«Жастар Рухы» қала тұрғындарын су маңындағы қауіпсіздік ережелерімен таныстырды.

17 тамыз  Алматыда «Қауіпсіз қала» акциясы өтті. Акция «AMANAT» партиясының «Жастар Рухы» Жастар қанатының ұйымдастыруымен өткізілді. Жобаға «Жастар Рухы» Жастар қанаты Алматы қалалық филиалының төрағасы Кеңесов Әкежан, Алматы қаласы «Жастар ассамблеясының» төрағасы Торосян Анна және төтенше жағдайлар департаменті қатысты.

Жаздың ыстық айларында адамдар салқындау, демалу мақсатында көлге, өзенге тағы басқа су қоймаларына шомылуға барады. Алайда қауіпсіздік ережелерін елемеген азаматтар тек өздерінің ғана емес, балалары мен жақындарының өміріне қауіп төндіреді. Соңғы жылдары кішкентай бүлдіршіндер мен жасөспірімдердің суға кету фактілері жиілегені байқалады.

«Жастар Рухы» жастар қанатының ұйымдастыруымен бастау алған «Қауіпсіз қала» акциясының  мақсаты – бала қауіпсіздігі үшін қала аумағындағы ашық жатқан люктерге, аулалардың  жарықтандырылуы, үй жағдайында газ балондарының дұрыс орналасуы, қозғалыс, су айдындарындағы қауіпсіздік  және кәмелет жасқа толмаған балалардың түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде болуына  рейд жұмыстарын жүргізу.

https://im.wampi.ru/2023/08/20/IMG_5195.jpg

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *