылыстары қандай болады?

-жаңбыр, жел, күн суық болады.

Қазір жылдың қай мезгілі?

-қазір жылдың Күз мезгілі.

Сұрақ жауап арқылы балалар күз мезгілінің ерекшеліктерін түсінді,тірі және өлі табиғат құбылыстарымен таныса отырып, ойлау, есте сақтау, түсіну қабілеттері жетілдірілді.Үлкендердің еңбегін бағалауда ілтипаттарын білдірді және табиғатты аялау, қорғау керек екенін түсінді.

 

Қоладанылған әдебиеттер;

Мемлекеттік жалпыға міндетте стандарты

Үлгілік оқу жоспарынан  2022  жылы  9 қыркүйек № 394 бұйрық

Үлгілік оқу бағдарламасы

 

Гатауова Менсара Канатовна

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *