Б.Соқпақбаев «Ағаларым» әңгімесі

Қысқа мерзімді сабақ жоспары

 

Сабақ №1

Бөлім: Қазақ әңгімелері
Педагогтің аты-жөні Кожакелдиева Л.А.
Күні:  
Сабақ №1
Сынып: Қатысушылар саны: -22 Қатыспағандар саны:1
Сабақтың тақырыбы Бердібек Соқпақбаев «Ағаларым»
Сабақтың мақсаты Шығарма туралы білімдерін арттыру, шығарманы  талдау  дағдыларын  дамыту
Сабақ барысы
Сабақ кезеңдері Мұғалімнің оқу іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті Бағалау Ресурстар
Сабақтың басы Оқушылармен амандасып, түгелдеу.

Сабақ тақырыбы, мақсатымен таныстырылады. Оқушыларды топқа бөлу

Оқушылар амандасып,
сабаққа назар аударады
«Шапалақ» әдісі  
Сабақтың ортасы 1-сабақ. Оқылым. Айтылым. Б.Соқпақбаев. «Ағаларым»

Смағұл  –  əкемнің    інісі.    Мұрт  шыға  бастағанына  аз  ғана  жыл.  Мен бұл кісіні тəте деймін. Шешем қазақ əйелдерінің салты бойынша атын атамайды, тергеп «шырақ» дейді. Шырақ үйленбеген, бойдақ.Смағұл  əкемдей  сылбыр  емес,  əрі  пысық,  əрі  өнерлі  адам.  Қолынан өрімшілік, ұсталық бəрі келеді. Тегі ол не жұмысқа болса да бейім. Істеген ісін жапырып өндіріп істейді.Қаршадайынан  байларға  малай  жүріп  ысылған.  Колхоз  қайда  жұмсаса, барады, ерінгенді білмейді.Аурушаң шешеме үйде бірден бір қолғабыс болатын осы кісі.Ол  əйел  жұмысын  да,  еркек  жұмысын  да  талғамай  бəрін  істейді.  Су əкеледі, отын жарады, арпа кеузеп, қол диірменмен талқан тартады.Смағұл шешеме əрі қайын, əрі келіні  есепті. Қажет болса, кір де жуады. Шешем Смағұлды жақсы көреді.Тəтемнің мінезінің шайпаулығы бар. Ашуланса, су тамған ыстық майша шатыр ете қалады. Мен үйде тəтемнен ғана жасқанып, шын қорқамын. Ашуланса ол ұрып та жібереді. Қолы балғадай қатты.Бірге туған ағайым Сатылғанның жасы жиырмаға жаңа ілінген. Азды -көпті оқуы бар, жаңалыққа бейім интеллигентіміз. Мінезі жұмсақ, майда жүріп, майда тұрады. Ешкіммен қақ-соғы болмайды. Аз уақыттан бері қарай Сатылған ауыл советте секретарь болып істейді.Сатылған  жиырма  тоғызыншы  жылдан  бері  комсомол  мүшесі,  қолынан   газет-журнал   түспейді.   Күнде   кешқұрым   сығырайған   бөтел ке шамның түбінде тесіліп кітап оқып отырады.Жиырмасыншы   жылдардың   ортасында   осы   өлкенің   Қолтық   дейтін  жерінен  төте  оқу  бойынша  бастауыш  мектеп  ашылғанда,  Сатылған  сонда  үш  класс  оқып  бітірген.  Кейін  латын  əрпіне  көшкенде оны өздігінен меңгеріп, біліп алған.Сатылған  мінезінің  сынықтығымен  жұрттың  бəріне  жағады.  Біреу ден озсам деп, жағаласуды білмейді. Шамасы келсе, бой түзеп, киініп жүруге тырысады. Ағайым мені ұрмақ түгіл, дауыс көтеріп, ұрсып көрген жан емес. Мен болсам ағайыма тартпағанмын, тез ысып, тез суимын. Ыза болсам,  күйіп-жанып  дызақтап  кетем.  Ойланбай  істеп,  ойланбай  сөйлеп, өкінетін кездерім көп болады. Соңынан сол үшін өзімді өзім жек көріп жүрем.Сатылғанды мен өте сүйетін едім. Ол мен үшін алдымдағы өнеге болатын. Ылғи да жақсы мінез-қылыққа тəрбиелейтін: өтірік айтпау, біреудің бірдеңесін ұрламау, жақсы оқу, темекі тартпау, т.т.Менің  білімге,  адамгершілікке  тəрбиелейтін  түздегі  ұстазым  Сағатбай болғанда, үйдегі ұстазым Сатылған еді.Сатылған Отан соғысынан оралмады.

2-сабақ. Тапсырма

Бақылау сұрақтары

1. Смағұл кім?

2. Смағұлды шешем қалай атайды?

3. Смағұл қандай адам болған?

5. Смағұл үйде қандай жұмыстар істейді?

6. Оның аурушаң шешесіне кім қолғабыс жасайды?

7. Тəтесінің мінезі қандай?

8. Ол  үйде кімнен жасқанып, шын қорқады?

9. Сатылған кім?

10. Сатылғанның жасы нешеде?

11. Сатылғанның мінезі қандай?

12. Сатылған қайда оқыған?

13. Кім жұрттың бəріне ұнайды?

14. Сатылған кім үшін өнеге болатын?

15. Сатылған  оған қандай тəрбие беретін?

16. Сатылған қайдан оралмады?

Тапсырма 2

1. Əңгімені оқып, мазмұндаңыз.

2. Əңгімені үнтаспадан (аудиокассета) тыңдаңыз.

3.  Əңгіме  бойынша  Сатылғанның  мінезін,  іс-қимылын  суреттеп

беріңіз.

4.   Əңгіме   бойынша   Смағұлдың   мінезін,   іс-қимылын   суреттеп

беріңіз.

5. Əңгімеден негізгі  сын есімдерді тауып жазыңыз.

Үлгі: жақсы

6.  Сын  есімдердің  морфологиялық  тəсіл  арқылы  жасалуын  көрсетіп жазыңыз.

Үлгі:Балғадай

7. Əңгімеден омоним болатын сөздерді тауып жазыңыз.

Үлгі: Қолтық, кір, бар.

Тапсырма 3

10. Оқылымға қатысты тапсырманы орындаңыз.

1. Сатылғанның қолынан не түспейді?

1. қалам

2. газет-журнал

3. қағаз

2. Смағұл кімнің інісі?

1. шешемнің

2. менің

3. əкемнің

3. Сөйлемге қажет сөзді табыңыз.

…… əкеледі, …….. жарады, ……. кеузеп, қол диірменмен талқан тартады.

1. отын,  су, нан

2. су, отын, арпа

3. бидай, отын, су

4. Кім ауыл советте секретарь болып жұмыс істейді?

1. Смағұл

2. Сатылған

3. əкем

5. Кім Смағұлды жақсы көреді?

1. Сатылған

2. əкем

3. шешем

6. Сатылғанның мінезі қандай?

1. қатты

2. жұмсақ

3. ашушаң

7. Сөйлемді аяқтаңыз.

Қолынан өрімшілік, ұсталық бəрі ………

1. тұр

2. келеді

3. бар

8. Кімнің қолы балғадай қатты?

1.  тəтемнің

2. Смағұлдың

3.  əкемнің

9. Чего не знает Смагул?

1. таять

2. отчет

3. работа

10. Кто не женат, холост?

1. Продано

2. мой отец

3. Смагул

 

 

 

 

 

Отвечает на вопросы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Завершает задачу

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Читает текст

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Лапа

лак» метод

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Лапа

лак» метод

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Лапа

лак» метод

 

 

 

 

 

 

 

«Лапа

лак» метод

 

Интерак

доска, стикер, смайлик

пот, визуальные эффекты

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Окончание урока 5 мин.

 

 

Заключение.

Он вспоминает и рассказывает о хороших качествах, которые он усвоил на сегодняшнем уроке.

Дает обратную связь к уроку  

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *