Жастар болашақтың қозғаушы күші

   Жастар болашақ Қазақстанның бетпердесі демекші, еліміздің болашағы олардың қолындарында,олардың еңбекқорлығы, талап-тілегімен арман-мақсаттарында.Осы қасиеттермен  толықтай байланысты болғандықтан біліктіде тәрбиелі азаматтарды қалыптастыру ел алдындағы борыш деп білем.

   Бүгінгі таңда еліміз жастарды тәрбиелеуден  саяси экономикалық реформа жүйесінде бірқатар жақсы нәтижеге жетіп отыр.Бұл жолда көрініс табатын бірден-бір жағдай — бәсекеге ұрпақ дәріптеу,жастардың ата-бабаларымыздан келе жатқан құндылықтар жүйесін санасына енгізіп,әр нәсеге сын кһзбен қарай алуы. Және ең бастысы үрдістеріміздің бәрін бойына сіңіріп өсуі.

   Дәл осындай жастарды Елбасымыз болашақта  өз алдында көргісі келеді.Яғни бәсекеге қабілетті ,кәсіби шеберлігі жоғары мамандар ретінде.Осы жолда жаңа білім алу мен жақсы мамандық меңгеру,бүгінгі таңда бірінші орынға шығып отыр.

   Дегенменде ойландыратын бір жағдай — еліміздегі кейбір жастардың теріс діни ағымға еріп,саналарының көз алдымызда улануы.Шетін көзқарасты діни ағымдар олардың біліммен ғылымға деген ынтасын жойып,өзге мәдениетпен,теріс құндылықтарды нәсихаттап өзара жанжал тудыру жағдаятқа әкеп соғуы.

   Жастардың қай заманда болмасын,әрқашан қоғамда үлкен әлеуметтік күшке ие болғанын байқацға болады.Олар әрдайым қоғамда ең белсенді мүше әрі жұмыс күші болып табылады.

Сонымен қорытындылай кел,жастар ертеңгі елдің тұтқасын ұстайтын басшы,еліміздің даңқын шығаратын азамат,ел үшін жанын пида қылатын патриот. Осының барлығы олардың қоғам алдындағы маңыздылығын арттыратын бірден-бір себеп.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *