Жыл мезгілі. Күз

Күні: 17.01.2023ж

Сабақтың тақырыбы: Жыл мезгілі. Күз

Мақсаты: Балалардың күз мезгілі туралы түсінігін кеңейту. Қоршаған ортаны күтіп- баптауға тәрбиелеу. Мезгілге байланысты өсімдіктердің өзгерістерін ұғындыру, ой-өрісін, тілдік қорын дамыту.

Көрнекі құралдар: жылдың әр түрі

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру бөлімі

Психологиялық дайындық

Табиғат-біздің анамыз

Табиғатқа біз баламыз

Оқушылардың күзгі ауа-райы туралы түсініктерін байқау. Күздегі өлі табиғатта болатын өзгерістер: аспан қалпы, күннің ұзақтығы, салқындауы.

 

  1. Жаңа сабақ

— күзде табиғатта болатын өзгерістерді ата.

— күзде өлі табиғатта қандай өзгерістер болады

— күз қандай кезеңдерден тұрады және онда табиғат қалай өзгереді

— күзде қандай жауын шашын түрлері түседі

— күз айларын ата

 

  1. Сөздік жұмыс
  2. Күз, жапырақ, суытты, жауын т.б. тірек сөздерді пайдаланып сөйлемдер құрастыру.
  3. Мұғалім бірінші сөзді айтады, оқушы сол сөзге қатысты екінші сөзбен жалғастырады.

Көктем жаңбыр                           көктем

Жаз күн шықты                           жаз

Аспан бұлт                                  аспан

Жер шөп                                      жер

 

  1. Дәптермен жұмыс

Жұмбақ шешу.

Көтеріліп теңізден,

Аспанға биік барамын.

Биіктен қайта түскенде,

Өңі кірер даланың. (жаңбыр)

Оқушылар жаңбыр жауып тұрған күз мезгілінің суретін салады

 

  1. Сергіту сәті.

Жаңбыр жауып басылады (партаны тарсылдатып соғады, дөңес сызық көрсетеді)

 

  1. Сабақты бекіту.

-Оқушалар бүгін біз жылдың қай мезгілімен таныстық

-Күз мезгілінің ай аттары қалай аталады

-Күз мезгілінің ауа райы қандай

 

 

 

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *