“Егемен Қазақстан” газеті

 

«Егемен Қазақстан» газеті

1919 жылы «Ұшқын» деген атпен шыға бастаған қазіргі республикалық «Егемен Қазақстан» газетіне жүз жылдан асты. Елдің, әлемнің мәселелерінен бастап ауыл шаруашылығына дейін қозғаған бұл газет оқырманның жүрегінен орын алды. Таралымы жағынан да, мән мағынасы жағынан да, әрқашан қазақ елі үшін бірегейі бола білді. «Еңбек туы», «Еңбекші қазақ», «Еңбекшіл қазақ», «Социалды Қазақстан», «Социалисік Қазақстан» деп түрленіп өзгеріп шығып отырған газет белгілі публицист, жазушы Шерхан Мұртазаның  редакторлық еткен жылы «Егеменді Қазақстан» болып өзгертіліп дәл солай 1993 жылға дейін шықты. Неше түрлі пікірлердің қалыптасуына байланысты газеттің сол кездегі редакторы  Әбіш Кекілбаев болған сәтте газет атауындағы -ді жұрнағы алынып, “Егемен Қазақстан” болып шықты. 1919 жылдан бергі газеттің редакторы 38 рет ауысқан екен. Редактор еткен қазақтың небір небір үлгі тұтарлық ағаларымыз болатын. Смағұл Сәдуақасов, Жүсіпбек Аймауытов, Мұхтар Әуезов, Бейімбет Майлин, Сәкен Сейфуллин, Тұрар Рұсқұлов, Ғабит Мүсрепов және тағы да басқа қазақтың қамын жеген ағаларымыз газетті дамытуда орасан үлес қосып, еңбек сіңірді. Ал қазіргі бас редакторы Дихан Қамзабекұлы және тиражы 206 мың дана. Бекен Қайратұлы, Сұңғат Әліпбай, Абай Асенкелдіұлы, Жәнібек Әлиман және он бес облыстағы меншікті тілшілер тағы да көптеген білікті мамандар өз жұмыстарын құлшына істеуде.Басылымның ең ең айдарларын атай өтсем, “Интографика”, “Мәселе”, “Руханият”, “Білім”  сынды тек қазақ ұлты емес өзге елдіңде жағдайын қозғаған  айдарлар бар, және оларда ел ауқымы мақалалар жарияланып отырды.  Ең ерекшесі бұл газетте Абай Құнанбаевқа арналған айдар бар екен. Ол айдарда Абай атамызға арнылып шығарылынған өлеңдер, қойылыған қойылымлар тіптен әр өңірде Абай атамыздың мүсіні жайында жазылады. Мысалүа айта кететін осы газеттің 2023 жылдың 16 қаңтарында жарияланған  “Жетісуда Абай ескерткіші бой көтерді” деген мақалада Жетісу өңірінің тұрғындары Абай ескерткішінің қойылғанына  қуанышты екендігі туралы жазылған. “Аймақтар” деген айдарды аймақтардың экологиялық, шаруашылық мәселесері жазылды. Айта кетерлік, осы “Егемен Қазақстан” газетінде 2023 жылдың 20 сәуірінде Жолдасбек Көшербайұлының “Шаң басқан шаһар немесе Атырау қашан жасыл желекке оранады?”   мақаласында  Атырау қаласының үлкен ауқымды мәселелерін ашық жазып, мұнайға бай отан болғаныменнен де жаздай жаңбыр, қыстай қар жаумайтынын баяндады. Спорт жаңалықтары да елдің назарында болды. Газеттің оқырманды тартар тұстары көп демесе аз емес. Басты басты ерекшеліктеріне тоқтала кетсек. Газет жарық көргеннен бері тек ел жайда не болып жатқаны туралы, саясат, маңызды мәселе, тарихи мәселерді де көтере отырып, келесі санының шығуын оқырман қатты күтетіндей дәрежеге жетті. Екінші бір ерекшелік газеттің қай санында болсын ең бірінші бетінде елбасымыздың түрлі мәжілісте, саяси келісімде, өзге елдің президенттермен қол алысып, халық үшін жасаған игі істерін көре аламыз. Әрине, нөмірі бірінші республикалық газет ретінде ең бірінші бетінде елбасымыз болмаған да, басқа кім болады?! Әуелде шыға бастаған да газет көлемі үлкен болған екен, ендігі шығып жатырған газеттің көлемі кішірейіп қалған екен. Бізге дейін қандай болғанын көрмесекте зерттеушіліердің айтуы бойынша солай деседі. Газеттің жылдан жылға дамып келе жатырғаны туралы газет басшылары да хабарлауда. Қазақша мақалалар орыс тіліне аударылып жазылса, оқи алмайтын жандарға мақалалардың тыңлауға және жүктеп алуға ыңғайлы аудиоформаттағы түрі шықпақ.  Экономика, саясат, мәдениет, әдебиет, өнер жайлы жазатын бұл газет сынға ұшырамай жұлдызы жануда. Болашағымызда қазақ баспа сөзінің қадірі кетпей, одан әрмен дамытуға жол төсеуге ұмтылыуымыз қажет. Себебі, біз егеменді қазақстанда  туып өскен құдыретті де қайсар халықтың ұрпағымыз. Саналы да салиқалы болашақ тарихтан, әдебиеттен басталмайма?! Елдіктің тұғырын ұлы жазушылар қалаған, тер төгіп бізге тарту еткен,  әрі қарай да дамыту біздің қолымыздан келе алады.

Дамира АТАХАН

ҚазҰУ

Журналистика факультеті 1 курс

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *