Еліміздің ертеңі — білімді жастар

Ел ертеңі – білімді жастар

 

                                                                                   Жастар —  біздің болашағымыз.

                                                               Оларды жаңа заманда өмір сүруге

                                                   үйрету – біздің міндетіміз.

                                                                        Н.Ә.Назарбаев

       Сан ғасырдың сынаптай сырғыған ғажайып сәттері де өтті, арманға толы әр кезеңі де

    есте қаларлықтай жылжыды.Тек адамзат баласының өткенін өшірмей келешегін

кемелдендіретін, болашағын бағдарлай білетін ұлағатты ұрпақтары туған елдің түтінін түзу етпек.

  Мемлекеттің болашағы – білімді жас ұрпақтың қолында. Болашақта ел тізгінін ұстайтын азаматтар – бүгінгі жас жеткіншектер. Елбасымыз «Ұлт болашағы – білімді ұрпақ қолында» деуі жалынды жастарға мақсаты айқын жолды меңзеп тұрғандай. Расында бүгінгі жас ертеңгі – ел тірегі, келешектің келбеті. Жастарды білі жолына бастап, болашағына бағыт беру, оқу – білімнің биігін бағындыру мемлекет пен қоғамның басты міндеті болып саналады. Қай мемлекет болмасын жастардың білімі мен оқу – ағарту ісіне көп көңіл бөледі. Кемел келешектің іргетасын   қалау үшін, ең алдымен, ел жастардың саналы ұрпақ болып жетілуіне күш салуы керек. Қазіргі таңда елбасымыз дәл осы бағытта көптеген жұмыстар атқаруда. Қазақстанның әрбір жалынды жастарын алаңсыз, білім нәрімен сусундауына барынша жағдай жасалған. Кемел  болашақтың даңғыл жолында шабысы қатты тұлпардай жүйіткіген Қазақстанның жастары текті ұлттың ұрпақтары екеніне келер күн мен атқан таң бірден – бір куәгері болмақ.

  «Еркін елде өскен ұрпақтың рухы әрдайым биік болуы тиіс. Жастары жалын жүректі, өршіл намысты, отаншыл, патриот келеді, халқына, өз ұлтына адал қызмет етуге ұмтылады» — деп Тұңғыш Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев айтқандай, тәуелсіздігіміздің тамырын тереңдетіп, Қазақстанды ілгері мемлекетке айналдыру – біздің қолымызда. Сондықтан жадыраған жалынды жастар уақыттың кез – келген сынағына дайын болып, бәсеке қабілетті болуы керек. Жастар білімді болуы үшін, таңдаған мамандығына баса назар аударғаны ләзім. Себебі, сол таңдаған  мамандығымыз бойынша өмір бойы қызмет атқарамыз. Бала кезден мен армандаған мамандық – ұстаз болу еді. Қазіргі таңда өз жүрек қалауыммен осы мамандықты таңдап келіп отырмын. Ұстаздық бұл шоқтығы биік, мәртебесі жоғары мамандық. Себебі, бүгініміз бен ертеңіміздің жастарының бойына білімнің нәрін сеуіп, мейірім төгетін маңызды тұлға.

  Менің балалық шағымнан үлкен естелік болып қалатын тағылымы терең, білімі мәңгі жадымда сақталған ұстазымды ерекше құрметтеймін. Біз мектеп табалдырығын тарыдай аттаған сәтімізден бастап – ақ , ұстазымыз қолымызға қалам ұстатып, оқытып алға  жетелеген. Әрине, ақиқатына келсек, бір ауыз сөзбен – ақ жол сілтеп, тура жолға бағыттайтын ерекше қасиетімен тәнті қылатын.

   Өмір өткеліндегі өнімді іс, ілгері бастар айқын даңғыл да – мәртебелі мамандық екені даусыз. Арман асқарынан басталып, мақсат – межесіне жеткізер жүректің қалауы болған менің таңдаған мамандығым – заманауи заңғарлармен жахандық жағдайда қажетті құндылық. Таңдаған мамандығын тағылымды өмірдің табиғаты іспетті қабылдаған әр жас — туған мекенінің ертеңгі келешегі үшін ауқымды істерге ілкімді қадам басуы тиіс.

Мен өз сөзімді ел болашағы – бүгінгі жас ұрпаққа арнаған жыр шумақтарымен аяқтаймын:

Ертеңі жарқын жастармыз,

Білімге биік бастармыз.

Бабаның жолын жалғайтын,

Тарихы терең дастанбыз.

Арманы асқақ маманбыз,

Туған ел тәнбіз саған біз.

Болашаққа нық ұмтылған,

Мақсаты айқын адамбыз

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *