Жас ұрпақты Отан сүйгіштікке тәрбиелеу

Әр адам өзінің ұлттық тамырын,әдет-ғұрпын,мәдениетін түсінуінің,маңызы зор.Өз халқына деген, өзінің туған жеріне деген сүйіспеншілігі,өз халқы өмір сүретін ортаға деген сезіммен ұласып жатуын балабақша,мектеп қабырғасында үйрету,әр баланың ұлтты рухта қанаттануының негізі болмақ.Ұлттық рухты бойына сіңіре отырып,халықтың әдет-ғұрып,салт-санасының байлығын меңгеру барысында ,патриоттық сезім,Отанға деген сүйіспеншілік қалыптасады.

Бүгінгі жаһандану үрдісінде әр ұлт,әр мемлекет өзіндік бет-бейнесін сақтап қалуға тырысуда.Бізде осы үрдістен алыпшығар-ежелден қалыптасқан ұлттық құндылықтарымыз және білімді ұрпақ болмақ.Сол себептен де жас ұрпақты тәрбилеуде  басты ұстанар бағыттымыз-ұлттық болу қажет.

Қазақ халқының  ғасырлар тұңғиығынан бері тарихымен біте қайнасып келе жатқан ұрпақ тәрбилеудегі бізге сол рухани-мәдениет,этикалық,эстетикалық құндылықтарын құрайтын ұлттық әдет-ғұрып,салт-дәстүрлер,әдеби,музыкалық,кәсіби,тұрмыстық фольклорлар мазмұны арқылы жетіп отыр.Сонымен бірге балаларда мектепке ұрпақ тәрбиесіне, жалпы халықтың рухани дамуына байланысты,қалыптасқан ұлттық тәлім-тәрбиелік ой-пікірлердің:Әл-Фараби,Жүсіп Баласұғын,Махмұт.Қашқари,т.б.Қазақ ақын жырауларының мұралары,билер мен шешендердің тәлімдік сөздері негізі құрал болмақ.

Балабақша қабырғасынан бастап ұрпағымызды парасатты да білікті,мәдениетті де білімді етіп тәрбилеп, олардың дүниетанымын жалпы адамзаттық деңгейде дамытамыз десек,бойында ұлттық және азаматтық намысы бар, елін,жерін сүйетін ұрпақ өсіргіміз  келсе,бүкіл  қоғамдық өмірдің өзегін келешек ұрпақ тәрбиесіне,соның ішінде ұлттық құндылықтар негізінді тәрбилеуге бағытталуы қажет.

Қазіргі  кезде қазаққа осындай идеалогия керек,өз жерінде өгейсіп,басқа ұлттарға жасқана қарайтын қазақты сол тұңғиықтан суырып аларлық бастама керек-ақ.Жанын ұлтжанды болсын.Халқын сүйген адам еш уақытта мақтаншақтықты сүймейді,ол үшін бүкіл әлемге жар салып мен халқымды сүйемін,ұлтжандымын деудің реті жоқ.

Ұлтжандылық-белгілі бір тәрбие арқылы келеді,сондықтан да елін сүйетін әрбір адам ұлтжанды болу керек деп ойлаймын.

Ұлттық рухта балаларды қоғамдық өмірге даярлау,шығармашылық белсенділігін арттыру,әлемдік өркениеттің адамзатқа тән құндылықтары негізінде,жоғары имандылық қасиеттерге ,ұлтжандылық пен елжандылыққа,азаматтыққа тәрбилеу,олардың бойында ұлттық  сана-сезімді қалыптастыру.Жас ұрпақты қоғам талап ететін лайықты мінез-құлық ерекшеліктерін айқындап,жат қылық жағымсыз әдеттен аулақ болуға тәрбилейтін  басты мекеме-балабақша,мектеп болып табылады.

Олай болса,басты мақсат-жас ұрпақты ұлттық  игіліктер мен адамзаттылық құндылықтар,рухани мәдени мұралар  сабақтастығын  сабақтай отырып тәрбилеу.

Ұлттық құндылықтарымызды әлемдік деңгейге шығаруға болатын тұлға тәрбилеу үшін.

-жас ұрпақ санасына туған халқына деген құрмет,сүйіспеншілік,мақтаныш сезімдерін ұялату,ұлттық рухын дамыту.

-ана тілі мен дінін,оның тарихын, мәдениетін,өнерін, салт-дәстүрін,рухани-мәдени мұраларды қалыптастыру.

-жас ұрпақ бойында жанашырлық,сенімділік,намысшылдық тәрізді ұлттық мінездерін қалыптастыру сияқты міндеттерді орындағанда ғана басты мақсатқа жетеміз.

Жас ұрпаққа ұлттық салт-дәстүріне құрметпен,оның тілі мен дінін сыйлау,рәміздерін ардақтап,жетістіктеріне шаттану қоғамның әрбір мүшесінің міндеті.Олай болса жас ұрпақтың сана-сезімін,сол ұлттың мәдениеті  мен салт-дәстүрін меңгеру негізінде дамыту арқылы,ұлттық құндылықты  жастайынан бала бойына сіңіре білсек еліміздің ертеңі ашық келешегі жарқын да нұрлы болмақ,

Бүгінгі қазақ патриотизмі ол мынандай  принциптерге сүйенуі тиіс:

-өз ұлтын,ана тілін,мұсылман дінін,туған жерін жанындай сүйетін,қорғай білетін тәрбиеге лайықты.

Қазақ халқы өз ұрпағын,үлкенді құрметтейтін адал инабатты,әділ ержүрек ,намысшыл,ізгі ниетті болып өсуін қалайды.Бұл қасиеттер дұрыс тәрбие арқылы ғана қалыптасады.

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев. «ХХІ ғасыр қазақ халқының жұлдызы жанған ғасыры болатынына сенемін» — деген.

Осы пікірді өз ұстанымыма  ұстап егемен еліміздің патриот  азаматтарын тәрбиелеуге өз үлесімді қосқым келеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қолданылған әдебиеттер:

1.М.Жұмабаев.Педогогика-Алматы,1992.

  1. «Қазақстан Республикасының азаматтарына патриоттық тәрбие берудің 2006-2008жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы»Қ.Р.Призидентінің Жарлығы Астана,Ақорда,2006.

3.Тілеубекова.Р.К.Адамгершілік тәрбиесінің негіздері-Алматы.

4.Беркімбаева.Ш.К.  Құсайынов.А.Қ. «Педогогика.Көрнекі дәрістер»

Алматы 2009.

5.Интернет ресурстарының материалдары.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *