Желілік қоғамдағы журналистиканың болашағы

Бүгінгі таңда адамзат жоғары ақпараттық технологияларғасырында өмір сүріп жатыр, сондықтан қоғамдыақпараттандыру және хабардар ету күнделікті іс болыптабылады. Күн сайын  көптеген жаңа ақпараттар алынады. Бұқаралық ақпарат құралдары саясаткерлердің, актерлердің, музыканттар мен режиссерлердің көптеген бейнелерінжасайды. Интернет өсіп келе жатқан кезде баспабасылымына қауіп төніп тұр. Қазір журналистер өзжұмыстарын қалайша тез тауып, миллиондаған халықнаразылығының ішінде мамандықты тірі сақтап қала алады? Жаңалықтар адамдармен бірге жылжиды , дамиды  олардыңбарлығы сол мәдениетке тиесілі.

Қазіргі таңда журналистика сандық дәуірге толығыменөзгерді деп айта аламыз. Кешкі жаңалықтарды немесе таңғыгазеттерді күтудің тіпті қажеті жоқ. Instagram , facebookжелілерінен көптеген оқиғаларды көреміз және кез-келгенуақытта жаңалықтар бөліміне қосыла аламыз, өйткеніондағы арналар 24/7 жұмыс жасайды. Бірақ журналистика қайда бара жатыр? Журналистиканың болашағы қандай?Қазіргі кезде халық ауыр, бірақ сонымен қатар ақпараттықзаманда сүріп жатыр. Шындыққа келетін болсақ, 20 ғасырдың ескірген модельдері жойылды. Соңғы бірнешежыл ішінде жаңалықтар әлеміндегі дау-дамайларжурналистиканы дүр сілкіндірді. Оның ішінде : жалғанжаңалықтар соғысы, вирустың таралуы және сапалымазмұнның қайта өрлеуі де бар. Журналистерге қандай жаңадағдылар қажет? Журналистке тек сұхбат пен мақала жазужурналистикадағы мансап үшін жеткіліксіз. Сонымен қатартехникалық дағдылар өте маңызды. Қазіргі таңдажурналистика мамандығы болашақ онлайн, яғни интернет журналистика мамандығына айналып бара жатыр. Әлемдеинтернет дамып, мәтіндер жазу қажеттілігі туындағаннанкейін лингвистер журналистиканың ерекше түрін, атапайтқанда интернет — журналистиканы айта бастады. Бұлкәсіппен барлық журналист мамандығы айналысуы міндеттіемес.Қазіргі кезде адамдар қандай жаңалықтарға, ақпараткөздеріне көп қызығушылықтарын арттырады? Әрине, адамдар сән, спорт, өнер және ғылымға бөлінетінқызығушылықтарының орталығы болып табылатын нәрсенікөп оқығысы келеді. Жаңалықтар мен жарнамаларғаүзіліссіз тек қана қажетті ақпарат ағынын жүктеп отыруқажет. Ең маңызды аспект-болашақта материалды ұсынусапасы.

Нұрлы болашақ — саясаткерлеріміздің, өнегелі өткендәуіріміз — тарихшылардың, ал бүгініміз — журналистердіңқамқорлығында.Ел басшылары болашақты ойласа, өткенімізді көне тарих қойнауынан көреміз. Дегенмен, болашақта журналистика мамандығында сауатты, руханидамыған адамдар басым болады деп үміттенеміз. Келешектежаңа технологияларды қолдана отырып, «сөзбен емес, іспендәлелдей» білетін нағыз шеберлер болады. Тек осы жағдайда ғана еліміздегі журналистика өркендеу мен прогрессті күтеді. Сондықтан әлемдік өркениет көшінеілесіп қана қоймай, қазақ баспасөзін ғаламтор арқылы да дамыту қажет. Журналистиканың болашағын ашық түстібояулармен елестетеміз , өйткені журналист-шындықтыңқайнар көзі. Ал шындықсыз болашақ жоқ!

 

Гульнуз Жетписова

Алматы қаласы, Тұран университетінің 3 курс студенті

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *