ЖЕТІСУ ӨҢІРІНІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТИІМДІЛІГІ

Серік Гүлзар, Жұманбай Зере

ЖЕТІСУ ӨҢІРІНІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТИІМДІЛІГІ

Мақалада 2019 жылы Мемлекет Басшысы көтергенаймақтарды жетілдіру бойынша «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасы  бойынша 2022 жылы 8 мaусымдa құpылған еліміздің стратегиялық жағынан маңызды аймақтарының бірі Жетісу өңірінің экономикалық тиімділігі мәселесі көтерілген.

Тірек сөздер: Жетісу, экономика, Жібек жолы, транзит.

Тарихы бүгінге мұра, тарихы бай Жетісу өңірінің өткені мен бүгіні мол, бір емес бірнеше тарихи-мәдени кезеңдерден өткен.

Қолайлы табиғи-географиялық жағдайлар Жетісуды Түркістанның ежелгі мәдени орталықтарының біріне айналдырды. Оны мекендейтін тайпалар қазақ халқының тарихи қалыптасуында, мемлекеттің қалыптасуы мен нығаюында, мәдениеттің дамуында маңызды рөл атқарған.

Жетісу өңірі Қазақстанның оңтүстік-шығыс бөлігі мен Қырғызстанның солтүстігін қамтитын тарихи-географиялық аудан.

Археологтар, тарихшылар мен географтар Жетісуға, атап айтқанда солтүстігінде Балқаш көлінен Кетпен тау жотасына және оңтүстігінде Іле Алатауы тауларына, солтүстік-шығысында Алакөл көлінен оңтүстік-батысында Шу-Іле су алабына дейінгі аралықты және Оңтүстік-Батыс Жетісуға, нақтырақ айтқанда Шу және Талас аңғарларына дейінгі жерлерді жатқызады. Жетісуға тарихи-географиялық анықтама бере отырып, өңірдің табиғи жағдайлары ғана емес, оның өткен экономикалық, саяси, этномәдени дамуының ерекшеліктері де ескеріледі.

Жетісу өлкесінің территориялық аумағына байланысты түрлі пікірлер бар. Мұның себебі ежелде қазақ жері аудан, облыс деп бөлінбегендіктен бүгінгі таңдағыдай дәл шекара белгіленбеген. Ертеде халықтар жердің ерекшелігіне байланысты ат қойғанымен, кесіп мына жерден ана жерге дейін деген белгілеулер болмаған.

Жетісуға қай территория жатты деген сұраққа байланысты өлкедегі жеті өзенді санамалап, сол арқылы белгілеген В.В. Бартольд пен П.П. Румянцевтің пікірлері шындыққа жақын.

Ол бойынша жергілікті халық Жетісу деп Іледен солтүстікке қарай созылған аймақты атаған. Оған: Лепсі, Басқан, Ақсу, Бүйен, Қызылағаш, Қаратал, Көксу өзендері енген.

1-сурет. 2022 жылғы Жетісу облысының Алматы облысынан бөлінген картасы

2022 жылы Қазақстанның саяси-әкімшілік картасында үлкен өзгерістер болды. Ондағы бір емес, бірнеше облыстардың құрылуы. Соның ішінде Алматы облысының Жетісу және Алматы облысы болып екіге бөлініп, тарихи дамуы екіге бөлінді.

2022 жылғы Президент жолдауы бойынша құрылған жаңа Жетісу облысының шекарасы бұрынғы 1944-1959 жылдар мен 1967-1991 жылдардағы Қазақ КСР құрамындағы, 1991-1997 жылдары Тәуелсіз Қазақстандағы құрамындағы Талдықорған облысына сәйкес келеді. 1944 жылы Алматы облысының солтүстік бөлігінде Қазақ КСР-нің құрамында Ақсу, Алакөл, Андреев, Бөрілітөбе, 28 гвардияшы-панфиловшылар атындағы, Дзержин, Қапал, Қаратал, Октябрь, Панфилов, Сарқан, Талдықорған аудандарын қамтыған облыс ретінде құрылған.

1959 жылы 6 маусымда облыс жабылып, Алматы облысының құрамына кіргізілді. 1967 жылы 23 желтоқсанда Алматы облысының солтүстік бөлігінен қайта құрылып, сол аумақты қамтыды, бірақ әкімшілік бөлінісі өзгеше болды. Ақсу, Алакөл, Андреев, Гвардия, Қаратал, Панфилов, Сарқан, Талдықорған аудандары кірді.

1997 жылы 22 сәуірде облыс тартылды да бүкіл облысқа кірген аумақ Алматы облысының құрамына кірді.

Бұpынғы Тaлдықорған облыcының аyмағында 2022 жылы 8 мaусымдa Жетісу oблыcы құpылды.

Талдықорған облысы 11 аудан, 2 ірі қаладан тұрса, бүгінгі Жетісу облысы 8 аудан мен 2 қаладан тұрады. Оны 1-кестеде ашып көрсеттік.

Талдықорған облысының әкімшілік бөлінісі (1989 жыл)

Жетісу облысы әкімшілік бөлінісі

(2022 жыл)

Ақсу ауданы

Ақсу ауданы

Алакөл ауданы

Алакөл ауданы

Андреев ауданы

Ескелді ауданы

Бөрілітөбе ауданы

Қаратал ауданы

Гвардия ауданы

Кербұлақ ауданы

Қапал ауданы

Көксу ауданы

Қаратал ауданы

Панфилов ауданы

Киров ауданы

Сарқан ауданы

Панфилов ауданы

Талдықорған қаласы

Сарқан ауданы

Текелі қаласы

Талдықорған ауданы

1-кесте. Талдықоған облысы мен Жетісу облысының әкімшілік бөлінісі

Ежелгі дәуірден бастап Жетісу аймағы Шығыс пен Батыс арасындағы сауда мен мәдени алмасудың маңызды орталығы болды. Мұнда әртүрлі халықтар мен өркениеттер, соның ішінде сақ-скифтер, соғдиялықтар, ғұндар, үйсіндер, қимақтар, қарлұқтар, түркілер және басқа этностар кездесті.

Біздің заманымыздың VI-VII ғасырларында Түркі қағанатының пайда болуы мен өркендеуі Жетісу өңірінің тарихына үлкен әсер етті. Қағанат түркі тайпалары үшін билік орталығы болды және Орталық Азияның көп бөлігін қамтитын алғашқы біртұтас мемлекет болды. Бұл өңірдің мәдениеті мен экономикасының дамуына қолайлы жағдай жасады.

Орта ғасырлар дәуірінде Жетісу – Жібек Жолының Шығыс қақпасы болды. Бұл сауда бағыты әлемнің түкпір-түкпірінен керуендер мен саудагерлерді тартты және аймақтың экономикасы мен мәдениетінің дамуына ықпал етті. IX – X ғасырларда Жетісудың солтүстік-шығысында 12 қала болса, XI – XII ғасырларда 70-ке жуық қала болған. Жоңғар (Жетісу) Алатауының етегіндегі көркем жерде қарлұқтардың астанасы болған ежелгі Қойлық қаласы орналасқан. Бұрын бұл Жібек жолындағы маңызды сауда орталығы және мәдениет пен саясат орталығы болған. Бүгінгі таңда Қойлық ауылы арқылы тарихи Жібек жолының бір бөлігі болып табылатын Алматы-Өскемен тас жолы өтеді.

1987 жылы ЮНЕСКО бастамасымен Ұлы Жібек қайта жаңғырту жүйесі қолға алынды. 1996  жылы Ташкентте түркі мемлекет басшылары бас қосып, Ұлы жібек жолын басты нысан деп қабылдады. Тұңғыш Президент Н.Ә.Назарбаев 1997 жылы осы жобаларды іске асыру үшін Жарлыққа қол қойған.

Ортағасырларда Қазақ хандығының тарихы да осы Жетісу өлкесімен байланысты болды. Алайда өлкенің екі облысқа бөлінуіне байланысты Қазақ хандығының алғашқы туы тігілген Шу мен Талас өңірі Алматы облысының иелігінде.

Жетісу өлкесі Ресей империясының құрамында Түркістан генерал-губернаторлығына бағындырылды, 1854 жылы Верныйға көшірілгенге дейін басты пристав 1847 жылы салынған Қапал бекінісі болды.

Бұл аймақ географиялық орналасуына, табиғи ресурстардың байлығына және ауыл шаруашылығындағы рөліне байланысты генерал-губернаторлықтың ішіндегі Ресей үшін маңызды аудан болды. Сондықтан патша өкіметі Түркістан генерал губернаторлығына Қытай және Иранмен еркін сауда келісімдерін жасауға ерік берді. Осының өзі Жетісу өңірінің экономикалық жағынан маңыздылығын көрсетеді.

Өз зерттеуімізде 1991 жылы Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейінгі Жетісу өңірінің қазіргі кезеңі мен тарихына да назар аударамыз. Біз аймақта болған экономикалық дамуды, мәдени өзгерістерді және маңызды оқиғаларды қарастырамыз.

Біздің зерттеуіміз тарихи құжаттарды, әдебиеттерді және басқа дереккөздерді қоса алғанда, қолжетімді зерттеу көздерін талдауға негізделеді. Біз Жетісу өңірінің тарихына кең және нақты шолу жасауға тырысамыз, бұл әлемнің осы таңғажайып бұрышының бірегейлігі мен маңыздылығын жақсы түсінуге мүмкіндік береді.

Жетісу өлкесінен шыққан XIII ғасырдағы тарихшы Жамал Карши өз жазбаларында Жетісу аумағында өмір сүрген Моғолстан жерін «Жете» деп жазған [Б. Нұржекеев. Өзендер өрнектеген өлке – Алматы : Жалын, -1984.]. Кейін Ресей отаршылдары Семиречье деп атағаны тарихтан белгілі.

Бірақ, халықтың жады бар, халықтың көзі мен құлағы, жады бар, тарихи атауы қайта қайтарылып, қалпына келтіріліп жатыр. Бүгінде Жетісу өңірі Жетісу облысы деген атаумен тарихын жалғастыруда. Орталығы Талдықорған қаласы. Жетісу өлкесі Қытай мен Орталық Азия республикалары мен Қырғызстан арасындағы маңызды транзиттік бағыт болып табылады. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қазақстан мен Ресейдің XIX Өңіраралық ынтымақтастық пленарлық отырысында сөзге тиек етті: «Бізде Қытай, Үндістан, Таяу Шығыс елдері сияқты келешегі зор өнім өткізу нарықтары бар. Азық-түлікке сұраныс өскен сайын  «Солтүстік-Оңтүстік» көлік дәлізін дамыту маңызы арттып отыр. Осыған байланысты Қытай бағытында «Достық-Мойынты» теміржолының жаңа бағытын салу жобасын қолға алдық».

«Қорғас» базар қалашығы Қазақстан мен Қытай шекарасында, Панфилов ауданында орналасқан жаңғырған Жібек жолы. Қорғас арқылы Орталық Азия мен Ресейге автокөліктер мен тұрмыстық техника экспортталатын, ауыл шаруашылығы өнімдері мен азық-түлік импортталатын ірі логистикалық орын.

Жетісу облысы ауылшаруашылығының дамуына үлкен үлесін қосып отырған аймақ. Облыста ауылшаруашылыққа арналған шикізат өңдеу саласы, тамақ өндірісі, сүт, ет, жеміс, көгөніс өндеу кәсіпорындары, қант қызылшасы, жүгері мен соя өсіру қолға алынған.

Қант қызылшасы облыстың өсіретін негізгі дақылдардың бірі. Оған себеп өлкені табиғи-климаттық ерекшеліктері осы дақылды Алакөл, Ақсу, Ескелді, Көксу, Сарқан аудандарында өсіруге ыңғайлы.

Қазақстандағы сояның 97%-ы, жүгері мен қант қызылшасының 64%-ы, жеміс-жидектің 37%-ы, көгөністің 25%-ы, ет өнімдерінің 20%-ы, сүт өнімдерінің 13%-ы және жұмыртқаның 23%-ы Жетісу жерінен шығады.

Күріш Балқаш, Қаратал аудандарында, қант қызылшасы Алакөл, Ақсу, Ескелді, Көксу, Қаратал, Сарқан аудандарында, жүгері Панфилов ауданында өсіріледі.

Текелі қаласында «Зелёный дом Green House» ЖШС жылыжайлары голландиялық технологиямен қияр және қызанақ өсіріледі.

Талдықорғанда орналасқан аккумулятор зауыты Кеңестік кезеңдегі барлық одақты аккумулятормен қамтамасыз еткен ең ірі өндіріс орны болған. Қазір де Қазақстан бойынша ірі өндіріс орны ретінде ел экономикасына үлкен үлес қосуда.

1933 жылы ашылған Текелі қорғасын-мырыш комбинаты кен өндіруде өнімді өндіруде жоғары көрсеткіш көрсеткені үшін КСРО халық шаруашылығы көрмесінде алтын және қола медальдар иеленген. Соғыс кезеңінде атылған он оқтың тоғызы Қазақстанда өндірілгенін ескерсек, осы тұста Текелідегі қорғасын-мырыш комбинатының үлесінің де үлкен болғанын байқауға болады.

Жетісу  облысы тарихи, мәдени, археологиялық, этнографиялық, табиғи ескерткіштерге бай өлке. Ерте дәуірлерден қалған Ешкіөлмес петроглифтері облыс аумағында орналасқан. Текелі қаласынан жоғары Орта Азиядағы ең ірі сарқырамалардың бірі – Бұрхан-Бұлақ орналасқан

Астана қаласындағы жиында облыс әкімі Бейбіт Өксікбайұлы жартыжылдық қорытынды бойынша жалпы өңірлік өнім 12,6% — ға ұлғайып, 695,5 млрд теңгені қамтығанын хабарлады.

«Өнеркәсіптік өндірісте 514 өнеркәсіптік кәсіпорын бар, оның ішінде 14-і ірі, 16-сы орта және 477-сі шағын. Өнеркәсіп өндірісінің көлемі 2022 жылдың қаңтар-желтоқсанын айларында 281,3 млрд. теңгені құрады, нақты көлемі-101,3%. Экономикалық өсу қарқыны 112,9% құрады. Өткен жылда ол 104% болған. Бұл республикадағы ең жоғары көрсеткіштердің бірі», — деді облыс әкімі.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *