ЖЫЛ СОҢЫНА ДЕЙІН КОЛЛЕДЖ СТУДЕНТТЕРІ ҮШІН 2,5 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖАТАҚХАНА ОРНЫН АШУ ЖОСПАРЛАНУДА

ЖЫЛ СОҢЫНА ДЕЙІН КОЛЛЕДЖ СТУДЕНТТЕРІ ҮШІН 2,5 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖАТАҚХАНА ОРНЫН АШУ ЖОСПАРЛАНУДА

Қазақстанда жаңа оқу жылында колледж студенттері үшін 2,5 мың орындық 13 жатақхана ашу жоспарлануда. Оның ішінде, 960 орындық 4 жатақхана жаңа оқу жылы басталғанға дейін пайдалануға берілді. Бұл жайында, ҚР Үкімет отырысында ҚР Оқу-ағарту министрі баяндады.

Жаңа жатақханалар Талдықорған музыка колледжінде, Ақтау технологиялық қызмет көрсету колледжінде, Алматы құрылыс-монтаж колледжі мен Алматы сән және дизайн колледжінде ашылды.

Осы жылдың аяғына дейін Шымкент, Ақмола, Жетісу, Шығыс Қазақстан, Түркістан, Қызылорда және Жамбыл облыстарында қалған 1512 орындық 9 жатақхананы ашу көзделуде. Бұл шаралардың барлығы техникалық және кәсіби білімнің қол жетімділігі мен сапасын арттыруға, колледж студенттерінің жатақханада тұру жағдайын жақсартуға бағытталып отыр.

Атап өтерлігі, бүгінде ел бойынша колледж студенттерінің 85 пайызы жатақханамен қамтамасыз етілген.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *