“ЖЕТТІ ЖАРҒЫ” ЗАҢДАРЫ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚҚА ЖОЛ БЕРМЕУ ЖОЛДАРЫ

Қазан төңкерілісіне дейінгі мерзімдегі орыс зертеушісі И.И Крафт қазақтарда “Жалпы әрбір құқық бұзұшылық жеке бастың ісі емес, ол қауымдық-рулық мағынаға ие”,- деп дұрыс тұжырым жасаған осы нормалардан басқа “Жеті жарғы” үстеме құн төлеуді еңгізген. Үстеме құн негізінде өнер құны және сүйек құны болып екіге бөлінеді. Өнер құнына топтан озып шыққан, атақты, аймаққа танымал болған ақындар, қолбасшылар, атақты палуандар, шешен билер, оқымыстылар кіргізіледі. Оларды өлтірген адамдар екі кісінің құнын төлеуге міндеттелінеді.
“Жеті жарғыда” құқық бұзушылыққа барғандарға жаза жасаған қылмыстың ауырлығына, қауіптілігіне байланысты белгіленетіні айқындалған. Негізінде жазаның түрі үшке бөлінеді: жан жазасы, мал жазасы, ар жазасы. Жан жазасына қылмыс істеген адамға өлім жазасын кесу жатады, оны қанға қан, жанға жан принципі негізінде іс жүзіне асырады. Өлім жазасына билердің үкімімен кесілгендер негізінде ағашқа асу, асау ат құйрығына байлап жіберу, садақпен ату және қыл арқан салып қылқындырып өлтіру арқылы іс жүзіне асырылып отырған. Мал жазасына істеген әрекеттерінің қауіптілігіне байланысты құн және айып төлеу, яғни қылмыскерге мүліктік айып салуды жатқызады. “Жеті жарғының” талаптары бойынша өлген немесе мертіккен адамның рулас туыстары қалауы бойынша мүліктік композициямен жазаны ауыстыруға құқылы болған.
Былайша айтқанда өлген адамның құнын төлеу қылмыскер өлім жазасынан босатылады. Құн — біреудің қолынан қаза тапқан кісі өлімнің орнына туыстарына төлейтін мүліктік айып. “Жеті жарғы ерлердің құнын мың қоймен, ал әйелдердің құнын бес жүз қоймен бағалайды және бұл норма төре тұқымдары мен қожаларды өлтіргендерге қолданылмайды. Соңғы екі санаттағылардың өлтірген кісілер жеті есе құн тартуға міндетті.
Бұл шарт қазақ қоғамында төрелер мен қожалардың ерекше санатқа ие болғандығын аңғартады. Зерттеулерге назар аударсақ, “Жеті жарғы” заңдарының П. Маковецкий «Материалы для изучения юридических обычаев киргизов. вып.1, Омск, 1886», Д. Самаквасов «Сборник обычного права Сибирских инородцев. Варшава, 1876», Н. Гродеков «Киргизы и кара-киргизы Сыр-Даринской области. т.1, Юридический быт. Ташкент, 1889» және А. Левшиннің «Описание киргиз-казачьих или киргиз- каисацких орд и степей. Ч.З. Спб, 1832» еңбектерінде кездестіруге болады. Жалпы алып қарағанда құн төлеу ру мүшесінің жасаған қылмысы үшін бүкіл ру жауап беретін нәтижеге қол жеткізген.
Қазақ халқы ел басқарған, ақылгөй азаматтарын өте жоғары бағалағанын көрсетеді және өнер құнын тағайындау ешуақытта бай – кедей принципі негізінде іс жүзіне асырылмайды, оған негіз – таптық талап емес, тек халыққа сегіз қырымен, бір сырымен, дарынымен таныла білуі. Сүйек құнына өлген кісінің сүйегін, денесін өлтірген адам жоқ қылып жібергенде немесе өлтіргеннен кейін кейбір себептерге байланысты өлік туған-туыстарына тимей, жоқ болып кеткен жағдайда екі адамның құнын төлеуді жатқызады.
Айып төлеудің түрлері неше түрлі болған және оны қолдану құқық бұзушылық жасаған адамның әрекеттеріне байланысты қолданылған. Мысалы, ұрлық істеген адамға ең ауыр жаза ретінде айбана қолданылып отырған. Айбанаға кесілген адам ұрланған малды немесе мүлікті сол күйінде қайтарып, оның үстіне үш тоғызды төлеуге міндетті болған. Ал тоғыздың өзі бес түрге бөлінген: қасқа тоғыз, яғни бір тоғыз мал төлеу, түйе бастатқан тоғыз, ат бас атқан тоғыз, өгіз басатқан тоғыз және тоқал тоғыз. Айбана туралы орыс зертеушісі Н. Рычков 1771 жылы былай деп жазды: “Совокупность законоположений, направленных против воровства, носит у казахов название айбана. По силе этих законов задержанный с лощадью или с овцою похитетель приведенный к старшине улуса, повинен оплатить 27 лощадеи или овец”. Ел арасында болған кіші гірім теріс қылықтарға қарсы “азусыз ат, жиексіз шапан” атты айыпты салуды “Жеті жарғы” іс жүзіне асырған. Бұл қазақтың әдеттік құқық жүйесінде айтуы бар, бірақ алуы жоқ айып деген атпен танылады. Бірақ бұл айыпқа кесілген адам бір қой және оған қоса мата төлеуге міндетті болып саналады.
Талауға салу қылмыскердің малын би үкімі бойынша бөліп алу болып табылады. Үкім бойынша кімге қанша мал бөліп берілетіні көрсетілмейді. Әркім талауға салынған малдан қанша алам десе де өз еркінде. Таланған мал алған адамның меншігіне өтеді жалпы қазақ қоғамында малды талауға салу Тәуке ханнан Қазан төңкерісіне дейінгі уақыт мерзімі ішінде өте сирек қолданылып отырған, әдебиетте бұл жазаны қолданғаны тұралы деректер сақталмаған.
Жазаның үшінші түрі – ар жазасы. Бұл жаза негізінде рулас ағайын арасында болған теріс қылықтарға қолданылып отырған. Ал жазасы екі түрге бөлінеді, біріншісі масқаралау, екіншісі елден қууы. Жазаның негізгі мақсаты құқық бұзушылық істеген адамды ел арасында ұялту. Масқаралау жазасына кесілген адамнның мойнына құрым киіз, бетіне қара күйе жағады да, оны сиырға немесе есекке теріс отырғызып, бүкіл ауылды айналдырады. Оны бүкіл ел, бала-шаға мазақ етеді. Ұялған адам екінші рет теріс қылық жасауға бармайтындығын айтып, уәдесін бүкіл халық алдына береді. Қазақ қоғамында масқаралау жазасын негізінде ата-анасына, жасы үлкен қарияларға тіл тигізген немесе қол жұмсаған адамдарға қолданылған.
Елден қуы масқаралаудың екінші түрі ретінде жалпы өлімге кесуден де ауыр жаза деп танылған. Қазақ халқында «етегін кесіп, елден кету” деген сөз қалған. Жаза ретінде елден қуылған адам абсолюттік еркіндікпен жазаланады, яғни елден қуылған адам қоғамға мүше болу құқығынан айырылады, рулық аумақ кеңістігінен қуылады. “Жеті жарғыда” ислам, яғни шариғат заңдарының тікелей әсер еткенін де байқамасқа болмайды. Мысалы, өзін-өзі өлтірген адам бөлек жерленуі тиіс. Егер ру мүшелерінің бірі христиан дініне кірген жағдайда, оның және жақын туыстарының малдары талауға салынатын болған. Ал құдайға тіл тигізген адамды жеті адам растаса, ол таспен атып өлтіріледі. «Тәуке заңы» немесе «Жеті Жарғы» деп аталатын заң жинағы бізге толық күйінде жеткен жоқ. Заң жинағының кейбір баптары ХІХ ғасырдағы қазақ билерінің сөздерінен жазылынып алынған үзінді жазбалар арқылы ғана жетті.

1- курс студенті Е.Д.Биғалиев
Әл-фараби атындағы ҚазҰУ-нің
аға оқытушысы Ж.М. Арынов

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *