Гүлбира Хошанова: 48 миллион теңгені мектепке қажетті техникаларға жұмсадық.

«Орта білім беретін үздік ұйым» грантын,оны беруге арналған конкурсты білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органдар жыл сайын өткізеді. 2022 жылы тамыз айының 25 жұлдызында өткен. Алматы білім беру форумында Алматы қаласы әкімінің қаулысы негізінде «Мамандандырылған БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицей-интернаты комуналдық мемлекеттік мекемесі

«Алматы қаласының орта білім беретін үздік ұйымы» конкурсының жеңімпазы атанып, қала әкімі Е.Досаевтын қолынан 48 000 000 теңге грант сертификатымен марапатталды. Мектеп ұжымы бұл байқауға алғаш рет қатысып, жеңіске жеткен кезде көздеріне қуаныштан жас алғандарын да жасырмады. Гранттың мектепке тигізген  көмектерімен өзгерістер туралы директордың бейінді оқу ісі жөніндегі орынбасары Хошанова Гүлбира Нұршабековнамен сұхбат осы тақырып төңірегінде өрбіген болатын.

1.Ең алдымен өзіңізді таныстырып, мектеп туралы қысқаша ақпарат беріп өтсеңіз.

  • Мен Хошанова Гүлбира Нұршабековна директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары болып жұмыс атқарамын. Еңбек етіп келе жатқаныма 7 жылдан асты. Мектептің ашылғанына биыл 30 жыл толды. Қазақстанның басқа да қалаларында 40 -тан астам филиалдары бар.Оқушыларды 7 сыныптан бастап қабылдаймыз. Арнайы емтихан арқылы іріктеп аламыз. Осы жылы 1919 үміткер болды, соның ішінен тек 75 бала ғана таңдап алынды. Біздің мектеп жаратылыстану бағытында жұмыс істегендіктен сабақтар ағылшын тілінде өтеді. Оқушылар 4 тілді меңгеріп шығады.
  • 2. Мектептің ең басты міндеті не?
  • Міндеттері мен миссиясы туралы айтатын болсам, оқушылардың ерекше қабілеттерін айқындап дамыту арқылы адами құндылықтарды бойына сіңірген,өзін-өзі ұдайы жетілдіріетін,бәсекеге қабілетті тұлғаны тәрбиелеп шығару. Балалар іштегі сырларын жасырмай айтуға, өз ойын қысылмай жеткізуге көптеген жұмыстар жасалады. Ата-аналармен біз қатты тығыз байланыстамыз,оларда біздің бір бөлшегіміздей.

2. Алдыңғы жылы Алматыда орта

білім беретін үздік ұйым байқауында грантты жеңіп алған болатынсыздар.Осыншама

мектептің арасынан сіздерді жеңімпаз ретінде таңдауға кандай басты себеп болды деп ойлайсыз?

  • Нақты себебін білмедім,комиссия шешімі бойынша таңдалған болуы керек. Негізі рейтингтік көрсеткіштер – мемлекеттік білім беру мекемелері сәйкес болғаны үшін де шығар. Бірақ осы жаңалықты естіген сәтте көзімізге қуаныштан еріксіз жас келді.                                      

3.Гранттың мектепке тигізген көмегі қандай? Мектепте өзгерістер болды ма?

  • Әрине өзгерістер болды. Актовый залға қажетті перне тақта, балалардың шығармашылық тұрғыда дамуына қажетті техникаларды алған болатынбыз. Сонымен қатар стем кабинетін аштық. Ол жерде робототехникадан сабақтар өтіп оқушылар ғылыми жобаларға дайындалады.
  1. Бұдан да басқа мектеп қандай жетістіктерге жетті?
  • Жетістіктер өте көп. Оқушыларымыз да, мектеп мұғалімдері де жан жақты ізденісте. Көптеген сайыстардан жүлделі орындар алып келеді. Атап өтсем жақында “Үздік олимпиадалық команда — 2023”, “ Ең үздік олимпиадалық мектеп”, “ Ең озық мектеп”, “Ең үздік команда” тб номинацияларында марапатталдық. Сонымен қатар “ Юнеско Клубы” мәртебесі берілді. Осы жылғы түлектеріміз әлемнің түкпір түкпіріндегі университеттерден шақырту алды.11 оқушымыз Гонконг еліне,4 оқушымыз Америка Құрама Штаттарына,1 оқушымыз Канадаға,2 оқушымыз Литваға және де тағы да басқа шет елдерге оқуға түсуде.
  1. Осы жылы да байқауға қатысып жатсыздар ма?
  • Жоқ, себебі мектебімізге үлкен жөндеу жұмыстары жүргізілді. Және де басқада мектептердің жеңімпаз атануына жол беруді шештік.

Сұхбаттасқан Бақытқали Аружан Бақытқалиқызы

Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің 3 курс студенті.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *