Кеңістікте бағдарлауды дамытуға арналған дидактикалық ойындар

САБАҚТЫҢ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ КАРТАСЫ № __

І БЛОК «Мақсаттылық»

Пәні: Қарапайым мате-матикалық ұғымдарды қалыптастыру әдістемесі Мамандығы: Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту Тобы:
Күні:

Сабақтың тақырыбы: Кеңістікте бағдарлауды дамытуға арналған дидактикалық ойындар
Құндылық: Ақиқат
Қасиеттер: Саналылық, адалдық, шынайылық, әділеттілік
Сабақтың типі: Аралас
Сабақтың түрі: Дәріс сабақ
Сабақтың мақсаты: Білім алушыларға мектепке дейінгі шақта кеңістікті бағдарлауға үйретуде дидактикалық ойындарды қолдануға жағдай жасау
Сабақтың міндеттері:

Білімділік: Мектепке дейінгі ұйымдарда жас ерекшелігіне байланысты кеңістікті бағдарлау ұғымды қалыптастыру әдістемесін меңгерту
Тәрбиелік: Пәнге, оқуға деген қызығушылықтарын арттыра отырып, болашақ маман бойындағы қасиеттерді қалыптастыра білуге тәрбиелеу
Дамытушылық: Білім алушылардың оқуға деген мотивациясын дамыту
Кәсібилік
Әдістемелік шеберліктерін шыңдау, шығармашылық ізденістерін дамыту; интеллектуалды-педагогикалық құзіреттілік дағдыларын дамыту.
Күтілетін нәтижелер:
Базалық: Кеңістікті бағдарлай білу негізі, жас ерекшелігіне байланысты кеңістік тақырыбының күрделену деңгейі.
Кәсіптік:
• Жеке тұлғаның рухани деңгейін көтеру, мінез-құлқын толықтыру, түзету жолдарын біледі.
• Тәжірибе жинақтау барысында тақырып бойынша өз ойын өмірмен байланыстырып, дәйектей алады.
Пәнаралық байланыс: Мектепке дейінгі педагогика «Сенсорикалық тәрбие», тіл дамыту әдістемесі «Санамақ- тіл дамытудың негізі»

ІІ БЛОК «Сабақтың жабдықталуы»
Ресурстар Презентация, интерактивті тақта, оқулықтар мен журналдар
Ақпараттық қор Әдебиеттер

1. Петрова В.Ф. «Методика математического образования детей дошкольного возраста/Каз.федер.ун-т.-Казань, 2013.
2. З.А.Михайлова. «Игровые занимательные задачи для школьников». М.Просвещение 1990.
3. Суханбердина Ғ.Х. «Жиын теориясы». Астана: Фолиант, 2008.
Негізгі терминдер мен ұғымдар «Сан», «кері санау», «тұра санау», «сандар жиыны»
Сабақтың технологиясы мен әдістері: Әңгіме, түсіндіру, кітап пен оқулықтармен жұмыс, дәріс, иллюстрация, демострация, мәселелік
Оқу-әдістемелік кешен Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру әдістемесі

ІІІ БЛОК «Сабақ мазмұны»
Сабақтың кезеңдері Оқыту әдістері Орындалатын жұмыс мазмұны
І. Ұйымдастыру кезеңі Жылы лебіз айту
(5 минут) Амандасу.
Білім алушыларды түгендеу.
Сабаққа психологиялық даярлық.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру Жекелей сұрау
(10 минут) Quiziz тест (үй жұмысын тексеру)
«Қоршаған ортада өзінен және заттардан бағдарлана білуі, заттардың бір-бірінен қатынастағы орнын анықтау»
ІІІ. Сабақтың мақсат-міндеттерін қою (3 минут) — сабақтың мақсатын айту:
Мақсаты:
Білім алушыларға мектепке дейінгі шақта кеңістікті бағдарлауға үйретуде дидактикалық ойындарды қолдануға жағдай жасау
— жоспар сұрақтарын беру:
Жоспар:
1. Сыртқы объектілер бойынша кеңістікті бағдарлауды дамыту
2. Кеңістіктегі іс-әрекеттің орнын анықтаудағы сөздер
3. Мектеп жасына дейінгі балалардың кеңістік бағдарлауды дамытуда дидактикалық ойындарды қолдануы
— әдебиеттер тізімімен таныстыру:
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. Петрова В.Ф. «Методика математического образования детей дошкольного возраста». -Каз.федер.ун-т.-Казань, 2013.
2. Қожабаев Қ. «Математиканы оқыту әдістері».- Алматы: Санат, 1998ж.
3. Щербакова Е. И. «Теория и методика математического развития дошкольников». -М.: Издательство Московского психолого-социального института; Воронеж: Издательство НПО «МОДЭК», 2005
ІV. ЖБНИ Мақал-мәтел
(5 минут) Барар жердің алыстығы жоқ,
Керек тастың ауырлығы жоқ.

Ащы мен тұщыны татқан білер,
Алыс пенен жақынды жортқан білер.
Тақырыпты түсіндіру

(15 минут)

(3 минут) Кеңістік туралы ұғымның негізін ашып қарастыру.

Жаңа тақырыпты түсіндіру (дәріс материалдары қосымша тіркемеде берілген).
3 топ текст бойынша жоспарға сай жұмыс жүргізеді.

Бейне жазба: «Левый, правый» (бейне жазба бойынша ойларын айтады)
(15 минут)

(10 минут) Бағдарлама бойынша «Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру» жұмыс дәптерін талдау.
Жас ерекшелігіне байланысты №1,2 жұмыс дәптерін талдау жүргізеді.

Кеңістікті бағдарлауға арналған дидактикалық ойынды құрастыру
(3 топ берілген заттармен кеңістікті бағдарлауға арналған ойындарды ұйымдастыру)
1 топ: А3 қағаз пен 2 магнит;
2 топ: Шақпақ тақта мен жан-жануарлар немесе жәндіктер суреті;
3 топ: Монтессори таяқшалары
Тапсырма бойынша талаптар:
1. Қай жасқа арналған әдістеме?
2. Мақсаты
3. Жүргізу барысы
V. Бекіту Дәптермен жұмыс

(10 минут)

(3 минут)

(3 минут) Графикалық диктант
1. Оңға қарай 2 шақпақ
2. Төмен 4 шақпақ
3. Оңға 3 шақпақ
4. Төмен 1 шақпақ
5. Солға 1 шақпақ
6. Төмен 2 шақпақ
7. Солға 1 шақпақ
8. Жоғары 1 шақпақ
9. Солға 1шақпақ
10. Төмен 1 шақпақ
11. Солға 1шақпақ
12. Жоғары 6 шақпақ
13. Солға 1 шақпақ
14. Соңғы жғары қарай 1 шақпақ

Жауабы: диназавр
Бейне жазба: «Логикалық есептер»

Жасырын затты табу
«Жылы-суық» ойыны:
Қарама-қарсы топтар табулары керек. Әр топтан бір ойыншы шығып, топтың басқа қатысушылары табу керек объектіге жақындаған сайын жылдам әрі қаттырақ соғады. Егер де алыстаса қол соғуды доғарады немесе акырын ғана соғумен шектеледі,
VI. Сабақты қорытындылау Оқытушының қорытынды әңгімесі
(3 минут) — Кеңістік дегеніміз не?
— Кеңістікті бағдарлауға үйретудің ерекшелігі;
— Жас ерекшелігіне байланысты кеңістік ұғымы қалай күрделенеді?
Рефлексия
(2 минут) 5 сөйлем әдісі
VІI. Бағалау (3 минут) Сабақ барысында белсенді қатысқан студенттердің жинаған смайликтері бойынша бағалау
VIIІ. Үйге тапсырма (2 минут) «Кеңістікте бағдарлауды дамытуға арналған дидактикалық ойындар» буклет

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *