«Жергілікті және оралған қазақтардың бірегейлік қақтығысы: қазақстандық көші-қон саясаты және репатрианттарының мәдени интеграциялануы мәселесі» атты жоба бойынша зерттеу жүргізілуде

kaznu.kz

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

Борбасова Қ.М., филос.ғ.д., доцент

Исламтану мамандығының 2 курс докторанты

Мұқан Ә.Б.

 

Қазақстандық репатриаттардың қазақстандық қоғамға интеграциялануымен байланысты мәдени және әлеуметтік мәселелерді анықтау және оларды шешу жолдарын ұсыну мақсатында қазіргі таңда   Әл-фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, Мәдениеттану және дінтану кафедрасында  Альджанова Нурлыхан Кожабергеновнаның  «Жергілікті және оралған қазақтардың бірегейлік қақтығысы: қазақстандық көші-қон саясаты және репатрианттарының мәдени интеграциялануы мәселесі» атты ғылыми жоба, оқытушылар құрамы  Жумашова Жулдыз Аманбаевна, Мұқан Нұрзат қатысуымен тың деректер бойынша зерттеу жұмысы жүргізілуде.   Зерттеудің өзектілігі қазақ халқы үш ғасырдан астам уақыт бойы дүрбелең кездерде жат елден қоныс іздеуге мәжбүр болған. Статистика бойынша әлемде 4 миллионға жуық қазақ диаспорасы бар. Ұсынылып отырған жоба Қазақстандағы қолданыстағы көші-қон саясатын және оның қандастардың бірегейлігіне және олардың интеграциясына қалай әсер ететінін зерттеуге бағытталған. Отыз жыл бойы репатриаттардың иммиграциясын шешу үшін әртүрлі мақсаттары мен басымдықтары бар бірнеше заңдар мен іс-шаралар қабылданды. Осыған дейін жүргізілген ғылыми зерттеулер бұл заңдар мен шаралар қандастардың жаңа елде сіңісіп кетуіне қажет қолдауды және көмекті қамтамасыз етпейді деген қорытындыға келген. Бұл дегеніміз этникалық қазақтардың қазақстандық қоғамға мәдени интеграцияланыуына қандай кедергілер бар екенін жүйелі зерттеу қажет дегенді білдіреді. Ғылыми жоба нәтижесінде төменде ұсынылған тақырыптар аясында зерттеулер жүргізіліп, ғылыми мақалалар жарық көреді. Яғни, жоспарға сәйкес

  • Қазақстанның диаспоралық қазақтарды репатриациялауға қатысты иммиграциялық саясаты талқыланады;
  • Репатриацияға қатысты шетелдік иммиграциялық саясат зерттеледі;
  • Репатриацияға қатысты Қазақстан мен шетелдік иммиграциялық саясат салыстырылады;
  • Репатрияцалық саясатқа қатысты жинақталған деректер нәтижесінде рецензияланған шетелдік және (немесе) БҒСҚК ұсынған отандық басылымдарда 1 мақала жарияланады;
  • Қазақстанның әртүрлі аймақтарында және Өзбекстан, Моңғолия және Қытайдан келген қандастар арасында далалық және аралас зерттеулер негізінде эмпирикалық деректер жинақталады;
  • Эмпирикалық деректер нәтижесінде рецензияланған шетелдік және (немесе) БҒСҚК ұсынған отандық басылымдарда 1 мақала жарияланады;
  • Қандастардың сіңісіп кетуіне және интеграциясына әсер ететін факторға шолу жасалынады;
  • Зерттеу нәтижелері Web of Science базасының Social Science Citation Index немесе Arts and Humanities Citation Index және (немесе) Scopus базасындағы   ғылыми басылымда кемінде 1 (бір) мақалада жарияланады.

Атамекен деп келген қандастарға әрдайым құрмет көрсетіледі. Бірлігіміз арта берсін, еліміздің болшағы жарқын болсын!

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *