Еліміздегі адами капиталды қаржыландыру механизмін жетілдіру

     Адами капитал түсінігі

     Адами капиталға бөлінетін қаржы ресурстары жылдам өзгеретін əлемде бейімделе алатын техникалық прогрессивті, өнімді жұмыс күшін құру үшін аса қажет. Болашақтың табысты экономикасы білім беруіне, халықтың дағдылары мен қабілетіне инвестициялайтындар болмақ. Білім беруді əлеуметтік қажеттіліктерге жұмсалатын шығындар ретінде ғана емес, экономикалық инвестициялар ретінде түсіну қажет.

     Халықаралық тəжірибе ерте балалық шақтан ересек жасқа дейін адами капиталға, атап айтқанда, білім беруге бөлінетін инвестицияның экономика мен қоғамға елеулі қайтарымы болатынын дəлелдеп отыр.

     Осылайша, адам капиталы деп отырғанымыз, бұл  жұмысшылардың әлеуметтік  және  экономикалық  салаларда белсенді іс-әрекет жасауға   мүмкіндік беретін, олардың өз қабiлеттері мен денсаулығы.  Бұл қасиеттер, ең алдымен, білім потенциaлымен және ұлттық  білім беру  дәрежесімен  анықталады.

     Білім беруге арналған бюджет шығыстары

     ХХІ ғасырды қоғамның барлық салаларын үздіксіз жаңғырту, яғни дамудың басты факторы – қаржымен қамтамассыз ету болып табылады. Бұл қағида, әсіресе, адами капиталдың қалыптасуы, яғни білім саласына тікелей қатысты. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, еліміздегі білім беру саласын қаржыландыруға бөлетін қаражат əр жыл сайын өсуде. Экономикалық жағдайларға байланысты білім берудің заманауи жүйесін дамытуға, кадрларды даярлауға жəне қайта даярлауға бөлінетін бюджеттік шығыстар жыл сайын арта түсуде.

     Негізінен, экономикалық пайдадан бөлек білім беру басқа да əлеуметтік пайдаларды келтіреді, əлеуметтік капиталдың – азаматтардың көп үлесінің қатысуымен құралған, əлеуметтік бірлігі мен интеграциясы жоғары, құқық бұзушылық деңгейі төмен қоғамның қалыптасуына ықпал етеді. Жастайынан білім алу əлеуметтік, эмоционалдық жəне басқа да өмірге қажетті дағдыларды қалыптастыруда маңызды рөлге ие. Білім беру қызметінің барлық спектрларын одан əрі дамытудың сенімді дəлелдері осында. Қазақстанның білім беруді түбегейлі жаңғыртуы: білім беруге салынатын инвестицияны айтарлықтай жəне тұрақты ұлғайтуы, оның сапасын жақсартуы қажет. 

     Мемлекеттiк бiлiм беру ұйымдарын қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес республикалық және жергілікті бюджет есебiнен жүзеге асырылады. Атап айтатын болсақ:

     Бюджеттен келесілер қаржыландырылады:

  • бастауыш, орта және жалпы орта білім беру, оған қоса оқытудың кешкі түрін, интернат түріндегі ұйым арқылы ұсынатын жалпы орта білім беру;
  • мектепке дейінгі даярлық, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру мекемелеріне оқулықтар мен оқу-әдістемелік құралдарды сатып алу, жеткізіп беру;
  • балалардың қосымша білім алуы;
  • бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру мекемелерін материалдық-техникалық қамсыздандыру;

     Ал, республикалық деңгей қаржыны бөлудің үш бағытын қамтиды:

  • республикалық маңызы бар білім беру мекемелерін қаржыландыру;
  • республикалық білім беру бағдарламаларын жүзеге асыру;
  • мақсатты трансферттер аясында аймақтарға берілетін білім субвенциялары.

     Адами капиталды қаржыландыру механизмін жетілдіру

     Адами капиталды қаржыландыру механизмін жетілдіру үшін келесі міндеттер қойылады:

  • білім саласын дамыту, яғни адами капиталды қалыптасуының факторын ашып көрсету;
  • мемлекетіміздегі білім саласының қаржылық қамтамассыз етілуін талдау;
  • білім салаласына арналған бюджет шығындарын жетілдіру жолдарын ұсыну.

     Жүргізілген зеттеулер бойынша білім саласын қаржыландыруды жетілдіру жолдарына төмендегі механизмдерді атауға болады:

  • білім саласындағы жобаларды қаржылық тұрғыдан жүзеге асырудың ең тиімді механизмі мемлекет пен бизнестің өзара әріптестігі;
  • Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін ақылы қызметтер көрсету;
  • екінші деңгейдегі банктердің несиелері;
  • демеушілік және қайырымдылық көмек, өтемсіз аударымдар мен қайырмалдықтар, гранттар.

     Жалпы айтқанда, егер мемлекет әрбір Қазақстандық азаматқа дүниеге келген кезеңінен бастап, адами капиталды байыту мақсатында, қаржыны көптен инвестициялайтын болса, болашақта экономикамызды қөтеретін тұлғалар көбейіп, дамушы еліміздің дамыған елдердің қатарына енуге немесе олардан озып шығуға да ең басты алғыс шарт болып табылады!

 

Автор: Амангелді Темірлан Ерланұлы, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің физика-техникалық факультетінің магистранты.

Жетекші: Жанатаев Данат Жанатайұлы, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің философия кафедрасының доценті, философия ғылымдарының кандидаты.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *