жылытқыш құралдары

Пән: Дүниетану
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Менің мектебім
Күні:
Сынып: 1 сынып Мектеп:
Мұғалімнің аты-жөні: Байжанова А
Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:
Сабақ тақырыбы Мен және менің мектебім
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) 1.1.2.1. Мектептің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру
Сабақ мақсаттары Барлық оқушылар: Өз мектебі туралы және мектептің адам өміріндегі маңыздылығын біледі
Көптеген оқушылар: Мектептің оқушы өміріне қажеттілігін түсінеді
Кейбір оқушылар: Мектепте жұмыс істейтін маман иелері жұмысының ерекшеліктерін суреттейді
Бағалау критерийлері • Мектептің адам өміріндегі рөлін сипаттайды
• Мектепте жұмыс істейтін адамдарды қызметкерлерді атайды
Тілдік мақсаттар Оқушылар орындай алады: өз мектебі туралы біледі, мектепте кімдер жұмыс істейтінін және олардың қызметі туралы біледі; кітапхана қызметін пайдалануды үйренеді.
Пәнге тән лексика мен терминология: мектеп,мұғалім,сынып,аспаз,асхана,дәрігер,кітапхана, кітапханашы
Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:
-Алғаш қазақ балаларына арнап мектеп ашқан кім?
-Біздің мектебіміз қалай аталады?-Мектеп туралы не білесіңдер?-Мектепте кімдер жұмыс істейді?Адам өмірінде мектептің маңызы қандай?
-Кітапханада кімдер жұмыс жасайды?-Кітапханада адамдар неліктен сыбырласып сөйлеседі?
Құндылықтарды дарыту сын тұрғысынан ойлау, топтық жұмыс жасау барысында қарым- қатынас жасау қабілеті, өзгелердің мәдениетіне және көзқарастарына құрметпен қарау, жауапкершілік құндылықтары дамиды
Пәнаралық байланыстар Ширату кезінде сауат ашу пәнімен, топтық жұмыс орындау кезінде көркем еңбек пәнімен, сергіту сәтінде музыка пәнімен байланысады
АКТ қолдану дағдылары Моноблок ,электронды оқулық
Бастапқы білім Мектепке білім алу үшін келетінін біледі
Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет Ресурс
тар
Сабақтың басы

3 минут

Ынтымақтастық атмосферасын құру.
Біз балдырған баламыз ,
Құстай қанат қағамыз.
Дүниені аралап,
Оқып ,білім аламыз.
Ширату

М Е К Т Е П
Суреттің атын атап , алғашқы әріптерінен сөз құрайық.
Суретті сөзжұмбақ арқылы мектеп сөзін шығарып аламыз
Мектебің, мынау класың,
Осында он бір жыл тұрасың.
Тарыдай болып кіресің,
Таудай болып шығасың .
Топқа біріктіру
Оқушылар төрт түсті таңдағанда
1 топқа мұғалім болғысы келетін оқушылар қызыл түсті таңдап отырады.
2 топқа кітапханаға көп баратын оқушылар жасыл түсті таңдап отырады.
3 топқа дәрігер болғысы келетін оқушылар сары түсті таңдап отырады.
Асханаға көп баратын оқушылар көк түсті таңдап 4 топ болып отырады.
Оқушылар топта таңдаған түстегі қағаздан сурет құрастырады.
1 топта мектеп суреті
2 топ кітапхана,
3 топ дәрігер бөлмесі,
4 топ асхана суретін құрастырады.
1-топ қызыл « Мектеп»
2-топ жасыл «Кітапхана»
3-топ сары «Дәрігер бөлмесі»
4-топ көк «Асхана»
Топ ережесін еске түсіру.
1.Бір бірімізді тыңдаймыз
2.Бір –бірімізге көмектесеміз.
3.Тыныштық сақтаймыз
4.Уақытты үнемдейміз
Топбасшысын сайлаймыз. Слайд

суретті
сөзжұмбақ

Түсті қағаздар

Сабақтың ортасы

7 минут

2 минут

7 минут

2 минут

5 минут

7 минут

2 минут Оқу мақсатын жариялау.
(Ұ) «Кинометафора» әдісі
Қазір біз бейнефильм көреміз. Назар аударайық.
Бұл бейнефильм кім туралы екен?
Енді екінші бейнефильмді көрейік Бұл бейнефильм қай мектеп туралы екен?Өзіміздің мектебіміз туралы екен.
Бағалау «Эталон жауап» әдісі
Сұрақтар мен жауаптар ілініп тұрады.оқушылар өз жауаптарын салыстырады.
Алғаш қазақ балаларына мектеп ашқан Ыбырай Алтынсарин
Алтынсарин қай жылы дүниеге келген? 1841жылы дүниеге келген.
Ыбырайдың оқуға шақырып шығарған өлеңі «Кел, балалар, оқылық!»
Ыбырай Алтынсарин тек өлеңдер жазды ма? Өлеңмен қатар
әңгімелер жазды.Аударма жасады
Біздің мектебіміз қалай аталады? Ыбырай Алтынсарин атында
Мектепте кітапханашы апай кім екен? Кітапханашы апай Қарлыға апай

(Т) Топтық жұмыс Түске бөлінген қағаздың артқы бетіне қарап қиындыларды құрастырамыз.
Тапсырма «Мозайка» әдісі арқылы іске асады.
Берілген топқа бөлінген қағаз қиындыларынан сурет құрастырамыз.
Қандай сурет шықты? Әңгімеле
1-топтың оқушылары мозайканы құрастырғанда мектеп суреті шықты .
2-топ Кітапхана
3-топ Дәрігер бөлмесі
4-топ Асхана
Кері байланыс Топтық жұмыста қандай қиындықтар болды?
Б «Серпілген сауал»
Кейбір оқушыларға ашық сұрақтар қойылады: — Мектепте қандай қызметкерлер жұмыс жасайды? -Кітапхана не үшін керек деп ойлайсың? Көмекті қажет ететін оқушыларға жетелеу сұрақтары қойылады: -Кітап не үшін қажет деп ойлайсың?Аспаз деген кім? Қарқыны баяу оқушыларға қосымша уақыт беріледі. Сергіту сәті. «Оқып, біліп үйренеміз» әні Жұптық жұмыс
1 — жұп «Жарнамалық кітапша» әдісі
Тапсырма 1 Өз тобының атына сәйкес сурет салып кітапша беттерін құрастырады
2-жұп «Топтастыр» әдісі.
Тапсырма 2
Берілген маман иелері суретінің ішінен мектепте жұмыс істейтін қызметкерлерді тауып,топтастырады.

3-жұп «Сәйкестендіру» әдісі
Тапсырма 3

“Ойлан,жұптас,ой бөліс” әдісі бойынша алдымен барлық топтың
1-жұптары ой бөліседі.Жауаптарын салыстырып толықтырады.Үздік жұпты анықтайды.
Екінші 2-жұптың оқушылары келіп ой бөліседі.
Үздік жұпты анықтайды
Үшінші 3-жұптың оқушылары ой бөліседі
Үздік жұптар сыныпта жұмыстарын қорғайды.
Кері байланыс
Мектепте кімдер жұмыс жасайды екен?
-Кітапханашы не істейді?
-Кітапханада не үшін сыбырласып сөйлеседі?
Б. «+ — қызықты»
(Ө) Қалыптастырушы бағалау тапсырмасын орындау.
Ортақ тақырып: «Менің мектебім»
Бөлімше 1.2. «Мектеп және мектеп қоғамдастығы»
Оқу мақсаты 1.1.2.1Мектептің адам өміріндегі
өмірін маңыздылығын түсіндіру
түсінд
Бағалау критерийі Білім алушы
• Мектептің
адам өміріндегі рөлін
сипаттайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі Білу және түсіну
Қолдану
1-тапсырма
Суреттерге мұқият қара. Олардың бір-бірімен қандай байланысы бар?
• Оқушылар мектепке не үшін барады?
2-тапсырма Өлеңді мұқият тыңда. Ойыңмен бөліс.
Мектебің мынау класың,
Осында он жыл тұрасың.
Тарыдай болып кіресің,
Таудай болып шығасың! М.Мақатаев
«Тарыдай болып кіресің, таудай болып шығасың!» деген жолдарды
қалай түсінесің?
Дескриптор Білім алушы
— суреттердің байланысын анықтайды;
— адам өміріндегі мектептің рөлі туралы әңгімелейді.
(Б) Дескриптор арқылы бағаланады
Сараланған тапсырма «Қарқын» тәсілі бойынша жылдам дұрыс орындап болған
оқушыларға тапсырма беріледі.
Қосымша таратпа беріледі.
Кітапханашы суреті беріледі. Суретте кім бейнеленген ?
Кітапханашы мамандығы қызметінің ерекшеліктерін әңгімеле.
Мұғалімнің бағалауы сабақ үстінде жүріп отырады. «Пицца» әдісі бойынша жүреді.Әр оқушының есімі жазылған пицца бөліктеріне сабаққа белсене қатысып отырған оқушыларды мадақтау ретінде түрлі түсті магнит немесе стикер жапсырамын. Сабақ соңында кім қаншалықты белсене қатысқаны көрініп тұрады.

Бейнефильм

«Эталон жауап» парағы

Мектеп,кітап
хана,асхана,
дәрігер бөлмесі

Түрлі маман иелерінің суреті

Оқулық
18 бет

Жұмыс дәптері 10 бет «Кім қайда жұмыс істейді?» тапсырмасы

+ — қызықты

Қб тапсырмасы

Таратпа
Кітапханашы суреті

Сабақтың соңы
5 минут Біз сонымен балалар мектептен не үйренеміз?
М- мейірімділікті
Е-еңбексүйгіштікті
К-кішіпейіл болуды
Т-тәртіпті болуды тазалықты сақтау
Е-елгезек болуды
П-парасатты болуды
МЕКТЕП сөзін қорытындылау
Кері байланыс жасау
Мектеп «ПОПС «ҰТМП»
Ұ-Ұстаным
Т-түсіндіру
М-мысал
П-пайымдау
Ұ- Біздің ойымызша мектеп деген білім алатын орта фй
Т- Себебі мектептен біз көп нәрсе үйренеміз.
Жазу,сызу,оқу,әдептілік сақтауды амандасуды,мектепте өте қажет мамандар жұмыс істейтінін білеміз
М- Бііз мұны келесі мысалдармен дәлелдейміз.
Мысалы,мұғалім бізге сабақ үйретеді,кітапханашы бізге кітап береді,аспаз балаларға тағам тәттілер пісіреді,дәрігер ауырып қалғанда бізге қарайды
П-Осыларға сүйене отырып біз мынадай қорытындыға келдік
Мектеп -біздің екінші үйіміз.
Рефлексия : «Ғажайып қабырға» әдісі қолданылады.

Бүгін сабақта не үйрендің?
Бүгінгі сабақтың қызықты тұстары қандай болды?
Бүгінгі сабақта қиындықтар болды ма?
Берілген сұрақтар бойынша оқушылар ғажайып қабырғаны безендендіреді.
Шарлар – Сабақ қызықты болды. Белсенділік таныттым.
Сыйлықтар толы қоржын –мектеп туралы толық мағлұмат алдым. Тапсырмаларды орындай алдым.
Бос қоржын – мектеп мектепте жұмыс жасайтын адамдар туралы мәліметтер алдым. Тапсырмаларды орындауда көмек қажет болды.

Мұғалім қорытындысы

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *