Дауыссыз дыбыстардың түрлері

Мұғалімнің аты-жөні: Қамзина Ә.Қ
СЫНЫП: 2
Сабақ 20 Қатысқан оқушылар саны: 17 Қатыспаған оқушылар саны:
Сабақтың тақырыбы: Дауыссыз дыбыстардың түрлері
Сабақ негізделген оқу мақсаттары
Сабақ нәтижесі:
Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады:
оқушылардың дауысты дыбыстар туралы лингвистикалық білімдерін кеңейтеді, жаттығу жұмыстары мен қосымша тапсырмаларорындайды.
Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады:
Топтық жұмысты брлесе орындайды.Өз бетінше жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді. Қосымша үлестірме ресурстармен жұмыс жасайды.
Оқушылардың кейбіреуі мынаны орындай алады:
Оқулықтан тыс берілген қосымша тапсырмалады орындайды, тақырып бойынша қосымша мәліметтер мен дәлелдер келтіре алады.
Бағалау критерийі Жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындай алады. Сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аудара алады.
Тілдік құзіреттілік Әртүрлі жанрдағы мәтіндер
Ресурстар Оқулық, суреттер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар және әртүрлі заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер.
Әдіс-тәсілдер Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік. Рефлексия.
Пәнаралық байланыс Музыка, қазақ тілі.
Алдыңғы оқу Дауыссыз дыбыстардың түрлері
Сабақтың жоспары
Жоспарланған уақыт Сабақ барысы : Бағалау түрлері
Басталуы
5 минут Сәлемдесу.
Топқа бөлемін : «Билеттер арқылы» топқа бөлінеді. Оқушыларды кассадан билеттер алып, 1,2,3 вагондарға бөлініп отрады.
Психологиялық ахуал қалыптастыру: «Қызыл гүлім-ай» би
Сынып реттілігін қадағалау.
Оқушыларды түгелдеу. Оқу құралдарын байқау.
Бір-бірімізді тыңдаймыз десек 1 рет қол шапалақтаймыз!
Ұйымшыл боламыз десек 2 рет
Белсенділік танытамыз десек 3 рет шапалақтаймыз!
Сөз дегеніміз не?
Мәндес сөздер дегеніміз не?
Қарама — қарсы мағыналы сөздер дегеніміз не?
Әр түрлі мағыналы сөздер дегеніміз не?
Жауап берген оқушылар бағаланады. 1-топ:
«Бақыт» вагоны
2-топ:
«Сүйіспеншілік» вагоны
3-топ:
«Жарқын өмір» вагоны
«Қызыл гүлім-ай» би билету.
Жаңа білім
10 минут

Өкпеден шыққан ауаның кедергіге ұшырап шығуынан жасалатын дыбыстарды дауыссыз дыбыстар дейміз. Олар: б, в, г, ғ, ң, қ, һ, й, ц, к, н, ш з, х,, ф, п,, р, л, д, ж, ч, с, м, т.(у). Қазақ тілінде барлығы 25 дауыссыз дыбыс бар. Щ – дыбыс емес, әріп. Ол щ созылыңқы( қос) ш дыбысының таңбасы.
Дауыссыз дыбыстардың ерекшелігі:
1. Дауыссыздарды айтқанда, өкпеден шыққан ауа әйтеуір бір кедергіге ұшырайды.
2. Дауыссыздарды айтқанда, үн бәсең, солғын болады.
3. Дауыссыз дыбыстар буын құрай алмайды.
4. Дауыссыз дыбыстарды айтқанда дауыс шымылдығы баяу дірілдейді.
Дауыссыз дыбыстарды айтқанда, өкпеден шыққан ауа сөйлеу мүшелеріне соқтығысып, салдыр пайда болады. Сондықтан дауыссыз дыбыстарда үн болмайды немесе өте аз болады.
Оқулықтағы жаттығуларды топтарға бөліп орындау

Оқулық,
мәтіндер.
Ортасы
10 минут

Сөйлем
Дауысты дыбыстар саны
Дауыссыз дыбыстар саны
Ашық дауыстылар
Қысаң дауыстылар
Жуан дауыстылар
Жіңішке дауыстылар
Еріндік дауыстылар
Езулік дауыстылар
Шешесі жалғыз болғандықтан, Айсұлу жылдың басында сырттай оқуға ауысқан еді.
Ауыл ұйқыға кетісімен, уәделі жерге келдім. (Ж. Саин)
Құрмаш қанша тәрбиелесе де, Көксерек ұрлық пен адал астың айырмасы не екенін ұға алмады (М. Әуезов)
Кісі неғұрлым көп болса, канал соғұрлым тез бітеді. (С. Мұқанов)
Қалжыңы, күлкісі араласып, шай өте көңілді ішілді.
Деңгейлік тапсырмалар:
І деңгей
1. Дауыссыз дыбыстарды ретімен жазып шық
2. мәтіннен дауыссыз дыбыстардың астын сыз.
Абай – өз заманының жаршысы. Оның шығармалары – сол заманның шежіресі. Оларда сол кездегі қазақ қауымының тұрмыс – тіршілігі барлық ерекшеліктерімен, тек өзіне ғана тән белгі – бедерімен, өзіндік бояу өрнектерімен мейлінше айқын да толық бейнеленген. (Ж. Смағұлов)
ІІ деңгей
1. Дауыссыз дыбыстардың дауысты дыбыстардан айырмашылығы неде?
2. Дауысты дыбыстардың салдыр мен үннің қатысына қарай бөлінуін жазып шық және мәтіндегі дауыссыз дыбыстарға фонетикалық талдау жаса.
Адамның бір атаның балалары екені рас болса, белгілі бір заманның баласы екен де даусыз.
ІІІ деңгей
5. Жұп дауыссыздарды жаз және мысал келтір.
6. Қазақ тілінде қанша дыбыс, қанша әріп бар? Төмендегі сөздерге фонетикалық талдау жаса және дыбыс болмайтын әріптерді тап.
Қою, қоян, ноян, фельетон, стиль, аю, кею.

Ребус шешу «Кітап»
1-жаттығу. Құстардың атын көшіріп жаз.
Тырна, қырғауыл, бүркіт, бөдене, сұңқар, шүрегей, тауық, сауысқан.

«Кім жылдам?» ойыны.
Осы құстардың қайсысы артық?
• Тауық.
• Неге?
• Себебі тауық үй құсы, қалған құстар дала құстары.
2-жаттығу.
Тал басында,
Түндіксіз отау. (Ұя)

Мәтінді түсініп оқы.

Ұя.
Ұя – құстың жұмыртқалап, балапан басатын орны. Ұяның түрі көп. Әр құс өзінше салады. Қарға ұясын ұсақ бұтақтардан жасайды. Қарлығаш ұясын саз және шөп-шаламнан тұрғызады. Аққу еш уақытта ыстық жерде ұя тұрғызбайды.
• Қарамен жазылған сөздер бар ма?
• Оларды жазып, бөлінуіне қарай топтап жазайық.
І топ ІІ топ ІІІ топ
балапан жасайды тұрғызады
қатаң: п қатаң: с қатаң: т
ұяң: б ұяң: ж,д. ұяң: ғ,д,з.
үнді: л,н. үнді: й. үнді: р
3-жаттығу. «Кім шапшаң?
Көл бетінде құбылып,
Қос сұлу жүр сызылып.
(аққу)

Өлеңді мәнерлеп оқу.
Аққулар
Әй, аққулар, аққулар.
Күз алыс па, жуық па?
Неге қанат қақтыңдар,
Көлдің суы суық па?
• Қарамен жазылған сөздерге дыбыстық талдау жаса.

І топ Аққулар – 3 буын, 7 әріп, 7 дыбыс.
А – дауысты жуан.
Қ – дауыссыз қатаң.
Қ – дауыссыз қатаң.
У – дауысты дыбыс.
Л – дауыссыз үнді.
А – дауысты жуан.
Р – дауыссыз үнді.
ІІ топ Қанат – 2 буын, 5 әріп, 5 дыбыс.
Қ – дауыссыз қатаң.
А – дауысты жуан.
Н – дауыссыз үнді.
А – дауысты жуан.
Т – дауыссыз қатаң.
ІІІ топ
Суық – 2 буын, 4 әріп, 5 дыбыс.
С – дауыссыз қатаң.
У – дауысты дыбыс.
Ы – дауысты жуан.
Қ – дауыссыз қатаң. Оқулық,қабырғаға ілінген ватмандар, түрлі-түсті маркерлер

«Ыстық орындық» орындық әдісі, сұрақтар, орындық.

Сергіту сәті
2 минут «Қыдырып қайтайық!»
би билеу
Оқушылар би билеп сергіп қалады.
Аяқталуы
Сабақты бекіту
10 минут -Қорытынды ретінде кластер толтырайық
«Біліміңді тексер»
1. Дауыссыз дыбыстардың түрлерін тап.
а) жуан, жіңішке.
ә) жуан, қатаң, үнді.
б) қатаң, ұяң, үнді.
2. Қатаң дауыссыз дыбыстары бар қатарды белгіле:
а) ә, б, в, г, ғ, д, ж.
б) к, қ, п, ф, с, т, х, ц, ч, ш, щ, һ.
в) а, о, ұ, ы.
3. «Кітап» сөзінен дауыссыз дыбыстарды тап:
а) і, а, о.
ә) к, а, т.
б) к, т, т. Кестені толтыру
Бағалау

5 минут

Кері байланыс
3 минут «Білім қоржыны» кері байланыс

Сабақтан алған әсерлерін стикерге жазып, қоржындарға жабыстырады.
Қосымша ақпарат
Саралау – Сіз қосымша
көмек көрсетуді қалай
жоспарлайсыз? Сіз
қабілеті жоғары
оқушыларға тапсырманы
күрделендіруді қалай
жоспарлайсыз? Бағалау — Оқушылардың
үйренгенін тексеруді
қалай жоспарлайсыз? Пəнаралық байланыс
Қауіпсіздік жəне еңбекті
қорғау ережелері
АКТ-мен байланыс
Құндылықтардағы
байланыс
• • •
Рефлексия
Сабақ / оқу
мақсаттары
шынайы ма?
Бүгін оқушылар
не білді?
Сыныптағы ахуал
қандай болды?
Мен жоспарлаған
саралау шаралары
тиімді болды ма?
Мен берілген
уақыт ішінде
үлгердім бе? Мен
өз жоспарыма
қандай түзетулер
енгіздім жəне
неліктен?

Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз.
Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сəйкес
келетін сұрақтарға жауап беріңіз.
Қорытынды бағамдау
Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?
1:
2:
Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?
1:
2:
Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды
жетілдіруге көмектесетін не білдім?

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *