Информатика пәнінен мұғалімдер арасында сыныптан тыс шара

Тақырыбы: «Информатика – ақпараттар ғылымы» Брейн-ринг

Мақсаты: Пән мұғалімдерінің компьютер туралы білімдерін тексеру.

Армысыздар құрметті бүгінгі ойынның қонақтары, ойынға қатысушылар және жанкүйер қауым! Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына арнап және «Информатика – ақпараттар ғылымы» атты информатика пәнінің апталығы аясында ұйымдастырылып отырған шарамызға қош келіпсіздер!

Сайысқа барлығы әр ӘБ-тен ұсынылған 5 мұғалім қатысады. Ендеше сайыскерлерімізді ортаға шақырайық.

Орыс тілі, қазақ тілі пәндері ӘБ – қазақ тілі пәнінің мұғалімі Негметов Бекежан Муханбетжанович

Жаратылыстану – математика пәні ӘБ – математика пәнінің мұғалімі Капсиков Нурберген Казизович

Бастауыш сынып ӘБ – бастауыш сынып мұғалімі Ерсаинов Еркебұлан Ерланұлы

Дене шынықтыру, музыка және көркем еңбек ӘБ – көркем еңбек пәнінің мұғалімі Қыдырсиқов Мерболат Нұржанұлы

Тарих, ағылшын тілі, өзін – өзі тану пәні ӘБ – ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Нағашыбай Ақмоншақ Алтынбайқызы

 

Сайысымыз 5 кезеңнен тұрады.

І тур. «Кім, жылдам?»

ІІ тур. «Дешифратор»

ІІІ тур. «Смайликтер сөйлейді»

ІV тур. «Маңдайға жазғанды көресің»

V тур. «Құпия жәшік»

VI тур. Шығармашылық тапсырма

Әділқазы алқалары сайланады.

Сайыскерлерімізге сәттілік тілей отырып, алдымен дайындықтарын білейік. Ортаға шығайық. Сіздер бір әріпті таңдап, мен сұрақтар қоямын, сіздер осы әріптен басталатын сөзбен жауап беру керексіздер. Ойын шарты түсінікті болса, бастайық. А, Б, Д, К, Ж

  1. Бүгінгі көңіл – күйіңіз?
  2. Сайысқа дайындығыңыз қалай?
  3. Қандай пәнді ұнатасыз?
  4. Мектепке немен келдіңіз?
  5. Әріптестеріңізге қандай тілек тілейсіз?

Рахмет!

Ендеше, сайыскерлерімізге сәттілік тілей отырып, сайысымыздың І кезеңін бастаймыз.

І кезең. «Кім, жылдам?». Бұл кезеңде әр қатысушыға әріптері шатастырылған сөздер беріледі, содан информатикаға қатысты дұрыс сөздер құрастыру керек.

1-қатысушы:

  1. ИННЕТТЕР — (интернет)
  2. ФМИНРКО — (микрофон)
  3. КАНЕРС —  (сканер)
  4. КСИД (диск)
  5. ПРОСОРЦЕС (процессор)
  6. РАНКЭ (экран)
  7. ИРУСВ (вирус)

2-қатысушы:

  1. ШЫНТАҚ (тышқан)
  2. ТЕРПИНТ (принтер)
  3. ЗТЕЕРЕ (терезе)
  4. ТАЙБ (байт)
  5. ШАЛЕФК (флешка)
  6. РЕПНЕ (перне)
  7. ҚАТТА (тақта)

3-қатысушы

  1. РЕТЬЮПОМК – компьютер
  2. ВРЕДАЙР – драйвер
  3. ДЕМОМ – модем
  4. ЛАЙФ – файл
  5. РОТИНОМ – монитор
  6. АТЕКИСД – дискета
  7. АЛАМРДАҒБА – бағдарлама

               4-қатысушы

  1. НИРПЕРТ – принтер
  2. ЧЕСВИНТЕР – винчестер
  3. КРАСЕН – сканер
  4. АНИШ – шина
  5. СОРЕСЦПРО – процессор
  6. ТОРП – порт
  7. РАТАПҚА – ақпарат

5-қатысушы

  1. СХЕРОМИКМА — микросхема
  2. ИАКМАТОРФНИ – информатика
  3. ЧНЕСТРЕИВ – винчестер
  4. ЗЕРТЕЕ – терезе
  5. РСУТИВНАИ – антивирус
  6. САЛЬКАП — паскаль
  7. ТЕРПОЛТ — плоттер

 

2-тур. Дешифратор 

1- қатысушы.

  1. 1024  байтың болғанша,

Бір гигабайтың болсын.

Жауабы: Жүз сомың болғанша,

                 Жүз досың болсын.

  1. Компьютер болмай – Windows болмас

Жауабы: Бірлік болмай  тірлік болмас.

  1. Екі вирус таласса,
    Бір антивирусқа жем болар.

Жауабы: Екі құзғын таласса,
Бір қарғаға жем болар.

  1. Процессор сынса, жүйелік блок ішінде

Картрижд сынса, принтер ішінде.

 Жауабы: Бас жарылса, бөрік ішінде,
Қол сынса, жең ішінде.

2-қатысушы:

  1. Қырық перне бір жақ,

Лазерлік  маус бір жақ.

Жауабы: Қырық кісі – бір жақ,
Қыңыр кісі – бір жақ.

  1. Ұстаз қанаты- WhatsAPP.

Жауабы: Ер қанаты – ат.

  1. Вирусты антивирус өлтірер,

Единицаны WhatsAPP  құртар.

Жауабы: Ерді намыс өлтірер,
Қоянды қамыс өлтірер.

  1. Алыстағы  iPhone-нан  Қолыңдағы Samsung артық.

Жауабы: Алыстағы туыстан жақындағы көршің артық.

 

3-қатысушы:

  1. Компьютер процессорымен мықты,

Интернет Instagram- ымен мықты.

Жауабы: Ағаш тамырымен мықты,
Адам достарымен мықты.

  1. Виртуальды досыңа

“Лайк” баспай отырма.

Жауабы:  Айрылмастай досыңа қайрылмастай сөз айтпа

  1. Студент экстрабаланс алып, WhatsAPP –қа  кіруден тайынбас.

Жауабы: Шешінген судан тайынбас.

  1. Ноутбугіне қарай қарсы алады

Программа құруына қарап шығарып салады.

Жауабы: Киіміне қарап, қарсы алады,
Біліміне карап, шығарып салады.

4-қатысушы:

  1. Жігітті компьютеріне қарап, бағала.

                                                                     (Жігітті досына қарап, бағала)

  1. Байт биттен құралады.

                                                                     (Теңге тиыннан құралады)

  1. Вирустан қорыққан, Интернетке шықпас.

                                                                   (Шегірткеден қорыққан, егін екпес)

  1. Компьютердің жұмысы, иесіне мәлім.

                                                                      (Аттың сыры, иесіне мәлім)

5-қатысушы:

  1. Веб-дизайншының өз еркі, сайтты қалай жасаса.

                                         (Қазаншының өз еркі, құлағын қайдан шығарса) 

  1. Антивирусы күштіні-Вирус ала алмайды.  (Досы күштіні-жау алмайды)
  2. Күлсең ескірген компьютерлерге күл.

                                                               (Күлсең кәріге күл)

  1.  Компьютерде екі колонка, дауысы жер жарады.

                                                   (Айдағаны бес ешкі, ысқырығы жер жарады)

3-тур. «Смайликтер сөйлейді». Барлығыңызға жасырылады. Қол көтеріп жауап бересіздер. Әр дұрыс жауап 10 ұпаймен бағаланады. Экранда смайлдар көрсетіледі, смайлдар арқылы қандай кино екенін табу қажет (отандық және шетелдік кино болуы мүмкін).

Бизнес по казахски в Америке

Тараз

  • В поисках мамы

Ограбление по казахски

16 қыз

Анаға апарар жол

Свадьба на троих

финансист

—   Шал

— Келінжан

ІV тур. «Маңдайға жазғанды көресің». Компьютер құрылғыларына қатысты суреттер беріледі, сол суретті әр ӘБ мұғалімдері жанкүйерлер ыммен түсіндіреді. Сіз соның атауын айту керексіз.

 

ПРИНТЕР

 

 

ТЫШҚАН

МОНИТОР

 

 

СКАНЕР

 

 

ЖҮЙЕЛІК БЛОК

 

V тур. «Құпия жәшік». Әріптестеріміздің білімдерін сынайтын кез келді. Бұл кезеңде Салт-дәстүр, Тәуелсіз Қазақстан, Ғаламтор, Ғалымдар және Еркін тақырып ұяшықтары беріледі. 10, 20, 30, 40 ұпайдан өзіңізге ұнаған ұяшықты ашып, жауап бересіздер.

Салт – дәстүр

10: Сүйінші дегеніміз не? (Жақсы хабар жеткізетін кезде жасалатын рәсім)

20: Сәби қаз тұрғаннан кейін тез жығылмай, сүрінбей жүріп кетсін деп, болашағы жарқын болсын деген тілекпен жасалатын дәстүр. (тұсаукесер)

30: Бастаңғы деген қандай дәстүр? (Үйдің үлкендері жол жүріп кеткенде ауыл жастары сол үйге жиналып, жолаушылардың жолдары болсын деген ниетпен бас қосып, ойын – сауық құрады)

40: Басқа жерден көшіп келген көршілерге сол жерде бұрыннан тұратындар қонаққа шақырады. Бұл салт қалай аталады? (ерулік)

Тәуелсіз Қазақстан

10: Қазақстан Тәуелсіздігін қашан алды? (1991 жылы, 16 желтоқсан)

20: ҚР Тұңғыш Конституциясы қай жылы қабылданды? (1993 жыл, 28 қаңтар)

30: Елбасының толықтыруымен өңделген Ш.Қалдаяқовтың «Менің Қазақстаным» әні қай жылы Әнұран ретінде қабылданды? (2006 жылы)

40: 1999 жылы 13 қаңтарда жарық көрген Елбасының еліміздің тәуелсіздік алу жолындағы қиындықтары туралы жазған кітабы қалай аталады? (Тарих толқынында)

Ғаламтор:

10: АҚШ кәсіпкері әрі қоғам қайраткері, бағдарламалық қамсыздандыру саласының әлемдік көшбасшысы болып табылатын Microsoft Corporationкомпаниясының негізін қалаушысы (Билл Гейтс)

20: «Ғаламтор», яғни интернет сөзінің ең алғашқы атауы (ARPANET)

30: «Фейсбук» әлеуметтік желісінің негізін қалаушы кім? (Марк Цукерберг)

40: Әйгілі “GOOGLE” сөзі нені білдіреді? (онның жүз дәрежесі дегенді білдіреді)

Ғалымдар:

10: 870 жылы туылған, қазақ даласынан шыққан ұлы ғалым, ойшыл философ, математик, астролог, Отырар қаласында туған. (Әбу Насыр Әл-Фараби)

20: «Құтты білік» дастанының авторы, ақын, ойшыл, ғалым (Жүсіп Баласағұни)

30: Шоқан Шыңғысұлы Уәлихановтың шын есімі? (Мұхаммед Қанафия)

40: Аса көрнекті қазақ геологы, қоғам қайраткері, Қазақ КСР Ғылым академиясын ұйымдастырушы және оның тұңғыш президенті (Қ.И.Сәтбаев)

Еркін тақырып:

10: Қазақстандағы ең биік тау шыңы қалай аталады? (Хан Тәңірі)

20: Қазақтың «Үш бәйтерегін» атаңыз (І.Жансүгіров, Б.Майлин, С.Сейфуллин)

30: 2004 жылы Афины қаласында өткен олимпиадада бокстан алтын медальді жеңіп алған қазақ спортшысы. (Б. Артаев)

40: Геральдика ғылымы нені зерттейді? (елтаңбаларды)

 

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *