Іс-әрекет

Утепбаева А. А.

М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжінің оқытушысы,  педагогика  ғылымдарының магистрі

 

САБАҚТЫҢ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ КАРТАСЫ  № 12

І БЛОК «Мақсаттылық»

 

Пәні:

Психология

Мамандығы:                                    

Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу

Тобы:

 

Күні:

 

Сабақтың тақырыбы: Іс-әрекет
Сабақтың типі: жаңа білімді қалыптастыру сабағы
Сабақтың түрі: Ақпараттық дәріс
Сабақтың мақсаты: Іс-әрекет туралы негізгі түсініктерімен таныстыру
Сабақтың міндеттері:

 

 

Білімділік:

 

Іс –әрекет туралы   негізгі түсініктерімен қаруландыру
Тәрбиелік:

 

Топтық жұмыс арқылы студенттердің ұжымдық қатынастарын дамыту.
Дамытушылық:

 

«Жигсо» стратегиясы арқылы студенттердің өзідігінен және топта жұмыс істеуге дағдыландыру.
Кәсібилік

 

Ұстаздық құзыреттілікті дамытуға бағытталған педагогикалық-психологиялық және интегративтік қасиеттерін және өз бойындағы жас ұстазға тән мүмкіншіліктерін көрсете білуге үйрету; шығармашылық ізденістерін дамыту; интеллектуалды-педагогикалық құзіреттілік дағдыларын дамыту.
Күтілетін нәтижелер:

 

Базалық: ·  «Әдет», «икемділік», «дағды» ұғымдарын білу.

·   Теориялардың мазмұзмұндық ерекшеліктерін айқындау алу.

Кәсіптік:

 

·      Жеке тұлғаның рухани деңгейін көтеру, мінез-құлқын толықтыру, түзету  жолдарын біледі.

·  Тәжірибе жинақтау барысында тақырып бойынша өз ойын өмірмен байланыстырып,  дәйектей алады.

Пәнаралық байланыс: Педагогика, тарих,  жас ерекшеліктер психологиясы, анатомия, физиология және гигиена.
 

 ІІ БЛОК  «Сабақтың жабдықталуы»

Ресурстар слайд, жинақ  папка,   т.б.
Таратпа материалдар №1-4 таратпа материалдар.
Техникалық құралдар Интерактивті тақта, магниттік тақта, т.б.
Ақпараттық қор

Негізгі:      (әдебиеттер)

1. Бап – Баба Сәбет. Психология / – Алматы. – Дарын. – 2005. – 350.

2. К.Сейталиев.Жалпы психология,- А:Білім, 2007-360б.

3. С.Жақыпов. Жалпы психология негіздері.-А.: Алла прима, 2012-203б

4. https://studfile.net/preview/5354108/page:3/

5. https://studopedia.info/2-11831.html

 

Қосымша:  (әдебиеттер)

 

1. Жарықбаев Қ. Психология / Алматы. «Білім». – 2005. – 365.

2.Тәжібаев Т. Жалпы психология / Алматы. «Қазақ университеті». – 1993.

3. К.Жұмасова. Психология. –А: Білім, 2006

 

Негізгі терминдер мен ұғымдар

 

«икемділік», «дағды», «әдет»
Сабақтың технологиясы мен әдістері: Дамыта оқыту, өзін-өзі тану технологиясы, сұрақ-жауап әдісі, баяндау әдісі, СТО әдістерін пайдалану, ақпарат құралдарынан жинақталған мәліметтер, интерактивті әдістер: түсіндіре-баяндау, миға шабуыл, ой қозғау, салыстыру, талдау, ақпарат беру, сөздік әдістері;
Оқу – әдістемелік кешен №1Психология пәніне арналған ОӘК.

 

ІІІ БЛОК  «Сабақ мазмұны»

 

Сабақтың кезеңдері Оқыту әдістері Орындалатын жұмыс мазмұны
І. Ұйымдастыру кезеңі Жылы лебіз айту

 

Амандасу.

Білім алушыларды түгендеу.

Сабаққа психологиялық даярлық.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру Жекелей сұрау 1)       «Тұлғаның әлеументтенуі» шығармашылық жоба

2)       Тұлғаның әлеуметенуі дәрісті баяндау

Ауызша фронтальды –      Тұлғаның анықтамасы?

–      Тұлғаның әлеуметтенуі дегеніміз не?

–      Тұлғаның әлеуметтенуі қалай жүзеге асады?

   
ІІІ. Білімді өзектілендіру Дәйексөз Адамға тән бір жақсы қасиет – өзін қоршаған әлемнің әсемдік сырларына үңілу, содан рухани нәр алу, өзінің нәзік сезімін образдар арқылы паш ете алу.

(Әбу Насыр әл- Фараби)

ІV. Жаңа білімді хабарлау.   1.      «Жигсо»

1.Іс-әрекет туралы жалпы түсінік.

2. «Іс-әрекет субъектісі» ұғымының құрылымы.

3.Адамның іс-әректінің хайуанаттар тіршілігінен айырмашылығы.

2.      Дәрісті баяндау (дәріс материалдары қосымша тіркеме №1 берілген).

ІV. Бірінші бекіту кезеңі Әр топтан тақырыпқа байланысты өз ойларын қысқаша білдіру.
V.Білімді жүйелеу кластер 1.      Флипчартпен жұмыс
VІ. Екінші бекіту кезеңі Дәптермен жұмыс 1. Тезис құру.

2. Формальді логикалық модель құру

V.Қорытындылау Сұрақ-жауап

 

–          Іс-әрекет дегеніміз не?Түсіндіріңіз.Нақты мысалдар келтіріңіз.

–          Жеке тұлға іс-әрекетте қалыптасады деген тұжырымды нақты мысалдармен түсіндіріңіз.

–          Интериоризация дегеніміз  не? Анықтамасын  беріңіз,мысалдар келтіріңіз.

–          Экстериоризация дегеніміз не?Анықтама беру сұралады,мысалдар келтіріңіз.

–          Икемділік дегеніміз не?Сипаттама  беріңіз.

–          Дағды дегеніміз не?Дағдының өзара әрекетіне тоқталыңыз.Мысалдар келтіріңіз.

VІ. Білімді бағалау   Белсене қатысқан студенттерді, топтық жұмыс бойынша өзін өзі бағалау парағы арқылы бағалау.
VІ. Үйге тапсырма беру   Тақырып бойынша 2 беттік дәрісбаян жазу, оны оқу мазмұндау

Тақырыптық ақпараттық жоба

 

 

Іс-әрекет

1.Іс-әрекет туралы жалпы түсінік.

  1. «Іс-әрекет субъектісі» ұғымының құрылымы.

3.Адамның іс-әрекетінің хайуанаттар тіршілігінен айырмашылығы

1.Іс-әрекет адам өмірі мүмкін емес.Іс-әрекет үрдісінде адам қоршаған дүниені, оның заңдылықтарын танып біледі, әртүрлі құбылыстарды қабылдайды.

Іс-әрекет үрдісінде өнімдер және материалдық заттар – киім-кешек,тамақ,тұрғын үй жасалады, оларсыз адам өмір сүре алмайды.Іс – әрекет үрдісінде рухани  құңдылықтарды – саз, бейнелеу өнері,поэзия,ғылымды жасау іске асады.Сонымен, іс-әрекет – бұл адамның қоршаған дүниеге белсенді қатынасының түрі.

Адамның іс-әрекет жануарлар мінез- құлқының ол қанша күрделі болғанмен ерекше айырмашылығы бар.Адамның іс-әрекеті саналы сипатқа ие болады, ол мақсатқа бағытталған, демек,адам мақсатты және оған жетудің тәсілдерін  түсінеді, іс-әрекеттің  кейбір бөлімдерін жоспарлайды, мүмкін болатын  қиындықтар мен кедерегілерді ескеріп отырады,қажет болған жағдайда іс-әрекетті қайта құрады, нәтижені алдын ала көре біледі.

Адамның іс-әрекеті еңбек құралдарын дайындаумен, пайдаланумен және сақтаумен байланысты.Адамның іс-әрекеті қоғамдық сипатқа ие болады, ол ұжымда және ұжым үшін іске асады.Іс-әрекет үрдісінде адам басқа адамдармен күрделі қатынастарға енеді.

Іс-әрекет қоғамдық  – тарихи жағдайлармен анықталады.Адам өзінің іс-әрекетін қоршаған өмірден,өзі өмір сүрген өоғамның талаптарынан бөліп қарай алмайды.

Барлық уақытта да және кезеңде де адам  еңбекпен айналысты,ол қоғамның қажеттілігін (материалдық және рухани) немесе жеке  қажеттіліктерді қанағаттандыратын өнім беріп отырады.Іс-әрекет адамның өзіне де өзіндік таңбасын қалдырады.Психика тек көрініп қана қоймайды, ол іс-әрекетте қалыптасады.

Жеке тұлға іс-әрекетте қалыптасады, адам өжет, ержүрек қасиет танытады.Өздеріңізді қоршаған адамдарды бақылап қарасаңыздар,мамандық адамның сыртқы келбетін,оның рухани дүниесін өзгертеді.Әр мамандықтың өзіне тән ерешеліктері бар, мәселен,әскери адамның психологиясында  өзіндік ерекшеліктері кездеседі.Сол сияқты мұғалімдік,дәрігерлік мамандыұтардың өзіндік ерекшеліктері болады.

Адамның іс-әрекеті алдына қойған мақсаттарымен, міндеттерімен анықталады, адамды  ос іс-әрекетке  итермеленген,себеп болған белгілі түрткілермен байланысты.Алдына қойған мақсаттары мен міндеттерін іске асыра отырып, адам іс-әрекетте өзінің белсенділігі білдіреді.

Кез- келген белгілі бір түрткілер пайда болады жән еіске асады, белгілі себептермен анықталады.Сіз неге оқыдыңыз?  Неге алдыңызға университтеті бітіру туралы мақсат қойдыңыз?Осы сұрақтарды алдыңызға қойып көріңіз, бірден  сіздің есіңізде осындай шешімге келуге итермелеген түрткілер пайда болады.Олар әртүрлі болуы мүмкін, бірақ  барлығыңызды сіздің оқу іс-әрекетіңіздің мақсатын анықтайтын қандай да болмасын түрткілер болады.

Іс-әрекет оның құрылымына қарай қарастырылады.Кез-келген іс-әрекетте төмендегідей  бөліктерді атап көрсетуге болады (құрамдас бөліктері,бөлімдер,іс-әрекеттің  кезеңдері); мақсат қою кезеңі (нақты міндеттерді анық түсіну); жұмысты  жоспарлау, әрекетің тиімді тәсілдерін таңдау кезеңі; іс-әрекетті орындау,іске асыру кезеңі; одан әрі нәтижелерін  тексеру, қатесін түзеу, алынған нәтижелерді жоспарланған нәтижелермен салыстыру,жұмысты қорытындылау.

Оқушының нақты оқу әрекетін талдай келіп,барлық бұл кезеңдерді аңғару қиын емес.Адамзат  іс-әрекетінің қажетті шарттары – психикалық үрдістер.Олар адамның кез -келген іс-әрекетінің міндетті жағы  болып табылады:ойын үстіндегі бала, оқушының оқуы, адамның еңбек етуі- әруақытта да іс-әрекеттің барлық түрлері зейінмен,қабылдаумен,еспен, ойлаумен және басқа да үрдістермен тығыз байланысты,онсыз адамның ешқандай іс-әрекеті іске аспайды.

Психикалық үрдістер адамды қоршаған ортаға бағдарлайды,оның іс-әрекетін бағыттайды,оны ойлап істейді,әрекеттерді іске асатын жағдайларға сәйкес ретке келтіреді.Екінші жағынан,бүкіл психикалық үрдістер іске асады, қалыптасады және іс-әрекет үрдісінде реттеледі.Осылай психикалық үрдістер мен адамның іс-әрекеті өзара байланысты және өзара тәуелді іске асады.

Баланың іс-әрекеттің  бақылай отырып,бұл үрдіске толық сенуге болады.Бала психикасы  оның іс-әрекетінде қалыптасады.Мектепке дейінгілердің  ойын әрекетінде оның есінің,зейіннің,ойлауының қалыптасуын аңғаруға болады.Мектеп оқушыларында оқу әрекеті ерекше рөл атқарады, осы жетекші әрекеттің әсерімен оқушылардың психикалық үрдістері бірте-бірте  мақсатты басқаруға  және реттеуге бейім келеді,оның көлемі,қозғалғыштығы және басқа да сапалары  артады.

Іс-әрекеттің мақсатты және түрткілері психикалық үрдістерді реттеп және оны басқарып отырады.

2.«Іс-әрекет субъектісі» ұғымының құрылымы (Б.Г.Ананьев бойынша)

Сонымен, біріншіден адам тірі табиғат өкілі – биологиялық объект, екіншіден, саналы іс-әрекет субъектісі, үшіншіден, әлеуметтік тіршілік иесі ретінде қарастырыла алады. Яғни адам – саналы және қызметке қабілетті биоәлеуметтік тіршілік иесі. Осы үш деңгейдің бір бүтінге бірігуі адамның интегралды сипаттамасы – оның жеке тұлғалылығын қалыптастырады.

Жеке тұлғалылық – бұл нақты адамның өзгешелігі және қайталанбастығы көзқарасынан психикалық, физиологиялық және әлеуметтік ерекшеліктерінің жиынтығы болып табылады. Адамның жеке тұлғасының қалыптасуындағы алғышарттарына қоғамдық сипаты бар тәрбие процесінде өзгеретін анатомия-физиологиялық бастамалар жатады. Тәрбиелеу жағдайлары мен туа біткен мінездердің әр түрлілігінен жеке тұлғалылықтың көп түрлілігі пайда болады.

Сондықтан, адам – нақыт өмірдің ең күрделі объектісінің бірі деп қортынды шығаруға болады. Адамның құрылымдық ұйымдасуы көп деңгейлі сипаты мен оның табиғи, әлеуметтік мәнінен көрінеді.Сол үшін де адам және оның іс-әрекетін зерттейтін көптеген ғылымдардың болуы ғажап емес[4].

ИНДИВИД
СУБЪЕКТ

 

ЖЕКЕ ТҰЛҒА

 

  1. Адамның іс-әрекетінің хайуанаттар тіршілігінен айырмашылығы

1.Адамның қызметі жемісті, шығармашылық, жасампаздық сипатқа ие. Жануарлар белсенділігінің тұтынушылық негізі бар, ол табиғатпен берілгенмен салыстырғанда, өндірмейді және жасамайды.

  1. Адамның қызметі материалдық және рухани мәдениет заттарымен байланысты, олар өздері немесе құралдар ретінде немесе қажеттіліктерді қанағаттандыру заттары ретінде немесе өз дамуының құралдары ретінде пайдаланылады. Жануарлар үшін адам құралдары мен қажеттіліктерді қанағаттандыру құралдары жоқ.
  2. Адамның қызметі оның өзін, қабілетін, қажеттіліктерін, өмір жағдайын өзгертеді. Жануарлардың белсенділігі олардың өздерінде де, өмірдің сыртқы жағдайларында да ештеңе өзгертпейді.
  3. Адам қызметі оның әртүрлі нысандары мен жүзеге асыру құралдарында тарих өнімі бар. Жануарлардың белсенділігі олардың биологиялық эволюциясының нәтижесі болып табылады.
  4. Адамдардың заттық іс-әрекеті оларға туғаннан берілмеген. Ол мәдени мақсатта және қоршаған заттарды пайдалану тәсілінде “берілген”. Мұндай қызметті оқыту мен тәрбиелеуде қалыптастыру және дамыту қажет. Сонымен қатар ішкі, нейрофизиологиялық және психологиялық құрылымдарға, практикалық қызметтің сыртқы жағын басқарушыларға қатысты. Жануарлардың белсенділігі бастапқыда берілген, генотиптік байланысты және ағзаның табиғи анатомиялық-физиологиялық жетілуіне қарай тарайды[5].

Әдебиеттер:

  1. Бап – Баба Сәбет. Психология / – Алматы. – Дарын. – 2005. – 350.
  2. К.Сейталиев.Жалпы психология,- А:Білім, 2007-360б.
  3. С.Жақыпов. Жалпы психология негіздері.-А.: Алла прима, 2012-203б
  4. https://studfile.net/preview/5354108/page:3/
  5. https://studopedia.info/2-11831.html

 

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *