Жұмысшы газеті

«Жұмысшы» — қазақ жұмысшыларына арналған тұңғыш мерзімді басылым.

1928 жылдың мамырынан 1929 жылдың мамырына дейін Қызылорда қаласында, осы жылдың қыркүйегінен 1930 жылдың тамызына дейін Алматыда жарық көрген. Таралымы 11 мың дана болған. Газетте шет елдердегі жұмысшылар қозғалысы, Кеңес Одағында және Қазақстанда болып жатқан жаңалықтар, өндіріс жайы, жұмысшылар тұрмысы жан-жақты жазылған. Басылым оқырман хаттарын жариялап, әр түрлі сауалдарына жауап жазып, қазақ жұмысшыларының ой-санасын оятып, мәдени-білім дәрежесін көтеруді мақсат еткен. «Жұмысшы» газетінде Ә.Байділдин, Ә.Айсарин, О.Беков, Б.Майлин, Е.Малдыбаев, Қ.Әбдіқадыров, М.Боранбайұлы, Ә.Тәжібаев, С.Мұқанов, Қ.Тайшықов, А.Тоқмағамбетов, Ж.Сыздықов, І.Құрамысов, Ж.Тілепбергенов, Е.Калымбетұлы, тағы басқа қаламгерлердің әр түрлі жанрдағы шығармалары жарық көрген.

 

«Жұмысшы» газеті. 1928 жылы 1 мамырда Қызылорда өлкелік партия комитеті мен кәсіподақ советінің атынан «Жұмысшы» газеті шыға бастады. «Жұмысшы» газеті көлемі үлкен форматты, төрт бет болып «Еңбекші қазақ» газетінің жанынан шығарылды.

 

«Жұмысшы» газеті еңбекшілердің қамын ойлап,оларға шын жөн сілтеуші, кеңесші болуды мақсат етті. Адамдардың ұжымдық еңбекке бірігуіне, партия қатарына өтуіне көп көңіл бөлді. Жергілікті жерлерде кәсіподақ еңбек шарттарының орындалуын қадағалап, кеңес орындарының жұмысына көмектесті.

 

Газет қазақ жұмысшыларының санасын оятып, білім көтеру мақсатымен «Сұрақ-жауаптар» бөлімін ашты. Онда жұмысшылардың білгісі келген жайларына жауап-түсінік беріп отырды. Кәсіпшілер одағы деген не, оған мүше болу жайы қалай екенін үнемі насихаттап отырды.

 

«Жұмысшы» газеті өзінің бірінші бетінде шетелдердегі жұмысшылар қозғалысын, екінші бетінде жергілікті жерлердегі жұмысшылардың ісін, жай-күйін баяндады. Үшінші беттегі «Хабар-ошар» бөлімінде Кеңес елінде болып жатқан жаңалықтарды үзбей жазып отырды. Ал «Денсаулық жайы» деген бөлімінде газет түрлі аурулар, одан сақтану, оны емдеу жолдары жөнінде консультациялар ұйымдастырылды. Газеттің бір үлкен бөлімі «Жастар тұрмысынан» деп аталды.

 

Темірбек Қожекеевтің «Жұмысшы шаруа газеттері» атты еңбегінде «Жұмысшы» газеті қазақ, орыс жұмысшыларының арасында достық қатынас орнату үшін белсене күрес жүргізгені айтылған.

 

Қ.Аллабергеннің «Тарих және баспасөз» атты кітабында «Жұмысшы» газеті Қызылордада 1930 жылға дейін шығып тұрғаны жазылған. Бұл уақыт­тың ішінде ол бұрын өнеркәсібі болмаған Қазақстанда жаңа өнеркәсіп салаларының көптеп ашылуына, онда қазақ жұмысшыларының санының көбеюіне байланысты, олардың мәдени-білім дәре­же­сінің өсуіне ат салысты. Республикамызда маман жұмысшы кадрларының даярлауға қолқабыс етті.

 

Бексұлтан ДАРЫН

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.aqmeshit_aptalygy

2.wikipedia

 

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *