Бұрын ылғи құс сайрайтын тереземнің алдында

Бұрын ылғи құс сайрайтын тереземнің алдында

Бұрын ылғи құс сайрайтын тереземнің алдында,
Ала қарға, қарқылдайды…
Нендей сиқыр бар мұнда?!
Көгершіндер, шымшықтар-ау…
Қайда кетіп қалдындар?
Аласапыран, абайсызда айырылып қалдым ба
Нендей сиқыр бар мұнда?!
Алақарға… Алақарға…
Қарасы өшсін құрғырдың
Шымшықтардың шырылы мен үні қайда
Шынашақтай бұлбұлдың?!
Құстарымды тереземнен кім қуды?!
Мен қудым ба?\’
Жын қуды ма?
Әлде өзім алақарға!
Жігерімді құм қылдың…
Мұқағали Мақатаев

Оставьте комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Bilimger.kz Республикалық білім және ғылым порталы Республикалық білім және ғылым порталы ✅ ҚР Мәдениет және Ақпарат министрлігі тіркелген 📋 Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718
Прокрутить вверх