Жазбаша қосу және азайту. 27+36,63-27

Базарбаева Майра Джумабаевна

Мақсаты:  а) Оқушыларға  сандарды  « баған» түрінде  жаза  отырып,  жазбаша  қосу  мен  азайтудың  тәсілдерін  меңгерту.

ә) Логикалық  ойлау,  матеметикалық  тілін, шығармашылық  қасиеттерін  дамыту.

б)  Ұқыптылыққа,  алға қойған мақсаттарына жетуге ,ізденімпаздыққа,тапқырлыққа,өздігінен жұмыс жасауға ,шапшаңдылыққа  тәрбиелеу.

Көрнекілік:  Сурет, слайдтар,интерактивті тақта,оқулық

Түрі: Жаңа тақырыпты меңгерту.

Пәнаралық байланыс:дүниетану,ана тілі

Әдісі: Сұрақ-жауап, түсіндіру,  талдау,  салыстыру,  ажырата  білу,  ойлау.

Сабақтың барысы:

  1. I. Ұйымдастыру кезеңі.

а) психологиялық дайындық.

— Балалар бүгінгі сабағымызда Батыс Қазақстанның қалаларын аралап,саяхат жасаймыз.
Жаңа  сабақ:  Жазбаша  қосу  және  азайту. 27+36,63-27 Оқулықпен жұмыс

-Өте жақсы ,балалар.Ал балалар, осы Батыс Қазақстанның қалаларын білеміз бе?Атайықшы.

Ақтау,Атырау,Ақтөбе,Орал.

Біз қай қалада тұрамыз?

-Ақтау қаласы.

мұнай және газ өндіріледі. Ақтау — Қазақстанның оңтүстік-батысындағы қала, Маңғыстау облысының орталығы. Қала теңіз және әуе порты болып табылады.

Мына жұмбақтың жауабын шешкенде қандай көлікпен баратынымыз белгілі болады.жұмбақ шешу,

-Саяхатқа шығу үшін біз автобуспен шығамыз.Бізге 2 автобус жіберіліпті. Бұл 2 көліктің бағыты 2 түрлі екен.Бірі- Шығыс Қазақстанның қалаларды аралайды,ал 2шісі ол тек Батыс Қазақстанның қалаларына саяхатқа шығады екен.

Біз қай қалаларға саяхатқа шығатын едік?

-Б.Қ қалаларына.

—Олай болса, осы 2 көлікке мінетін оқушылардың алдымен санын анықтап алайық.

1-автобусқа 27 оқушы.

2-автобусқа 36 оқушы мінеді екен.Балалардың барлығының санын анықтауымыз керек.

-Бәріміз тақтаға назар аударалық.

Ол үшін мына кестедегі сандарды оқылық.Олардың ондықтары мен бірліктерін атайықшы.

-Ең алдымен бірліктер мен бірліктерді қосамыз.7+6=13 ,ал 13 дегеніміз =1 онд.3 бірл.Бірліктердің астына 3-ті жазамыз,ал 1 онд.есіме сақтап онд.ға қосамын.

Ал,2 онд.+3 онд.=5 онд.болады,тағы 1 онд.ты қоссақ 5+1=6.Ондықтардың астына 6-ны жазамыз.

Жауабын оқимын: қосындының мәні 63-ке тең.

-Сонда балалар,2 көліктің ішіндегі оқушы саны қанша болды?

-63 оқушы.

-Ал енді тағы бір мәселе,ол Шығыс Қазақстанға баратын көліктің ішіндегі оқушылардың санын анықтау.Олай болса есептеп қарайықшы.

Жаңа барлық оқушы саны 63 болып еді.Ал біздің санымыз 27.Енді Ш.Қ.баратын оқушы саны қанша екенін тағыда жазбаша түрде жазып анықтап көрелік.

Тағы да кестедегі сандарды оқимыз.Олардың онд. мен бірл.н атаймыз.

-Ең алдымен бірліктерден бірліктерді азайтамыз.3-7 3бірліктен 7 бірл.артық,азайтылмайды. Сондықтан 6 ондықтың 1 ондығынан және 3 бірл,тен 7азайтамыз.6 онд,тан 1 онд.ты алғанымызды ұмытпас үшін 6 ның үстіне нүкте қоямыз.

1 онд.3 бірл.=13деше 13-76

Бірліктердің астына 6-ны жазамыз .

Енді жаңа 6 онд.-1 од. Алғанда 5 ондық қалған .5 онд.-2 онд.=3 онд.Ондықтардың астына 3-ті жазамыз.

Жауапты оқимын: айырманың мәні 36-ға тең.

Сонда балалар,Ш.Қ.ға баратын оқушылар саны қанша екен?

-36 оқушы.

-Өте жақсы.Олай болса,Ақтау қаласынан Атырау қаласына бару үшін автобусқа отырамыз.Бірақ осы автобусқа мінбестен бұрын автобус жүргізушісі бізге мынадай шарт қойып отыр: «Ойлан,  тап тапсырмасын орындағандар ғана автобусқа отырады»- дейді.
Ойлан,  тап:  

1.Алыстан   қарағанда   жайлауда   сиырдың   6   мүйізі   көрінеді. Сонда  жайлауда   неше   сиыр  жайылып  жүр ?

2.Әжесі  немересіне  10  шұлық  тоқыды.  Әженің  неше  немересі  бар? (5)

3.Сәуле  5  жаста,  Қанат  3  жаста.  Қанат  8   жасқа  толғанда,  Сәуле  нешеде  болады? (10)

Атырау қаласының тапсырмасы: «Кім жылдам?» Мәреге қай қатар 1-ші болып жетеді?

Өрнектерді шығару.

-Өте жақсы,Ары қарай қай қалаға сапар шегеміз?

-Ақтөбе қаласына.

Дәптермен  жұмыс.

Қаңтардың 30-ы

Сынып жұмысы

60 60 60

Олай болса, Атырау қаласынан Ақтөбе қаласына бару үшін автобусқа отырамыз.Бірақ осы автобусқа мінбестен бұрын автобус жүргізушісі бізге Ақтөбеге жеткенше жол қысқарсын деп Математикалық  диктант беріп отыр.Соны жазып,орындалық.
Математикалық  диктант.

Қорытындылау.БағалауҮйге: 153-бет, 4-тапсырма

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *