Екінші сыныпта оқимын. Мен сегіздемін.

Тақырыбы: Екінші сыныпта оқимын. Мен сегіздемін.
Мұғалім:Амир Абай Муратулы
2- сынып Сабаққа қатысқан
оқушылар саны: Сабаққа қатыспаған оқушылар саны:

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты 2.1.3.1 тыңдаған мəтінге мұғалімнің көмегімен иллюстрация/суреттер/сызбалар таңдау жəне қарапайым сұрақтарға жауап беру
2.2.1.1 сөйлеу барысында алған ақпарат бойынша сұраулы сөйлем құрастыру үшін сөздер мен сөз тіркестерін қолдану
2.4.1.1 заттың сынын білдіретін сөздерді қолдана отырып, берілген иллюстрация бойынша өзара байланысқан сөйлем жазу
Сабақ мақсаты Барлық оқушылар: Тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсінеді, тақырыпқа қатысты жаңа атауларды меңгереді.

Оқушылардың басым бөлігі: Мәтіндегі негізгі ойды білдіретін тірек сөздерді табады, сөздердің лексикалық мағынасын түсінеді.

Кейбір оқушылар: Мұғалімнің көмегімен тыңдаған мәтін бойынша
сұрақтарға жауап береді, сәйкес суреттер таңдай алады.

Жетістік критерийлері Егер төмендегі жетістік критерийлерін орындаса, оқушы оқу мақсатына жетеді
Тыңдаған мәтін мазмұны бойынша мұғалімнің көмегімен сұрақтарға жауап береді, сәйкес суреттер таңдайды;
Сөйлеу барысында алған ақпарат бойынша сұраулы сөйлем үшін сөздер мен сөз тіркестерін қолданады және құрастырады;
Берілген суреттерге қарап отырып, өздері еркін сөйлем құрайды.
Дискриптор Суреттерге қарап сұрақтарға жауап береді;
Көп нүктенің орнына тиісті әріптерді қояды;
Төл дыбыстарды дұрыс айтады;
Сөздерді қатесіз жазады;
Диалог құрастырады.
Жаңа сөздер: Нешінші, екінші, үшінші, қабатта, жақсы көремін
Сабақта қолданылатын
материалдар: Интерактивті тақта, слайдтар, түрлі-түсті суреттер, кестелер, желімқағаздар, суреттер, мультипроектор, альбомдар, слайдтар
Оқыту әдістері:

Түсін діру, сұрақ-жауап, «Шаттық шеңбері» тренингі, «Баспалдақ» техникасы, топтық жұмыс, сергіту жаттығуы.
Дереккөздері: Әдістемелік құрал, дидактикалық материалдар, сөздік.

Сабақтың барысы:
Тапсырма Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Психологиялық
Дайындық Мұғалім оқушыларды шаттық шеңберіне тұрғызып, өлең
жолдарын оқиды:
Бәрі жақсы баланың,
Тілін алған ананың.
Бәрі жақсы баланың,
«Беске» оқыған сабағын.
Мұғалім оқушыларға өлең жолдарын қайталатады. Мұғаліммен бірге қайталайды.
Бір-біріне жақсы тілектер айтады.
Қайырлы күн, достым! Әр күнің
сәттілікке толсын!

Өткен сабақты тексеру Өткен сыныптан өткен тақырыптарды қайталатады. Кемшіліктерді анықтайды, түзетеді, бағалайды. Тапсырманы айтады, тақырып бойынша сұрақтарға жауап береді.
І. Қызығушылықты
ояту Оқушыларды жаңа сабаққа кіргізу мақсатында
Ө. Ақыпбековтың «Бес саусақ» өлеңін оқиды, ой шақыру
сұрақтарын қояды:
Мынау —
Бас бармақ,
Мынау —
Балаң үйрек,
Мынау —
Ортан терек,
Мынау —
Шылдыр шүмек,
Мынау —
Кішкене бөбек
— Балалар, сендер қалай ойлайсыңдар, өлеңде не туралы
айтылады? Оқушылар жауап береді.
ІІ. Мағынаны тану 1. Сөздікпен жұмыс. А) Мұғалім Интерактивті тақтадан тақырыпқа қатысты жаңа сөздермен таныстырады, аудармасын айтады. Оларды оқиды, оқушыларға қайталатады. Тыңдалым. Оқылым. Жаңа
сөздерді тыңдайды, қайталайды,
оқиды.
Ә) «Дұрыс айт!» айдарында берілген сөздерді дұрыс айтуға машықтандырады, бірнеше рет қайталатады. Айтылым. Сөздерді дұрыс айтуға
жаттығады, қайталайды.
2. Мәтінмен жұмыс. Тыңдалым. Оқулықтағы тыңдалымға арналған мәтінді тыңдатады. Сөздердің мағынасын түсіндіреді. Тыңдалым. Мәтіңці мұқият
тыңдайды. Жаңа сөзцерді
қайталайды.
3. Оқулықтағы тапсырмалармен жұмыс.
А) Айтылым.
Оңулықтағы 1-тапсырманы орындатады. Айтылым. Сұрақтарға жауап береді.
Ә) Жазылым. Оқулықтағы 3 -тапсырманы
орындатады. Жазылым. Суреттерге қарап диа-
логті толықтырып жазады.

5. Сергіту сәті. Мұғалім оқушылардың бой жазуы үшін орындарынан тұрғызып, сергіту жаттығуын жасатады.
Ал, балалар, тұрайық ,
Алақанды ұрайық!
Оңға қарай бұрылып,

Солға қарай бұрылып,
Бір отырып, бір тұрып,
Бой сергітіп алайық! Орындарынан тұрып, сергіту
жаттығуын жасайды, мұғаліммен
бірге таңдағанын қайталайды.
ІІІ. Ой толғаныс Оқулықтағы 2-тапсырма. Оқылым. Айтылым. Мәтінді оқиды.
Сөйлемдерге сұрақ қояды..
IV. Бекіту,
. Жаңа таңырыпты бекіту үшін мұғалім оқулықтағы 4-тапсырманы орындатады.
Айтылым. Суреттегі кейіпкерлердің
атынан диалог құрады
«Есте сақта» берілген сөздерді жаттатады. Берілгең сөздерді жаттайды.
Қайталайды.
V. Бағалау Қалыптастырушы бағалау. Мұғалім оқушылардың өзара бағалауы бойынша қорытынды бағаны өзі қояды. «Ішкі жәңе сыртқы шеңбер» тех-
никасы бойыңша өзара бір-бірін
бағалайды.
VI. Үйге тапсырма Жазу дәптерінен тапсырма беріледі
VII. Рефлексия Мұғалім түрлі смайликтер таратып береді. Оқушылар сабақтан алған әсерлерін
смайликтерді көрсету арқылы көңіл- күйлерін білдіреді.
Қосымша ақпарат
Қортындылау Төмендегі бөлікті сабағыңыз туралы өз ойыңызды жазуға қолданыңыз.
Өз сабағыңыз бойынша сол жақ бағандағы сұрақтарға жауап беріңіз.
1. Сабақ барысында өзгертулер енгіздіңіз бе? Неге?
2. Жүргізілген жұмыс түрлері қаншалықты тиімді болды?

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *