Дүниежүзілік мұхит, оның бөліктері

Аманжолов Жәнібек Балтабекович

Сабақтың мақсаты:
Жаңаша оқыту мен тәрбиелеу жағдайындағы жүйелі жұмыстың үлгісі мен әдістерін жасау. Өзін — өзі дамытуға құштар, икемді, ақпараттық — интеллектуалдық қабілеті жоғары, жаңашыл, қазіргі заман талабына сай, оқушылардың өзін — өзі дамыту, өз жұмыстарын ұйымдастыру, ойлау қабілетін дамыту, шығармашылыққа баулу.
Қызығушылықты ояту:
Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу, құралдарын тексеру
Психологиялық ахуал орнату : Үнемі бір-біріңізге жақсылып тілеп жүріңіздер
Топтастыру.  Оқушыларды топтарға бөлу (теңіз,көл,өзен)
Су – түссіз, мөлдір, иісі — дәмі жоқ үнемі ағып жататын зат.
2) Табиғатта су сұйық, қатты, газ күйінде кездеседі.
3) Температура өзгергенде су бір күйден екінші күйге ауысады.
4) Адам ағзасының 70%- ы судан тұрады, су – тіршілік көзі.
Жердегі су. Планетамыздағы судың мөлшері 1616 млрд. км3 екендігін айтады. Олар Жер бетіндегі бүкіл судың мұхитттар мен теңіздерге 96, 5%, мұздықтар мен тұрақты қарларға – 1, 7% қатысты. Ал өзендер, көлдер, батпақтар және атмосферадағы суға тек қана 0, 06% ғана тиеді. Жер бетіндегі тұщы су 2, 5%. суды адам өнеркәсіпте, ауыл шаруашылығында, күнделікті тұрмыста пайдаланады.
Дүниежүзілік мұхит бөліктері
Жер шарының үлкен бөлігін алып жатқан су айдыны – дүниежүзілік мұхит деп аталады. Дүниежүзілік мұхиттың жалпы ауданы 361 млн км²
Дүниежүзілік мұхит 4 мұхиттан тұрады.
Ең үлкен, ең терең мұхит – Тынық мұхиты
Көлемі жөнінен екінші орындағы мұхит – Атлант мұхиты
Оңтүстік жарты шардың көп бөлігін ала орналасқан 3 — ші мұхит – Үнді мұхиты, Мұхиттардың ең кішісі – Солтүстік Мұзды мұхит.
Мұхиттардан суының қасиеттері, тіршілік дүниесі жөнінен айырмашылығы болатын бөлігін теңіздер деп атайды.
Теңіздер:       Ішкі: Қара, Балтық, Жерорта
Сыртқы: Кар, Баренц, Жапон, Охот, Норвег, Саргасс
Шығанақ деп мұхиттың не теңіздің құрлыққа сұғына еніп жатқан бөлігін айтады. Бұғаздар дегеніміз – екі жағынан материктер немесе аралдар жағаларымен шектелген енсіз су айдыны.
Картамен жұмыс:  Шығанақ 18° с. е; 85 ш. б;                Шығанақ 60°с. е; 85° б. б;
Түбек 65°с. е; 142° ш. б;                    Бұғазы 45° с. е; 15° ш. б;
Бұғазы 36° с. е; 7° б. б;                      Теңіз 18° с. е; 65° ш. б;

 
Гидросфера -…
Жер шарындағы судың…. мұхиттар мен теңіздердің үлесіне тиеді.
Мұздықтар мен тұрақты қарларға -…., жер асты суларына -…., өзен, көл, батпақтағы және атмосферадағы суларға -… тиесілі.
Су табиғатта 3 күйде…. кездеседі.
Су – тірі ағзаның құрамды бөлігі. Барлық….. 80 — 99%, ал…. 75%- ға жуығы судан тұрады.
Мұхиттардың бөліктерін…………,………………….,…………………. құрайды.
Теңіздер………………… және…………… деп бөлінеді.
Географиялық диктант:
Ең үлкен мұхит:                                                               Ең үлкен мұхиттың ең үлкен теңізі:
Ең үлкен шығанақ:                                                          Ең үлкен бұғаз:
Ең кіші мұхит:                                                                 Ең терең бұғаз:
Ең терең шұңғыма:                                                          Ең ұзын бұғаз:
Ең тұзды теңіз:                                                                Ең жылы мұхит:
Жердің 1/3 бөлігін ————- мұхиты алып жатыр. Ол —— жағынан да ең үлкені. Бұл мұхиттағы температура ——————-. Мұхитта ең үлкен киттер өмір сүреді. Мұхит арқылы —— жолдары өтеді. Ауданы жағынан екінші орында —- мұхиты. Оның үлесіне балықтың ——— ауланады. Бұл ——— мұхитында теңіздер мен аралдар салыстырмалы түрде аз. Оңтүстігінде кит аулау шаруашылығы дамыған. Ең суық және суы тұшылауы —— мұхиты. Суының тұздылығы ——%. Бұл мұхитқа ірі ——————өзендері келіп құяды.
Экологиялық тәрбие  : “Судың да сұрауы бар”.Әр-бір топ судың ластануы жайлы және оның алдын алу шаралары туралы баяндама жасайды.Сұрақтар беріледі.
Пікір талас орнату:
Табиғатта су (мұхит, көл, өзен, теңіз) неге таусылып қалмайды. Себебі?

Қорытынды
Бағалау
Үй тапсырмасы : Таұырыпты оқып,қосымша баяндама,рефераттар дайындап келу.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *