Жастарымыз ата-ана алдындағы парыздарын қаншалықты өтеуде?

Жастарымыз ата-ана алдындағы парыздарын қаншалықты өтеуде?
Жетекші: Жанатаев Данат Жанатайұлы,
әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің профессоры, доцент
Дайындаған: Утепбергенова Ару Маратқызы,
әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 1-курс магистранты

Құрсаққа біткен жас шарананы әрбір ата-ана атанғалы отырған жас отбасы дүниеге келгенін асыға күтеді.Болашаққа үлкен сеніммен қарайды. Көз алдарына кішкентай сәбиінің қалай ержетіп, бойжеткенін елестете бастайды. Үлкен маман иесі атанып, қартайған әке-шешесін асырап-бақса дейді. Сол үкілеген үмітті қазіргі жас буын қаншалықты ақтап жатыр? Ата-ана алдындағы мәңгілік борыштарын аз да болса өтеуге күш салып жатыр ма?
Әрине бәріне бірдей топырақ шаша алмаймыз.Қартайған ата-анасын қолдарына алып, бар жақсылығын аямай, қызмет қылып отырған жастар да баршылық. Бірақ, біздің айтқымыз келіп отырғаны олар жөнінде емес. Керісінше, ержетіп,бойжетпей-ақ ата-анасын тыңдап, сыйлаудан қалғандар жөнінде болмақ. Өзіңе керек демесең басын бұрып та қарамайтындар жөнінде. Білімді болсын деп ата-анасы бар жиып-тергенін баласының оқуына береді. Жақсы қазіргі жастардың бәрі дерлік білімді. Бірақ тәрбие болмаған соң, құр білімнің қажеті не? Тәрбие отбасынан басталады.Жақсы адамға тән барлық игі қасиеттер сол шаңырақта берік қаланады. Жастардың сондай тасжүрек, тұрақсыз болуына не себеп болды? Әлде батыс елдеріне деген еліктеушіліктің кесірі ме? Ата-анаға деген құрмет,сыйластық,түсінушілік секілді басты құндылықтар жойылып бара жатырғаны көңіл алаңдатады. Әкеден қорқып, жасқанатын, қас-қабағына қарап алаңдайтын жастарды қазірде көрмейсің. Бүгінгі күннің жастары ата-анасының бір ауыз сөзін құлаққа ілмей, айтқан ақылына құлақ аспай, шешім қабылдарда ақылдасуды жөн көрмейтін болды. Жастарымыз осындай болса, ұлттық сана мен мүддемізді кім көтереді?Бұл тек қазақ халқында ғана емес, бүкіл ұлтқа тән болып жатырған құбылыс деп есептейміз.
Қазірде жас сәбилердің барлығы ерке болып өсіп келе жатыр. Баласын бетінен қақпай, дегенін жасап отырған ата-ана қаншама. Бірақ сол жақсылықты түсініп, өсіп жатырған бала бар ма? Керісінше өзімшілдік қасиетін бойына сіңіріп жатырғандаймыз. «Дайын асқа тық қасық» болып, өсіп келе жатырғандай. Сіздерге бір мысал келтірсек. Күні кеше нотариусқа барғанымда мынадай жағдайға тап болдым.Зейнеттегі үлкен кісі балалары өзің бағуы үшін үйін балаларының атына аудармақшы болды. Бірақ бұл жерде нотариус маманы үйді балалардың атына жазған жағдайда оны бақпай, далаға тентіретіп жіберуі мүмкіндігін, сондықтан аудармас бұрын тағы да ойлануын ескертті.Бұл жағдай жағамызды ұстатты. Мұншалықты төмен түсеміз деп кім ойлаған? Беретін мал-мүлкі болмаса, ата-ананың қажеті болмай шыққаны ма? Осы өмірдегі ең асыл, ең ардақты да аяулы жандарымыз ата-анамыз емес пе?! Қанша жерден шалқып өмір сүрсек те, олар болмаса бұлардың құны бес тиын. Ата-анамыздың жанында өткен әрбір сәт алтынға пара-пар. Сондықтан ата-анамыз тірі тұрғанда қадіріне жетейік. Олар да, біз де мәңгілік емеспіз. Қарттық шаққа жетер-жетпесін бір Жаратушымыз біледі. Асыл дінімізде де бұл жөнінде кеңінен тарқатылып айтылады.Олардың бізді мәпелеп өсіргеніндей, аялап бағайық. Ата-ана разылығын алу үшін қолдан келгенше тырысалық!

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *