Жер сілкінісі кезінде қолданатын шаралар

Серікбай Ақерке

Жер сілкінгендегі қауіпсіздік шаралары қандай?

Қазіргі кезде жер сілкінісі көп болуда . Сондай жағдайда не істеу керек жер сілкінісі қашан болатыны белгісіз, сондықтан үнемі дайындық үстінде болу керек. Ол үшін төмендегі кеңестерге сүйенген абзал :

Жер сілкінгенін ғимараттың шайқалғанынан, шамдардың теңселгенінен, ыдыс-аяқ пен әйнектердің сылдырынан, күшейіп жатқан гуілден білуге болады. Бұл жағдайда ең бастысы – үрейге бой алдырмау.Жер сілкінісі кезінде ең қауіпсіз жер – ғимараттан алыс көше мең алаң. Сондықтан, бірінші дүмпуден кейін тез және қысқа жолмен далаға шығу керек. Өздігімен жүре алмайтындарға қауіпсіз орынға шығуға көмек берген дұрыс. Бұл жағдайда заттарды жинауға уақыт кетіруге болмайды. Мүмкін болса, тек құжаттар мен ақшаны алған дұрыс. Лифтті пайдалануға тыйым салынады. Төменге баспалдақпен не өрт сатысымен түсу қажет. Мұндай жолмен ғимараттан шығу мүмкін болмаса төсек жаймасынан арқан жасап, оны жылу батареясына байлаңыз да, терезеден түсуге болады. Бұл – балалар мен зардап шеккендерді құтқарудың тиімді тәсілі.Ғимараттың ішінде қалып қойсаңыз:қауіпсіз жерде: негізгі ішкі қабырғаның жанына, негізгі қабырғаның бұрышына, есіктің жақтауына немесе негізгі тіреуіштің жанына тұрыңыз . Мүмкін болса үстелдің астына тығылып, құлауы мүмкін заттар мен жарықшақтардан қорғана аласыз және терезелер мен ауыр жиһаздардан, үзілген сымдардан, алыс тұрыңыз

майшам, сіріңке, оттық қолданбаңыз;

электрді қоспаңыз, себебі газ құбыры зақымданса, от тұтанып кетуі мүмкін.

сабырлық сақтап, көмек шақырыңыз, үрейге бой алдырмаңыз;

өзіңізге алғашқы медициналық көмек көрсетіңіз;

қайда екеніңізді, өзге адамдар қасыңызда бар-жоғын анықтауға тырысыңыз:

сізді тауып алғанға дейін дауыстап не қимыл жасап, назар аудартатын заттарды қолдану арқылы басқаларға белгі беріңіз;

артық қимыл жасамаңыз.

қауіпсіз ашық алаңда қалуға тырысыңыз;

жер сілкінісі кезінде ғимараттардың құлаған қабырғалары мен кірпіштері, әйнектер адамдарға зардабын тигізуі мүмкін. Сол үшін ғимараттардан, электр бағаналарынан және үзілген электр сымдарынан аулақ болыңыз.

көлікті ғимараттан, көпірден, бағаналар мен ағаштардан алыс жерде тоқтатыңыз;

көліктен шықпай жер сілкінісінің аяқталуын күтіңіз.

Серікбай Ақерке

Абылай хан атындағы Қазақ Халықаралық Қатынастар және Әлем Тілдері Университеті

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *